http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00
Соңғы оқиғалар
АКПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
28 Шілде 2017 Жыл • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0

АКПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» КММ-сі 2017 жылғы 15 тамызда сағат 10-00 www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында коммуналдық меншіктегі нысандарды сату жөнінде электрондық аукцион өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Коммуналдық меншіктегі нысандарды сату жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» сәйкес жүргізіледі. Электрондық аукционға келесі объектілері қойылады.
Бағаны төмендету әдісімен сауда-саттыққа:
1. Автомашина ВАЗ 21070, мем. номер Н 164 ВА, 2004 жылы шығарылған. Бастапқы бағасы 152000,0 тенге,ең төменгі бағасы белгіленбейді, кепілдік жарнаның мөлшері 22800,0 тенге.
2. Автомашина ВАЗ 21213, мем. номер Н 105 ВА, 2004 жылы шығарылған. Бастапқы бағасы 347000,0 тенге,ең төменгі бағасы белгіленбейді, кепілдік жарнаның мөлшері 52050,0 тенге.
3. Автомашина ВАЗ 21214, мем. номер 216 АК 08, 2008 жылы шығарылған. Бастапқы бағасы 346000,0 тенге,ең төменгі бағасы белгіленбейді, кепілдік жарнаның мөлшері 51900,0 тенге.
4. Автомашина ВАЗ 21070, мем номер Н 125 ВА, 2004 жылы шығарылған. Бастапқы бағасы 175000,0 тенге,ең төменгі бағасы белгіленбейді, кепілдік жарнаның мөлшері 26250,0 тенге.
Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және 2017 жылдың 15 тамызда сағат 08-00 -де аяқталады.
Қатысушылар кепілдік жарнаны «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның транзиттік есеп-шотына төленеді: БСН: 050540004455, ТТК: 171, Кбе: 16,
«Астана Банкі» АҚ есеп-айрысу шоты: (IBAN/ИИК) KZ914500339860000351, БСК: ASFBKZKA,
«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ есеп-айрысу шоты: (IBAN/ИИК) KZ529261501102032004 БСК: KZKOKZKX, (банктік қызмет есебі кепілдік жарна төлемінің ішіне кірмейді). Төлемнің белгіленуі: аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.
Қатысушыларға кепілдік жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілдік жарнаны енгізген жекешелендіру нысанын сатып алу құқығын береді.
Жекешелендіру объектісін жалғыз қатысушыға сатуға жол беріледі.
Назар аударыңыз! Қатысушының осы Қағиданың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыларды аукционға жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі бойынша аукцион ережесі:
аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру
объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.
Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушв бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып табылады.
Осы Қағиданың 48-тармағында көрсетілген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастыратын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Егер жеңімпаз аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 49 және 50-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаса, сатушы тізілім веб-порталында қалыптастыратын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа тағы да шығарылады. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Е.Сауранбекұлы көш. №2 мекен-жайда, жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
Бұл ретте, Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:
заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың;
Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Аукционға қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түспеуі туралы мәліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде жүргізіледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтта және мына телефон арқылы алуға болады: 8(72635) 2-11-64.

Бөлім басшысы Н.Абдибеков

CopyToBlog Блокқа көшіріп жазу DiscussNews Түсіндірмелер Версия для печати Қағаз бетіне басып шағару нұсқасы
Добавить реплику
Имя (ник)*
Email
Сообщение*
Секретный Код:
Внимание! Реплики, не имеющие отношения к материалу, реплики, содержащие нецензурные выражения, а так же реплики, рекламного характера, призывающие посетить тот или иной ресурс в сети, удаляются модератором без объяснения причин
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 1 қыркүйекке дейін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.
16 Тамыз 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Деструктивті діни ағымдардың белгілері
7 Тамыз 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
ЭКСПО-ны тамашалауға барған оқушылардың қонақ үйлерге орналастырылмауы бойынша хабарлаймыз
7 Тамыз 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
2017 жылғы тамыз айына арналған алыс елді мекендерге мобильді халыққа қызмет көрсету қызметінің кестесі
3 Тамыз 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
«Айбыны асқақ, тұғыры биік – Астана!»
10 Шілде 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'