http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00
Соңғы оқиғалар
ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН
28 Маусым 2017 Жыл • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0

ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН
Бүгінде қандастарымыздың көбінің топ-тобымен жат діннің жетегінде жүргені жасырын емес. Бұған көп нәрсе себеп. Соның бірі кешегі кер замандағы үстемдік еткен жетпіс жылдық діни нигилизмнің салқыны деуге болады. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңаша шешімдер қабылдау қажеттілік етті. Егемендікті еселеу жолында батыл қадамдар жасалып жатты. Соған қарамастан кейбір қателіктер болмай қалған жоқ. Сондай олқылық «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңда орын алды.
Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Осыған орай білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қазақ қоғамы үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы мәселе тұр. Сондай-ақ, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып, мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, еңбектері, дін ғұламалары жайлы білуі керек.
Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.
Ал қазіргі таңда дінге бет бұрған жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында Ислам мемлекеттеріне барып, ілім ізденіп келушілердің саны көбейді. Сол жастарымыздың Исламның қазақ қоғамының дәстүрлі ұстанымы мен ерекшеліктеріне, құндылықтарына ешқандай да қарама-қайшылық туғызбайтын тәлім үйреніп келіп жатқандар бар. Десекте, діни сауаттығының таяздығынан жат елде алып жатқан ілімнің парқына бармай, қазақтың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерін мүлдем жоққа шығарып, кейбір мемлекеттердің идеологияларын алып, бүгінде ел арасына іріткі салып жүрген жастар да аз емес.2011 жылы Қазақстан Респуб­ли­­­­ка­­сының «Діни қызмет және ді­­ни бірлестіктер туралы» Заңы өз кү­­ші­­не енді, онда біз алғаш рет ханафи бағытындағы исламның және право­­слав­­тық христиандықтың халық мә­­де­­ниетінің дамуы мен рухани өмі­­рін­­­­дегі тарихи рөлін атап өттік. Діни бірлестіктерді қайта тіркеу­дің нәтижесінде өткен жылы еліміз­дегі конфессиялардың нақты саны белгіленді. Қорыта келе, қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі.
«Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы әкімінің аппараты» КММ-сі бас маман А. Алимбекова

CopyToBlog Блокқа көшіріп жазу DiscussNews Түсіндірмелер Версия для печати Қағаз бетіне басып шағару нұсқасы
Добавить реплику
Имя (ник)*
Email
Сообщение*
Секретный Код:
Внимание! Реплики, не имеющие отношения к материалу, реплики, содержащие нецензурные выражения, а так же реплики, рекламного характера, призывающие посетить тот или иной ресурс в сети, удаляются модератором без объяснения причин
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге мәлімет үшін
8 Желтоқсан 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы
7 Желтоқсан 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
«Ардагерлерді ардақтайық»
6 Желтоқсан 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Үлгілі кітапхана
5 Желтоқсан 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Конкурс комиссиясының жұмысына баға берілді
5 Желтоқсан 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'