http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00
Соңғы оқиғалар
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы
3 Сәуір 2017 Жыл • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімі 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу
қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 181 қаулысымен
бекітілген
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс жылдың басында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
2. Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі – үміткерлер) қатысады. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.
3. Конкурстың жеңімпаз отбасысы жалпыға ортақ интерактивті дауыс беру негізінде айқындалады.
4. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
5. Мыналар:
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
6. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуімен өткізіледі.
Конкурсты ұйымдастырушылар «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.08.2015 № 640 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру наурыздың 15-31 аралығында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
8. Конкурс үш кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең — аудандық (қалалық), екінші — өңірлік, үшінші — ұлттық.
9. Жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейдегі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын айқындау бойынша өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялар құрады, сондай-ақ комиссия туралы ережені және іріктеу критерийлерін бекітеді.
10. Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Қағидаларға
қосымшаға сәйкес нысан бойынша) аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын
құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы
куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы
куәліктің көшірмесі — бар болса;
5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
11. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
12. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
13. Ұйымдастырушылар:
1) барлық үміткерлерге тең жағдайды;
2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырын болуын;
3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің ресми жарияланатын күнінен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.
14. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде аудандық конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөнінде алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, содан кейін екі жұмыс күні ішінде аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген төрт қатысушының (отбасының) конкурстық материалдарын өңірлік комиссияларға жібереді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.08.2015 № 640 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15. Өңірлік комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан материалдарды алған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде екі үздік отбасын іріктеуді жүргізеді, қажет болған жағдайда ұсынылған материалдарға қосымша тексеруді жүзеге асырады және облыстық конкурстың жеңімпаздары айқындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдерімен келісілген өз шешімдерін осы Қағидалардың
10-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен бірге, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – комиссия) жібереді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.08.2015 № 640 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16. Өңірлік және аудандық комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы — таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;
4) балаларының жетістіктері;
5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері;
6)
алып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.08.2015 № 640 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) отбасы құрамы (отбасы мүшелерін саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
8) отбасының дарындары;
9) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.);
10) отбасының қоғамдағы беделі.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.08.2015 № 640 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Комиссия өңірлік комиссиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарағаннан кейін 10 күн ішінде бағдарламалар циклын әзірлеу үшін мемлекеттік телеарнаға іріктеу туралы, сондай-ақ лауреат атағын тағайындау жөніндегі үміткер отбасылар туралы материалдарды жолдайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.08.2015 № 640 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18. Жеңімпаздарды іріктеуге смс-хабарламалар және интернет-ресурс арқылы интерактивті дауыс беру жолымен елдің барлық тұрғындары белсенді түрде қатысады.
Интерактивті дауыс беру мерзімдерін конкурс ұйымдастырушылары айқындайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.08.2015 № 640 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19. Комиссия интерактиві дауыс берудің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпазын айқындайды.
20. Көрермендердің басым көпшілігі дауыс берген отбасыға «Мерейлі отбасы» лауреаты атағы, диплом мен ерекшелік белгісі (мүсінше) беріледі.
21. Конкурс лауреатын марапаттау рәсімі жыл сайын салтанатты түрде өткізіледі.
22. Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
23. Конкурс лауреаты атағын қайталап беруге жол берілмейді.
3. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері
24. Ұйымдастыру комитеті ұйымдастырушылық, техникалық, қаржылық, шығармашылық мәселелерді, іс-қимылдарды немесе конкурсты дайындау және өткізу бойынша жұмыс бағыттарын келісу мәселелерін пысықтайды, сондай-ақ Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің ұсыныстарын, қоғамдық бастамаларды қарайды.
Ұйымдастыру комитетінің міндеттеріне мыналар жатады:
1) конкурстың басталуы туралы көпшілікке жариялау;
2) конкурстың іріктеу айналымына дайындық және оны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмысын үйлестіру;
3) конкурстың имидждін жарнамалық науқанын бекіту;
4) конкурстың барлық кезеңдеріне дайындықты және өткізуді үйлестіру;
5) БАҚ-пен жұмыс;
6) конкурс бағдарламасына өзгерістер енгізу;
7) өңірлердегі конкурстың іріктеу айналымдарын өткізу қорытындылары туралы жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау;
8) конкурстың финалдық айналымына қатысуға өтінімдерді жинау, өтінімдерді рәсімдеу мен берілуінің конкурс талаптары мен шарттарына сәйкестігін тексеру;
9) алдын ала қарау үшін өтінімдерді өңдеу;
10) конкурстың қазылар алқасының құрамын құру және оның қызметін үйлестіру;
11) конкурстың финалдық айналымын, конкурс номинанттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімін бақылау, ұйымдастыру және өткізу.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын
өткізу қағидаларына
қосымша
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған
өтінім
Отағасының (әкесінің немесе анасының) деректері:
1. Т.А.Ә. ___________________________________________________________
2. Жасы _____________________________________________________________
3. Білім Жынысы _____________________________________________________
4. Жұмысы ___________________________________________________________
5. Тұрғылықты мекені ________________________________________________
6. Отбасы құрамы туралы мәліметтер __________________________________
7. Отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) немен жақсы атағы шыққан
_____________________________________________________________________
8. Наградаларының, марапаттарының болуы мен түрлері _________________
9. Отбасының әрбір мүшесінің деректері:
10. Т.А.Ә. __________________________________________________________
11. Жасы ____________________________________________________________
12. Білімі __________________________________________________________
13. Жұмысы __________________________________________________________
14. Тұрғылықты жері (мекенжайы және тел.) ___________________________
15. Отбасы түрі (2-,3-,4-ұрпақ және т.с.с) __________________________
16. Отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі ______________________
17. Ата-ананың қандай қасиеті тәрбиеге негіз болады _________________
18. Отбасында қандай отбасылық дәстүрлер сақталған __________________
_____________________________________________________________________
19. Отбасылық қатынастар қандай қағидаттарға сүйенеді _______________
_____________________________________________________________________
20. Ұстаздардың, педагогтардың, тәрбиешілердің ықпалы _______________
_____________________________________________________________________
21. Отбасы өмірінен қызықты оқиғалар ________________________________
_____________________________________________________________________
22. Отбасылық фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)
_____________________________________________________________________
Қолы
Күні
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 640 қаулысы
· Ресми жарияланым
· Басқа
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 126-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу
қағидаларында:
6-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Конкурс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуімен өткізіледі.»;
14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде аудандық конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөнінде алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, содан кейін екі жұмыс күні ішінде аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген төрт қатысушының (отбасының) конкурстық материалдарын өңірлік комиссияларға жібереді.
15. Өңірлік комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан материалдарды алған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде екі үздік отбасын іріктеуді жүргізеді, қажет болған жағдайда ұсынылған материалдарға қосымша тексеруді жүзеге асырады және облыстық конкурстың жеңімпаздары айқындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдерімен келісілген өз шешімдерін осы Қағидалардың
10-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен бірге, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – комиссия) жібереді.»;
16-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Комиссия өңірлік комиссиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарағаннан кейін 10 күн ішінде бағдарламалар циклын әзірлеу үшін мемлекеттік телеарнаға іріктеу туралы, сондай-ақ лауреат атағын тағайындау жөніндегі үміткер отбасылар туралы материалдарды жолдайды.
18. Жеңімпаздарды іріктеуге смс-хабарламалар және интернет-ресурс арқылы интерактивті дауыс беру жолымен елдің барлық тұрғындары белсенді түрде қатысады.
Интерактивті дауыс беру мерзімдерін конкурс ұйымдастырушылары айқындайды.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімі


Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиіс
Өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында:
1. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) жыл сайын өткізілетін болып белгіленсін.
2. Конкурстың лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия туралы ереже;
2) Комиссияның лауазымдық құрамы бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Конкурсты өткізу қағидаларын бекітсін;
2) осы өкімді іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 250 өкімімен бекітілген
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатарынан және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы айқындайтын оның бес мүшесінен қалыптастырылады.
Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі - Ұлттық комиссия), сондай-ақ Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың (бұдан әрі - өңірлік комиссиялар) қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911 Жарлығымен.

2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
4. Комиссияның міндеттері:
1) "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының (бұдан әрі – конкурс) лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі – үміткерлер) материалдарын қарау;
2) конкурстың жеңімпазын айқындау болып табылады.
5. Комиссияның:
1) конкурсты өткізуге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасуға;
2) конкурсты ұйымдастырушылардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті қосымша материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар;
3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтары бар.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссия құрамына:
1) Комиссия төрағасы;
2) Комиссия төрағасының орынбасары;
3) Комиссия хатшысы;
4) Комиссия мүшелері кіреді.
7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
Диплом мен айырым белгісінің (мүсіншені) сипаттамасын Комиссия төрағасы бекітеді.
8. Комиссия хатшысы Комиссия мүшелерінің қарауына жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды ұсынады.
9. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі болып табылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911 Жарлығымен.

10. Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар жүктеледі:
1) бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың ресми интернет-ресурстары арқылы конкурсты өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы хабарлау;
2) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;
3) конкурс лауреаттарын марапаттау салтанатын ұйымдастыру;
4) конкурс лауреаттарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу.
11. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ жартыжылдықта бір реттен жиі өткізілмейді. Комиссия отырысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда ол заңды деп саналады.
12. Комиссияның конкурс лауреаты атағын беру туралы шешімі отырыс хаттамасымен ресімделеді және оған Комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды.
13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 250 өкімімен бекітілген
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын
беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 11.04.2014 N 795; 17.09.2014 № 911; 14.03.2017 № 446 Жарлықтарымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның төрағасы, төраға
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның хатшысы, Комиссия хатшысы
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның 5 мүшесі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter

CopyToBlog Блокқа көшіріп жазу DiscussNews Түсіндірмелер Версия для печати Қағаз бетіне басып шағару нұсқасы
Добавить реплику
Имя (ник)*
Email
Сообщение*
Секретный Код:
Внимание! Реплики, не имеющие отношения к материалу, реплики, содержащие нецензурные выражения, а так же реплики, рекламного характера, призывающие посетить тот или иной ресурс в сети, удаляются модератором без объяснения причин
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
«Айбыны асқақ, тұғыры биік – Астана!»
10 Шілде 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
«6 шілде – Астана күні»
10 Шілде 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
АКПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
10 Шілде 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
2017 жылғы шілде айына арналған алыс елді мекендерге мобильді халыққа қызмет көрсету қызметінің кестесі
30 Маусым 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ
Сыбайластық жемқорлыққа қарсы – мәдениетті қалыптасыру.
28 Маусым 2017 Жыл • Управление внутренней политики • 0 қарап шығу • түсіндірмелер 0
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'