http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Жуалы ауданына қарасты Билікөл ауылдық округі Жылыбұлақ ауылындағы Шоссейная көшесі тұрғындарының және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысының ХАТТАМАСЫ

 

 

Жуалы ауданына қарасты Билікөл ауылдық округі  Жылыбұлақ ауылындағы  Шоссейная   көшесі тұрғындарының  және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің  жиналысының    
 ХАТТАМАСЫ
 
Жылыбұлақ ауылы.                                                            23.10.2017 жыл.
                                                                                                             сағ: 10.00
 
Жиналыс төрағасы:   Г.Сапарбеков
Жиналыс хатшысы:  Ә.Жарылқапов
Жиналысқа қатысқандар: Е.Абсалямов - ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы
1) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны -  11
2) Шоссейная көшесі тұрғындарының саны – 40
 
Күн тәртібінде:
Жуалы  ауданы  Билікөл ауылдық округі  Жылыбұлақ ауылындағы идеологиялық тұрғыдан  мағынасы  ескірген   Шоссейная  көшесін – Нұр көшесі деп қайта атау туралы.
 
 
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  Г.Сапарбеков, М.Жанқожаев, Б.Омаров, М.Косаров  сөз сөйледі.
 
Г.Сапарбеков: Билікөл ауылдық округінің әкімі: Бүгінгі жиынға Шоссейная көшесінен барлығы 40 адам, 11 жергілікті қоғамдастық мүшелері  және ардагерлер Кеңесінің төрағасы қатысып отыр. Ауылдық округ әкімдігіне көше тұрғындарынан түскен ұсыныста Шоссейная көшесін «Нұр» көшесі деп қайта атау қажеттігін сұрап жазылған. Жыл басында облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өлкедегі идеологиялық мағынасы тұрғыдан ескірген көшелерді тарихи жер-су атауларымен өзгерту туралы тапсырма берілген болатын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 Қаулысы талаптарын сақтай отырып, Жылыбұлақ ауылындағы идеологиялық тұрғыдан атауы ескірген, мән-мағынасын жоғалтқан Шоссейная көшесінің атауын жаңарту мақсатында ауыл тұрғындарының пікірін, яғни, сіздердің пікірлеріңізді ескере отырып көше атауы өзгертіледі.   Талап бойынша тек қана байырғы дәстүрлі, тарихи және топонимикалық жер, су аттарымен ғана атауға болады. Осыған орай  әрқайсыңыз өз ойларыңызды  ортаға салыңыздар.     
           М.Жанқожаев: Округ әкімі айтып жеткізгендей ауданымыздағы ауылдар мен көшелердің ескі орысша атауларының барлығы өзгертілген. Біздің ауылда да осы Шоссейная  көшесінің атауын өзгерту қажет-ақ. Балалардың ертеңгі болашағын, еліміздің татулығын ойлайтын уақыт. Әр ауылда береке, бірлік,  ынтымақ болса, сол елдің болашағы жарқын, нұрлы болатыны сөзсіз. Сондықтан Шоссейная көшесін – «Нұр»   көшесі   деп  жаңа атауды  беруді  дұрыс санаймын.    
           Б.Омаров :  Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгелі  шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы мемлекет болды. Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп санаймын. Осы біздің көшемізде жас отбасылар жер алып, жаңа тұрғын үйлер соғылып жатыр. Жаңа үйлерде отау тігіп, қоныстанған жастарымыздың болашақ тұрмыстары жарқын болсын деп, көшеміздің  «Нұр» аталуына барлық тұрғындарды шақырамын.
           М.Косаров: Менің айтарым, көше атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналыс өте орынды. Бұл дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен  мәселе деп есептеймін.
           Г.Сапарбеков: Билікөл ауылдық округінің әкімі:  «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының  1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы  14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2014 жылғы  24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.
           Қарсы - жоқ.
           Қалыс - жоқ.
           Қолдағандар саны - 40 адам.
           Ауылдық округ әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша  Шоссейная көшесін – Нұр көшесі деп қайта атау туралы ұсынысын көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.
 
Билікөл ауылдық округінің әкімдігі
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
 
1. Жуалы ауданы  Билікөл ауылдық округі Жылыбұлақ ауылындағы  мағынасы  ескірген  Шоссейная  көшесін   «Нұр» көшесі деп  қайта аталсын.    
2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.
 
 
 
           Жиналыс төрағасы:                                                       Г.Сапарбеков
 
           Жиналыс хатшысы:                                                        Ә.Жарылқапов
 
 
 
23.10.2017 жыл                                                                      8
 
 Билікөл ауылдық округінің
Жылыбұлақ  ауылындағы
көше атауын өзгерту туралы
 
 
         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының  пікірін ескеру қағидаларын  бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысының 9- тармағы,  «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  Қазақстан  Республикасының  1993 жылғы  8 желтоқсандағы  Заңының 14-1 бабына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округінің әкімі  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:   
         1. Билікөл ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылындағы «Шоссейная» көшесі  «Нұр» көшесі болып қайта аталсын.
2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
 
 

Округ әкімі                                                                                Г.Сапарбеков     

Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'