http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Хабарландыру

 

 

Хабарландыру
 
         1. 2017 жылдың  23 қазанда сағ 10.00-де Ақтөбе ауылдық клубында «Советская» көшесін «Руханият», «Железнодорожная» көшесін «Қайнар бұлақ», «Набережная» көшесін «Жаңа тұрмыс» деп атауын өзгерту бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтеді.
         2. 2017 жылдың  23 қазанда сағ 12.00-де Теріс-Ащыбұлақ бастауыш мектебінің акт залында «Центральная» көшесін «Айнабұлақ», «Мира» көшесін «Арай», «Южная» көшесін «Мереке» деп атауын өзгерту бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтеді.
 

 

 Қызыларық ауылдық округі әкімінің аппараты.
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы                     2 наурыздағы  тапсырмасы және 2017 жылғы 11 қыркүйектегі көше тұрғындарының ұсынысы негізінде Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылындағы мағынасы ескірген Советская көшесін – Руханият, Железнодорожная көшесін – Қайнар бұлақ, Набережная көшесін – Жаңа тұрмыс деп қайта атау және Теріс-Ащыбұлақ ауылындағы мағынасы ескірген Центральная көшесін – Айнабұлақ, Мира көшесін – Арай, Южная көшесін – Мереке деп қайта атау ұсынысы жергілікті жердегі тұрғындар арасында бастама көтерілуде.
         Ақтөбе ауылындағы Советская - көшесі ауылдың орталығында орналасқан, тұрғын үй саны-72, халық саны – 460, көше ұзындығы 2 км. Көше асфальтталған, жарық тартылған, көше бойында ауылдық клуб, кітапхана, бала-бақша, медициналық пункт, 4 дүкен орналасқан.
Железнодорожная - көшесі ауылдың оңтүстік –шығысында орналасқан, тұрғын үй саны-43, халық саны – 275, көше ұзындығы 1 км. Көше асфальтталмаған, жарықтандырылмаған, көше бойында мешіт, мектеп орналасқан.
Набережная - көшесі ауылдың солтүстік –шығысында орналасқан, тұрғын үй саны-26, халық саны – 168, көше ұзындығы 1,2 км. Көше асфальтталмаған, жарықтандырылмаған.
Ақтөбе ауылындағы 3 көшенің құжаттары сақталмаған. Аудандық, облыстық архивтерден табылмады. Аталған 3 көше «Мекен-жай» тіркелімі ақпараттық базасында тіркелген.
         Теріс-Ащыбұлақ ауылындағы Центральная - көшесі ауылдың солтүстік –шығысында орналасқан, тұрғын үй саны - 14, халық саны – 64, көше ұзындығы     1 км. Көше асфальтталған, жарықтандырылмаған, көше бойында мектеп, 1 дүкен орналасқан.
Мира - көшесі ауылдың орталығында орналасқан, тұрғын үй саны - 14, халық саны – 61, көше ұзындығы 0,7 км. Көше асфальтталмаған, жарықтандырылмаған.
Южная - көшесі ауылдың оңтүстік – шығысында орналасқан, тұрғын үй         саны - 10, халық саны – 44, көше ұзындығы 0,7 км. Көше асфальтталмаған, жарықтандырылмаған.
         Теріс-Ащыбұлақ ауылындағы 3 көшенің құжаттары сақталмаған. Аудандық, облыстық архивтерден табылмады. Аталған 3 көше «Мекен-жай» тіркелімі ақпараттық базасында тіркелген.
 
                     Көшелерге берілетін жаңа атаулардың түсіндермесі
 
         Руханият - адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның руханилығы жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді. Адамгершілік қасиеттерді қастерлейтін адам белгілі бір рухани мұраттар мен құндылықтарды ұстанады. Олардың әрекеттерінен мейірімділік, ар сақтау, ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады.
         Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар.Рухани мәдениет адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы көрінеді. Адамның адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы- руханилықтың негізі. Ал өнерәдебиетғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену арқасында келеді.
         Қайнар бұлақ — жер жарықтарымен, тау жыныстардың қуыстарымен өрлей қозгалған жер асты суларының жер бетіне тегеурінмен (гидростатикалык қысым) шығуы. Озен арналарында, өзен аңғарларының беткейлерінде, табанында, жыраларда болады. Бұлақ (көз, бастау, қайнар) - жер асты суларының жер бетіне (кейде су астына) өздігінен шоғырлана шығатын жері. Бұлақтар әр түрлі белгілері бойынша тұмақайнартермалды бұлақжалғасты бұлақ және т.б. делініп бірнеше топқа бөлінеді. Суы тұщы, әсіресе мол өнімді Бұлақтар елді мекендерді ауыз сумен, шаруа қожалықтарын керекті сумен камтамасыз етуге, жер суаруға кеңінен пайдаланылады. 
         Жаңатұрмыс – Набережная көшесіне қойылған атау. Көше ұзындығы       1,2 шақырым. Набережная көшесінен жас отбасылар  жер учаскелерін алып, жаңа үйлер салынып жатыр.Көше  халықының  саны өсіп, түрленуіне байланысты, көшеге – Жаңатұрмыс деген атау беріліп отыр.
         Айнабұлақ . Бұлақ (көз, бастау, қайнар) - жер асты суларының жер бетіне (кейде су астына) өздігінен шоғырлана шығатын жері. Бұлақтар әр түрлі белгілері бойынша тұмақайнартермалды бұлақжалғасты бұлақ және т.б. делініп бірнеше топқа бөлінеді. Суы тұщы, әсіресе мол өнімді Бұлақтар елді мекендерді ауыз сумен, шаруа қожалықтарын керекті сумен камтамасыз етуге, жер суаруға кеңінен пайдаланылады. Центральная көшесінің маңында көптеген бұлақтар бар. Олардың көбісі ауыл маңындағы Теріс өзеніне барып құяды. Бұл бұлақтардың мөлдірлігі, айнадай тазалығына байланысты, көшеге - айнабұлақ атауы ұсынылып отыр
         Арай, шапақіңір — Күн шығар кездегі немесе оның батар алдындағы атмосферадағы әсем жарық құбылыстардың жиынтығы. Күннің көкжиек сызығына қатысты орналасуына сәйкес аспан бояуларының ауысымын көрсетеді. Кешкі арай және таңғы арай деп бөлінеді. Көше тұрғындар әр бір арайлап атқан таңдары, шуақты, табысты болсын деп арай атауын ұсынып отыр.
         Мереке – Южная көшесіне беріліп отқан жаңа атау. Көше халқының аздығына қарамастан, бұл көшеде әр бір мереке, мейрам тұтастай көше халқының қатысуымен өтіп тұрады. Соған байланысты, көше тұрғындары мереке, мейрам көп болып, татулықтары әрі қарай жалғасын таба берсін деп, көшеге Мереке атауын ұсынып отыр.
 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'