http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Хабарландыру

 

 

Хабарландыру
2017 жылдың 23 қазан күні сағат 16-00 – де «Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылының әкімі аппараты» КММ-сінің мәжіліс залында «Фестивальная» тұйығы, «1 Совхозная» тұйығы, «2- Совхозная» тұйығы тұрғындарымен жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтеді.
Күн тәртібінде:
1.       «Фестивальная» тұйығының атауын «Атамекен» деп , «1- Совхозная» тұйығы атауын «Кеңбұлақ» деп , «2- Совхозная» тұйығын «Өркениет» деп өзгерту туралы мәселе қаралады.

 

Б.Момышұлы ауылы әкімінің аппараты
 
 
 
 
 
 
Көшелерге берілетін жаңа атаулардың түсіндірмесі
 
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің 14.11.2011 жылғы № 133 шешімімен  2- Совхозная тұйығы, 1- Совхозная тұйығы, Фестивальная тұйығы  болып бекітілген. Көшелердің атауы өзгергені туралы облыстық, аудандық мұрағатта мәлімет жоқ. Себебі  жаңа құрылыс алаңдары.
Фестивальная тұйығы  ұзындығы  -800 метр, жарықтандырылған, газ жүргізілген және асфальт төселген, қазіргі заманға сай абаттандырылған.           Соғылған тұрғын үйлер саны – 9, тұрғылықты халық саны-42 адам. Құрлысы толықтай бітпеген үйлер саны-8. Қазіргі уақытта бұл көшеде жаңадан үйлер соғылған, бір қатар тұрғын үйлердің құрылысы басталып, толық аяқталмаған.      
1-Совхозная тұйығы ұзындығы -300 метр, жарықтандырылған, газ жүргізілген және асфальт төселген. Соғылған тұрғын үй саны -5, тұрғылықты халық саны- 22 адам, құрылысы толықтай бітпеген үй саны- 10.     
2- Совхозная тұйығы ұзындығы -300 метр, жарықтандырылған, газ жүргізілген және асфальт төселген. Соғылған тұрғын үй саны -4, тұрғылықты халық саны- 30 адам, құрылысы толықтай бітпеген үй саны- 12.
Бауыржан Момышұлы ауылындағы мағынасы ескірген Фестивальная тұйығына- Атамекен көшесі, 1 Совхозная тұйығын- Кеңбұлақ көшесі, 2 Совхозная тұйығын – Өркениет көшесі деп қайта атауға  ( көше атауы жазылған ( аншлаг) көрсеткіш тақтасын орнатуға) байланысты қаржылық шығын 36 000 мың теңге жергілікті бюджет есебінен жұмсалатын болады.
Атамекен атадан балаға мұра болып қалып отыратын, "кіндік қаны тамған" жер. Әуелде жалпы түркі қауымына ортақ "ата" сөзімен бірігіп "ата қоныс" үғымында түсінілген. Кейін келе мағынасы кеңейіп, "ата-бабалар мекен еткен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған ең асыл мұрасы" деген ұғымды меңзейтін термин түрінде орныққан. "Ата" - көне түркі дәуірлерінде әрі колбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау. "Ата" сөзі тіркескен қасиетті орындардың бәрі де сондай адамдардың аттарымен байланысты. Атамекен осындай жерді, мекенді киелі рухқа теңеуден шыққан. Атамекен ежелгі замандарда ру, тайпа иелігіндегі белгілі бір аймақ, өңір болса, бертін келе туған жер, Отан ұғымдарының баламасына айналған. Ол - елдіктің, мемлекеттіліктің негізі.
Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең кымбаттты, ең қасиетті, ең аяулысы - Анасына балайды. Туған жерге қатынас - адамның адамшылығының,  ізгілігінің, парасатының көрінісі. Туған жер- белгілі бір адам үшін , жанын пида ғып күресіп келе жатқан құт мекені. Сондықтан көше тұрғындары осы Фестивальная тұйығын Атамекен көшесі деп қайта атауды сұрайды.
Өркениет – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы.Қазақ елінің өзіндік қалыптасқан мәдениеті бар. Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз өркендеп дамуда. Сондықтан көше тұрғындары осы 2 Совхозная тұйығын Өркениет көшесі деп қайта атауды сұрайды.
Кеңбұлақ –1- Совхозная тұйығы орналасқан жердің көне атауы. Ауыл тұрғындары  сол бұлақтың суын пайдаланған. Ертеректе ауыл мен бұлақтың ара қашықтығы кең болған.Бірнеше бұлақ көздері болған. Бертін келе, тұрғын үйлер салынып, көше атауы 1- Совхозная болып бекітілген. Қазірде көшенің бас жағында бұлақ бастауы бар. Бұлақ суы мөлдір, таза, шөлдегенде шөліңді басатындықтан, ауыл тұрғындары сол бұлақ суын пайдаланады Сондықтан көше тұрғындары осы 1 Совхозная тұйығын Кеңбұлақ көшесі деп қайта атауды сұрайды.
 
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылы әкімінің аппараты» КММ-сі
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'