http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 1 қыркүйекке дейін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды

 

 

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 1 қыркүйекке дейін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін мына бағыттар бойынша үміткерлерге конкурс жүргізу туралы жариялайды:
1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
5) демография проблемаларын шешу;
6) гендерлік проблемаларды шешу;
7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
11) мәдениет пен өнерді дамыту;
12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;
14) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;
15) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша жүзеге асырылады.
Қатысуға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық үкіметтік емес ұйымдарға рұқсат етіледі.
Сыйлықақыны алуға үкіметтік емес ұйымдарды ілгерілетуді үкіметтік емес ұйымның өзі, басқа үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Бір үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық  ұсын алмайды. Сыйлықақыны алуға бір үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді.
Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.
Сыйлықақыны алу үшін өтінімдерді ұсынуға арналған тізбе мыналарды:
1)   өтініш (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған, үкіметтік емес ұйым қызметінің өзектілігі мен маңыздылығын сипаттайтын үкіметтік емес ұйымның, мемлекеттік органның ресми бланкідегі, сондай-ақ А4 форматындағы екі парақтан көп емес құрылтай құжаттарының көшірмелері);
2)   мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелерін;
3)   үкіметтік емес ұйымның қызметі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша әлеуметтік міндеттерді шешудегі үлесі туралы сипаттаманы                                                   (А4 форматындағы екі парақтан көп емес);
4)   өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) өкілдерінің ұсынымдарын (екіден кем емес);
5)   марапат сертификаттар, дипломдар, алғыс (егер бар болса) көшірмелерін;
6)   үкіметтік емес ұйымның банк деректемелерін қамтиды.

 

Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдерДін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында                            PDF-форматта) 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8 (Орынбор көшесі 8), «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісіндегі 265-кабинет. Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 05 11, 74 09 97.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'