http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы негізінде Қызыларық ауылдық округі Теріс-Ащыбұлақ ауылындағы атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген Мира, Центральная, Южная көшелерін жаңарту мақсатында көше тұрғындарының қатысуымен өткен жиынның Х А Т

 

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы негізінде
 Қызыларық  ауылдық округі Теріс-Ащыбұлақ ауылындағы атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген Мира, Центральная, Южная көшелерін жаңарту мақсатында  көше тұрғындарының қатысуымен өткен жиынның
Х А Т Т А М А С Ы
 
Теріс-Ащыбұлақ  ауылы                                                                  19.06.2017 жыл
Сағат:17-00
 
Жиналыс төрағасы: Е.Сейдалиев – Қызыларық ауылдық округінің әкімі
Жиналыс хатшысы: Н.Сырлан – бас маман
Жиналысқа қатысқандар:Теріс-Ащыбұлақ  ауылының тұрғындары - 26 адам.
 
 
Күн тәртібінде:
 
1.     Қызыларық ауылдық округі Теріс-Ащыбұлақ ауылындағы атауы ескірген Центральная, Мира, Южная көшелеріне жаңадан атау беру туралы. 
 
2.     Пікір алмасу.
 
Тыңдалды:
 
Жиналысты Қызыларық ауылдық округінің әкімі Е.Сейдалиев ашып, күн тәртібінде талқыланатын мәселемен таныстырды.
1. Ерлан Сейдалиев: Бүгінгі жиынның күн тәртінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы  24 ақпандағы №138 қаулы талаптарынсақтай отырып, Теріс-Ащыбұлақауылындағы идеологиялық тұрғыдан атаулары ескірген Центральная, Мира, Южная көше аттарын жаңарту мақсатында халық пікірін, яғни, сіздердің пікірлеріңізді ескере отырып жаңа жоба ұсынысын жасау. Ағымдағы жылы Елбасы Н.Назарбаевтың нақты тапсырмасын орындау мақсатында аталған көшелерге кісі есімдері мүлдем берілмейтінін ескергім келеді. Талап бойынша тек байырғы дәстүрлі тархи және топонимикалық жер су аттарымен атауға болады. Олай болса, кімде қандай ұсыныстарыңыз бар?   
2. Мусрепбекова Күміскүл - Теріс-Ащыбұлақ бастауыш мектебінің директоры: Көшеге атау беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ауылымыз Теріс өзені маңында орналасқан. Айналасында бұлақтар көп, сондықтан, Центральная көшесінің атауы «Айнабұлақ» көшесі деген атаумен аталса деген пікір білдіремін.
3. Асанова Жанар - ауыл тұрғыны: Кеңес дәуірінен атауы сақталып келе жатқан көшелерімізге жаңа жоба ұсынылып, жаңаша аталатынына ризашылығымды білдіремін. Арайлап атқан таңымызды аман есен қарсы алып, көшес тұрғындары тату-тәтті өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Осы Мира көшесін – «Арай» көшесі деген жаңа атаумен атау керек деген пікір білдіремін.
4. Оштанова Бүби– зейнеткер, «Алтын алқа» иегері:кішкентай ғана берекелді ауылдың тұрғыны ретінде ауылымыз тек берекелді емес, ынтымағы жарасқан мерекелі ауыл екендігін ескеріп, Южная көшесіне «Мереке» көшесі деген жаңа жоба атуын ұсынамын.
 
Қызыларық ауылдық округінің әкімі Ерлан Сейдалиев: Ауыл азаматтарының ұсынған жоба ұсыныстары талапқа сай, заң аясында ұсынылып отыр, кімде қандай ұсыныстар бар тағыда? Басқа да ұсыныстар болмаса, дауысқа саламыз.
 
Қызыларық ауылдық округінің әкімі Ерлан Сейдалиев,тиісті аумақ халқының пікірін ескеріп, ашық дауысқа салды. Теріс – Ащыбұлақ ауыл тұрғындары бір ауыздан  Центральная көшесіне ұсынылған «Айнабұлақ» Мира көшесіне ұсынылған «Арай», Южная көшесіне «Мереке» көшесідеген жаңа жоба атауларын қолдады.
 
Қызыларық ауылдық округі әкімінің аппараты
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
 
1. Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі, Теріс–Ащыбұлақ ауылындағы Центральная көшесіне ұсынылған «Айнабұлақ», Мира көшесіне ұсынылған «Арай», Южная көшесіне «Мереке» көшесі деген жаңа жоба атаулары қабылдансын.
 
2. Қызыларық  ауылдық округі әкімі аппаратытының бас маманы Н.Сырлан ұсынылған жоба құжаттарын жинақтап, аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы жұмысшы тобына құжаттарды жолдасын.
 
 
 
 
Жиналыс төрағасы:                                                    Е.Сейдалиев
 

Жиналыс хатшысы:                                                    Н.Сырлан

 

 

 

 

Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'