http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 24 ақпандағы №138 қаулысы негізінде Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылындағы атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген Советская, Железнодорожная, Набережная көшелерін жаңарту мақсатында көше тұрғындарының қатысуымен өткен жиынның

 

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 24 ақпандағы №138 қаулысы негізінде
Қызыларық  ауылдық округі Ақтөбе ауылындағы атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген Советская, Железнодорожная, Набережная көшелерін жаңарту мақсатында  көше тұрғындарының қатысуымен өткен жиынның
Х А Т Т А М А С Ы
 
Ақтөбе  ауылы                                                                                    19.06.2017 жыл
Сағат: 15-00
 
Жиналыс төрағасы: Е.Сейдалиев – Қызыларық ауылдық округінің әкімі
Жиналыс хатшысы: Н.Сырлан – бас маман
Жиналысқа қатысқандар:Ақтөбе ауылы тұрғындарының саны- 52 адам
 
Күн тәртібінде:
 
1.     Қызыларық ауылдық округі, Ақтөбе ауылындағы идеологиялық тұрғыдан атауы ескірген, мәні мен мағынасын жоғалтқан Советская, Железнодорожная, Набережная көшелеріне жаңа атау беру.
 
2.     Пікір алмасу.
 
Тыңдалды:
 
Жиналысты Қызыларық ауылдық округінің әкімі Е.Сейдалиев ашып, күн тәртібінде талқыланатын мәселемен таныстырды.
1. Ерлан Сейдалиев: Бүгінгі жиынның күн тәртінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулы талаптарын сақтай отырып, Ақтөбе ауылындағы идеологиялық тұрғыдан атаулары ескірген Советская, Железнодорожная, Набережная  көше аттарын жаңарту мақсатында халық пікірін, яғни, сіздердің пікірлеріңізді ескере отырып жаңа жоба ұсынысын жасау. Ағымдағы жылы Елбасы Н.Назарбаевтың нақты тапсырмасын орындау мақсатында аталған көшелерге кісі есімдері мүлдем берілмейтінін ескерткім келеді. Талап бойынша тек байырғы дәстүрлі тарихи және топонимикалық жер су аттарымен атауға болады. Олай болса, кімде қандай ұсыныстарыңыз бар? 
         2. Хидирбаев Сейтмахан - ауыл тұрғыны: Кеңес дәуірінен атауы сақталып келе жатқан көшелерімізге жаңа жоба ұсынылып, жаңаша аталатынына ризашылығымды білдіремін. Ебласымыз Н.Назарбаевтың парасатты саясаты негізінде, Қазақстан Елі рухани дамыған үлкен мемлекетке айналды. Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп тату тәтті өмір сүріп келеміз. Өзім тұрып жатқан Советская көшесінің тұрғыны ретінде көшеміздің атын «Руханият көшесі» деген жаңа атаумен атау керек деген пікір білдіремін.
        3. Үсенбеков Мерген -ауыл тұрғыны: Железнодорожная көшесінің бойында бірнеше бұлақтар бар екендігі бәрімізге мәлім. Ауылдың барлығы осы бұлақтан арық тартып, егін егіп, егіндерін суарады. Железнодорожная көшесіне «Қайнар бұлақ» деген жоба атауын ұсынамын.
        4. Казбеков Сүлеймен - ауыл тұрғыны: Набережная көшесінде жас отбасылар жер алып, жаңа тұрғын үйлер соғылып жатыр. Жаңа үйлерде мекендейтін жастарымыздың болашақ тұрмыстары жарқын  болсын деп, Набережная көшесіне  «Жаңатұрмыс» деген жоба атауын ұсынамын.
 
Қызыларық ауылдық округінің әкімі Ерлан Сейдалиев, тиісті аумақ халқының пікірін ескеріп, ашық дауысқа салды. Ауыл тұрғындары бір ауыздан Советская көшесіне ұсынылған «Руханият», Железнодорожная көшесіне «Қайнар бұлақ», Набережная көшесіне  «Жаңатұрмыс» деген жаңа жоба атауларын қолдады.
 
Қызыларық ауылдық округі әкімінің аппараты
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
 
1.     Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі, Ақтөбе ауылындағы Советская көшесіне ұсынылған «Руханият», Железнодорожная көшесіне «Қайнар бұлақ», Набережная көшесіне  «Жаңатұрмыс» деген жаңа жоба атаулары қабылдансын.
 
2.     Қызыларық  ауылдық округі әкімі аппаратытының бас маманы Н.Сырлан ұсынылған жоба құжаттарын жинақтап, аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы жұмысшы тобына құжаттарды жолдасын.
 
 
Жиналыс төрағасы:                                                Е.Сейдалиев
 

 

Жиналыс хатшысы:                                               Н.Сырлан
 
 
 
 
 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'