http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 34) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейінон жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі                                    А. Мұхамедиұлы
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрі
___________ Д. Абаев
2017 жылғы «     » _________
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы «     » _________
 
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2017 жылғы                 
№       бұйрығына
 қосымша
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрініңөзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
 
1. «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) осы бұйрыққа 10 сәйкес «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарыныңТізбесіне 1-қосымшаға сәйкес келесі редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарыныңТізбесіне 2-қосымшаға сәйкес келесі редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарыныңТізбесіне 3-қосымшаға сәйкес келесі редакцияда жазылсын;
осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарыныңТізбесіне 4-қосымшаға сәйкес келесі редакцияда 10-қосымшамен толықтырылсын.
2. «Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11307  болып тіркелген, 2015 жылғы 9 маусымдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар».
3. «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдеде № 292 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9672 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 тамыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларында:
4-тармақмынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтемақы төлемдері – халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеу және оңалту шығындарының құнын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өтемақы төлемдерін алу үшін халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адам не сенімхат бойынша оның өкілі (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) спорттық жарақат алған және мертіккен адамның жеке куәлігінің не паспортының көшірмесі;
3) тиісті халықаралық спорттық жарыстарға қатысқанын растайтын құжат;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген халықаралық спорт жарыстарында жарақат алу және мертігу бойынша диагнозды көрсете отырып, медициналық қорытынды;
5) спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеуге және оңалтуға шығын құнын растайтын құжат;
6) есеп шотының бар болуы туралы анықтама».
 
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт  министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
 
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт  министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
7-қосымша
 
«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 
1-тарау. Жалпы ережелер
 
1. «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
 
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
 
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
2) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы шешімнің көшірмесі (бұдан әрі – бұйрық жобасы) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
спорт мектептеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру үшін:
1) спорт мектебінің басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) спорт мектебінің мөрі қойылып, спорт мектебі басшысы қол қойған спорт мектептеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы қолдаухат;
3) спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері немесе спорт мектебінің оқушылары спортпен шұғылданатын спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;
4) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан қолданыстағы шарттың көшірмесі.
5) жаттықтырушы-оқытушылық құрамының санын, олардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) растайтын құжаттарды қоса беріп, спорттық атақтарын, спорттық нәтижелерін көрсете отырып, спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылық құрам туралы спорт мектебінің штаттық саны туралы анықтама;
6) спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы бұйрықтардың көшермелері.
Спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін:
1) спорт мектебінің басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) спорт мектебінің мөрі қойылып, спорт мектебі басшысы қол қойған спорт мектебіне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы қолдаухат;
3) спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттардың немесе спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебімен жасасқан спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;
4) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық мекемелер арасында спорт түрлері бойынша бөлімшелер оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан қолданыстағы шарттың көшірмесі;
5) жергілікті атқарушы орган бекіткен спортпен шұғылданатын адамдардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, спорттық жетілдіру топтарының тізімдері;
6) жаттықтырушы-оқытушылық құрамының санын, спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылық құрамның олар тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) растайтын құжаттарды қоса беріп, спорттық нәтижелерін көрсете отырып, туралы, спорт мектебінің штаттық саны туралы анықтама.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, заңды тұлғаның мемлекеттік есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті берушіге беру үшін бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11642 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығымен бекітілген Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
 
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
 
11.Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (әкімдігінің) басшысына жолданады.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиістіоблыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні) болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация филиалы, бөлімі басшысының атына www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) не Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен шағымы тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің), Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол не портал арқылы беріледі.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.
Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
 
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті оның ішінде
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзге де талаптар
 
13. Тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар көрсетілетін қызметі алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы не Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы анықтамалық қызметтен алуға болады.
 
«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
 
Нысан
 
__________________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

не ұйымының атауы)

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
 
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________;
2)_______________________________;
3)....
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
 
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:_________________________
                                                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушы: ___________________________________________________

Телефон ____________________
 
Алдым: _______________________________________________________
         (көрсетілетін қызметті алушының (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 
20__ жылғы «___» _________
 
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт  министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
 
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт  министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
8-қосымша
 
«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 
1-тарау. Жалпы ережелер
 
1. «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
 
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
 
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
2) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу туралы хабардар ету (бұдан әрі – төлеу туралы хабардар ету) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) спорттық жарақат алған және мертіккен адамның жеке куәлігінің не паспортының көшірмесі;
4) тиісті халықаралық спорттық жарыстарға қатысқанын растайтын құжат;
5) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген халықаралық спорт жарыстарында жарақат алу және мертігу бойынша диагнозды көрсете отырып, медициналық қорытынды;
6) спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеуге және оңалтуға шығын құнын растайтын құжат;
7) есеп шотының бар болуы туралы анықтама.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті берушіге беру үшін бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде           № 9672 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығымен бекітілген Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезіндегі өтемақы төлемдерін берудің қағидаларында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі.
10-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
 
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
 
11. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы,    8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына жолданады, байланыс телефондары:           8 (7172) 740429, 740454.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні).
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация филиалы, бөлімі басшысының атына www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол немесе портал арқылы беріледі.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Жеке тұлғаның шағымында, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
 
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзге де талаптар
 
13. Тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар көрсетілетін қызметі алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741100, 741394 телефондары арқылы не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы анықтамалық қызметтен алуға болады.
 
«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
 
Нысан
 
Кiмге ___________________________
Кiмнен __________________________

Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін
өтiнiш
 
Сiзден _______________________________________________________
_________________________________________________.
 
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
1) ___________________________________________________________
2) ___________________________________________________________
3) ___________________________________________________________
4) ___________________________________________________________
5) ___________________________________________________________
 
___________        _____________________________________
     
(қолы)                        (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
 
20__ жылғы «___» ____________
 
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________

«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
 
нысан
 
__________________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
__________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________
не ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
 
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________;
2)_______________________________;
3)....
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
 
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:_________________________
                                                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушы: ___________________________________________________
          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Телефон ____________________
 
Алдым: _______________________________________________________
         (көрсетілетін қызметті алушының (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 
20__ жылғы «___» _________
 
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт  министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
 
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт  министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
8-қосымша
 
«Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының
чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 
1-тарау. Жалпы ережелер
 
1. «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
 
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
 
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап:
1-кезең: тұрғын үй беру туралы немесе бермеу туралы бас тарту шешім –  8 (сегіз) жұмыс күн ішінде;
2-кезең: тұрғын үй беру ағымдағы нысаналы трансферттер түскен күннен бастап алты айдан кешіктірілмей;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
2) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады:
1-кезең: мемлекеттік қызметті көрсету бойынша оң нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2-кезең: тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа қосымшаға сәйкес  тұрғын үй беру туралы өтініш;
3) өтініш берушінің жеке куәлігінің нотариат куәландырылған көшірмесі;
4) тиісті Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада комитеттерінен Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі.
Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы өтінішті Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындары аяқталған күннен бастап бір ай ішінде береді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін шығарады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті берушіге беру үшін бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының           47-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
 
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
 
11.Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (әкімдігінің) басшысына жолданады.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиістіоблыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні) болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация филиалы, бөлімі басшысының атына www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) не Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен шағымы тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің), Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол не портал арқылы беріледі.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.
Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Жеке тұлғаның шағымында, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
 
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзге де талаптар
 
13. Тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар көрсетілетін қызметі алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы не Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы анықтамалық қызметтен алуға болады.».
«Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының
чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
 
Нысан
 
Кiмге _________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөнiндегi
__________________________________
жергілікті атқарушы орган басшысының лауазымы,
__________________________________
тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Кiмнен _______________________________
(спортшының немесе өкiлiнiң
_______________________________________
тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_______________________________________
(мекенжайы, телефоны)
 
Тұрғын үй беру туралы
өтiнiш
 
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабына сәйкес маған тұрғын үй беруді ____________________________________________________ сұраймын.
          (тұрғын үйдің орналасу орнын (қала, облыс) көрсету керек)
 
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
1) ___________________________________________________________
2) ___________________________________________________________
 
___________        _____________________________________
     
(қолы)                        (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
 
20__ жылғы «___» ____________
 
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________
______________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
«Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының
чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
 
Нысан
__________________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
__________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________
не ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
 
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________;
2)_______________________________;
3)....
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:_________________________
                                                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушы: ___________________________________________________
          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Телефон ____________________
Алдым: _______________________________________________________
         (көрсетілетін қызметті алушының (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 
20__ жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт  министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
 
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт  министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 139 бұйрығына
10-қосымша
 
«Спорт түрлерін, спорт салаларын тану»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 
1. Жалпы ережелер
 
1. «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
 
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн;
2) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Спорт түрлерін, спорт салаларын тануне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден      18.30-ге дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) спорт федерацияның басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт федерациясының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) Өтініш еркін түрде;
3) Қазақстан Республикасында және әлемде аталған спорт түрiнiң дамуы туралы ақпарат қамтылған, халықаралық спорт федерацияларының қысқаша сипаты, ашылған уақыты және жері, өткiзiлген жарыстар саны, Қазақстан Республикасында шұғылданушылардың ауқымы, адамның дене және интеллектуалдық қабілеттерін дамытудағы, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы ақпарат;
4) қолданылатын спорттық мүкаммаларды (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтардың (бар болса) қолданудың қысқаша сипатты қамтылған, өтінім берілген спорт түрін, спорт саласын оқытудың әдістемесі және бағдарламасы;
5) жарыс процесін көрсететін спорттық жарыс барысында түсірілген бейне (фото) материалдар;
6) өтінім берілген спорт түрінің, спорт саласының жарыс қағидаларының жобасы немесе тиісті халықаралық спорт федерациясының спорт түрінің, спорт саласының жарыс қағидасының көшірмесі. Қабылдаудың растау көрсетілетін қызмет берушінің кеңседе құжаттар топтамасының қабылдау мерзімі және күні көрсетіп қағаз нысанындағы өтініште белгі және тіркеу болып табылады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде           № 9912 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі.
 
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
 
11. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы,    8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына жолданады, байланыс телефондары:           8 (7172) 740429, 740454.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі қолма-қол, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы беріледі.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні).
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол немесе портал арқылы беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Заңды тұлғаның шағымында, оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың тіркелген нөмірі мен күні көрсетіледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
 
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741100, 741394 телефондары арқылы не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'