http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүлтіксіз қызмет көрсетіледі

 

 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүлтіксіз қызмет көрсетіледі
 
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың  тапсырмасына сәйкес, елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша қамқорлық жасалып келеді. Бір ғана мысал, «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында кембағал жандардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік мәселелерінің оң шешілуіне мол мүмкіндік қарастырылуда. Қамкөңіл азаматтарға қолдау көрсету бағытында халыққа қызмет көрсету орталықтары да аянып жатқан жоқ. Мемлекеттік қызмет алу мақсатында орталыққа келген әрбір мүмкіндігі шектеулі жанға жан-жақты көмек көрсетіледі.  Осы орайда инспекторларға ымдау тілін оқыту жұмыстары жолға қойылған.
Жақын күндері «ХҚКО» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалына қарасты бөлімдерде жұмыс істейтін тағы 25 инспектор ымдау тілін үйрену бойынша семинарға қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды. 20 күндік оқу курсының бергені мол. Инспекторлар ымдау тілі бойынша  қызмет көрсетуді бір кісідей меңгеріп шыққан. Мұны олар сертификат тапсырылған салтанатты шарада да дәлелдеп берді. Семинар модераторлары марапатталатын қызметкерлердің аты-жөнін айтпай, ымдау тілімен ортаға шақырып көрді. Оқу курсына қатысқан инспекторлардың бәрі де ишараны бірден түсініп, орнынан тұрып жатты.
- Халыққа қызмет көрсету барысында жұмыс орнымызға мүмкіндігі шектеулі жандар жиі келіп тұрады. Олармен сөйлесу қиындық тудырады, әрине. Міне, сондықтан да осындай семинарлардың  маңызы зор. Енді мен, бұл бағытта еркін қызмет көрсете алатын болдым,- дейді  «ХҚКО» РМК Жамбыл облыстық филиалы Байзақ аудандық бөлімінің инспекторы Жандос Салықбаев.  Өз кезегінде Бөлімнің инспекторы  Қуаныш Мухаев та қуанышты екендігін жеткізді.

 

- Қазіргі таңда елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Бүгінгі семинар да соның бір дәлелі. Біз ымдау тілін меңгеріп қана қоймай, қызмет сапасын арттыруға бағытталған дәрістерге қатыстық. Ең бастысы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын соза алатындығыма қуанып тұрмын, деді Мухаев Қуаныш толқынысын жасыра алмай. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүлтіксіз қызмет көрсетуге бағытталған мұндай семинарлар алдағы да жалғасын табатын болады.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'