http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

«EXPO 2020 Dubai» ұйымдастырушылары «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық тәжірибесін зерттеуге ниетті

 

 

«EXPO 2020 Dubai» ұйымдастырушылары «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық тәжірибесін зерттеуге ниетті  
 
Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында «Астана ЭКСПО-2017» және «ЭКСПО Дубай 2020» арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен «ЭКСПО Дубай 2020» бюросының атқарушы директоры Наджиб Мохаммед Аль-Али қол қойды.
Меморандум аясында екі жақ 2017 жылы Астанада және 2020 жылы Дубай қаласында өткізілетін «ЭКСПО» көрмелеріне дайындық барысында өзара қолдау көрсетуге келісті. Ендігі халықаралық дәрежедегі көрмені ұйымдастыру мен өткізудегі тәжірибе мен білім алмасу мақсатында екі жақ арасында арнайы жұмыс тобы құрылады. Оның «Экспо Астана» мен «Экспо Дубай» тарапынан тағайындалған алты мүшесі болады.   
         «Қазақстанның көрмеге дайындығы керемет. Астанада өткізілетін ЭКСПО-ға дайындық және «Болашақ энергиясы» тақырыбына қызығушылық деңгейі бізді тамсандырды. Сондықтан көрменің сәтті өтетіндігін үлкен сеніммен айта аламын. Біздің ұйым «Астана ЭКСПО» тәжірибесін зерттеп, «ЭКСПО-2020» жемісті өткізуге мүдделі», - деді Наджиб Мохаммед Аль-Али.
         Өз кезегінде, Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының басшысы Ахмтежан Есімов: «Біздің арамызда бүгін қол қойылған меморандум өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға негіз болары анық, әрі ЭКСПО-2017 жоғары деңгейде өткізілуіне сенімділік береді», - деді.
         Біріккен Араб Әмірліктері ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығы туралы келісімшартқа 2015 жылдың қазанында қол қойды. БАӘ павильонының ауданы 980 шаршы метр. Көршілері Франция, Бразилия, Аргентина және Мексика павильондары.
         Айта кету керек, құжаттың қол қойылуы БАӘ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми іссапары және Абу-Дабидегі «Болашақ энергиясы» бүкіләлемдік 10-шы мерейтойлы  саммит аясында орын алды.  
 
      
 
                                                 
                                                       * * *
 
 
 
                                               * * *
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр.
Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.
 

 

Қосымша ақпарат үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыңыз.: тел.: +7(7172) 938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com
 
 
 
 
 
 
 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'