http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Жуалы ауданының Қоғамдық кеңестің 2016 жыл бойы атқарған жұмысы туралы

 

 

Жуалы ауданының Қоғамдық кеңестің
2016 жыл бойы атқарған жұмысы туралы
 
Елбасының «Бес институтционалдық реформаның 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарында айтылған міндеттер мен басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес 2016 жылғы 22 ақпандағы аудандық мәслихат сессиясының №52-3 шешімімен Жуалы аудандық Қоғамдық кеңесі құрылған болатын. Қоғамдық кеңес құрамы 19 адамнан тұрады.
2016 жылдың 26 ақпанында аудандық мәслихаттың №53-3 шешімімімен Қоғамдық кеңестің ережесі бекітіліп, Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы бекітіліп, төралқа құрамы бекітілген,  Қоғамдық кеңестің жанынан 3 комиссия құрылған, олардың атауы белгіленген:
1.Аграрлық саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғатты пайдалану және техногендік  үрдістер, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия
2.Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия
3. Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер, әлеуметтік-мәдени салалар қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі комиссия
Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында Жуалы ауданы әкімінің есебі қойылып, есебі бекітілген.
Аудан әкімінің қоғамдық кеңес алдындағы есебі өткізілді. Қызыларық, Жетітөбе, Күреңбел, Қарасаз, Қошқарата, Боралдай, Ақтөбе, Билікөл ауылдық округтер әкімдерінің есептері тыңдалды.
«Жайылымдар туралы» ҚР Заңының жобасы талқыланып, тиісті облыстық басқармаларға ұсыныстар жолданды.
Жергілікті полиция қызметі бастығының есебі тыңдалды.
Жуалы ауданы электр желілері мекемесі басшылығының есебі тыңдалды. Елді-мекендердегі электр бағаналарын ауыстыру бойынша мәселелер көтерілді.
Қоғамдық кеңеске ауыл тұрғындарынан Шақпақ ауылдық округі әкімінің сайлауына қатысты түскен арыз, Қоғамдық кеңеспен жауабы жолданды, Қарасаз, Көлбастау, Дихан, Нұрлыкент, Қайрат ауылдарынан газ мәселелеріне байланысты арыздар мен өтініштері тиісті сала басшыларына жолданды. 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының, Жұмыспен қамту орталығы директорының есептері тыңдалды.                   Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетін жобалар бойынша талқылау жүргізілді. Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары, мәдениет және тілдерді дамыту, білім бөлімі басшыларының 2016 жылы жүргізілген құрылыс, жол жөндеу, мәдениет обектілерін жөндеу жұмыстары бойынша есептері талқыланды. 2016 жылдың желтоқсанында                    Жуалы аудандық Қоғамдық кеңестің жыл бойы атқарған жұмыстарының қорытындысы қаралды.  
Қоғамдық кеңес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға аудандық мәслихат шешімдері мен аудан әкімдігінің қаулылары, ауылдық округ әкімдерінің шешімдерінің 22 жобаларына ұсынылым берілді. 1 жоба «2016 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ жазасын өтеуден босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» аудан әкімдігінің қаулы қаулы жобасын қайта қарауға ұсынылды.
Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы, «Жуалы ауданында иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары» туралы шешім жобасы, Жуалы ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі туралы Жуалы аудандық мәслихаты шешімінің жобасы, 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихат шешімінің жобасына, Жуалы ауданы әкімі аппараты, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы аудан әкімдігінің қаулы жобасы, Жуалы ауданында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы аудан әкімдігінің қаулы жобасы  Ақтөбе, Қарасаз, Күреңбел, Шымбұлақ ауылдарына ветеринариялық режим енгізу туралы ауылдық округ әкімдерінің шешімдері, «Жуалы ауданында мүгедек қатарындағы кемтар балаларды оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы», «2016 жылға мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота бекіту туралы» аудан әкімдігі қаулы, жобаларына т.б. қорытынды берілді.     «2016 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ жазасын өтеуден босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» аудан әкімдігінің қаулы қаулы жобасын қайта қарауға ұсынылды.
2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы                         №50-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихат шешімінің жобасы.
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы.
Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ жазасын өтеуден босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы қаралып қорытынды берілді.
«Жуалы ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» аудан әкімдігі қаулысының жобасы қаралып қорытынды берілді.
2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы  №50-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихат шешімінің жобасы қаралып, қорытынды берілді.
«Жуалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу, жинақталу нормалары, шығару көму бойынша есеп айырысу тарифтерін бекіту туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасы қаралып, қорытынды берілді.
«Жуалы ауданының пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасы қаралып, қорытынды берілді.
2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасы қаралып, қорытынды берілді.
«Жуалы аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасы қаралып, қорытынды берілді.
Жоспарға сәйкес, Жуалы аудандық Қоғамдық кеңесі Қызыларық, Жетітөбе, Күреңбел, Қарасаз, Қошқарата, Боралдай, Ақтөбе, Билікөл ауылдық округтері әкімі аппараттарын, мектептер мен балабақшаларын, мәдениет үйлері мен кітапханалар, почта қызметінің жұмыстары, медициналық пункттері мен учаскелік полиция инспекторларының жұмысын Қоғамдық кеңес мүшелерімен зерделеу жұмыстары жүргізілген, нәтижесі бойынша қорытынды жиналыстар өткізіп, кемшіліктерді түзетуге тиісті сала басшыларына хаттар жолданған.
Жетіттөбе ауылдық округіндегі учаскелік полиция пункті талапқа сәйкес келтіру керектігі туралы ұсыныстар берілді. Қошқарата, Көлтоған ауылдарындағы мал ұрлығы мәселелері, полиция инспекторларының жұмыс орнында болуы туралы қаралып басшыларына тиісті ұсыныстар берілді.
Атап айтқанда, Жетітөбе, Қошқарата басқа да ауылдық округтеріндегі балбақшаларда бірқатар кемшіліктер орын алып,  Балабақшалардағы мемлекеттік сатып алу жұмыстары ретке келтірілді.  Сонымен қатар, Абай, С.Мұқанов атындағы, Ақтасты бастауыш мектептерінде тағы да басқа мектептерде орын алған кемшіліктерді түзету үшін хаттар жолданып, мектептердегі ыстық тамақпен қамту мәселесі қаралып, тиісті ұсынымдар берілді.  
Ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының да сапасына бақылау жұмыстарын жүргізіліп, Д.Қонаев орта мектебінің  құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша кемшіліктерді ретке келтіру туралы тиісті мекемелерге хат жолданған.   
         Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Қоғамдық кеңес мынадай функцияларды атқарады:
1)                бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау
2)                бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау
3)                атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау
4)                бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау
5)                азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу
6)                қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
7)                Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу
8)                қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру

 

9)                қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'