http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Органның қызметі туралы талдамалық баяндамасы

 

 

 
Шақпақ ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2016 жылдың  9 айда атқарылған іс-шаралары  туралы.
 
       Ауылдық округі аппараты өздеріне бекітілген аумақтарда басқаруды ұйымдастыру жұмысын ҚР-ның “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы ” Заңын және басқада қолданыстағы заңдылықтарын басшылыққа алып және ҚР-ның Президентінің берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша қабылданған облыс, аудандық әкімдіктің нормативтік құжаттары негізінде және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 30 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ақуалды:өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бағытында жұмыстар атқарды. Ауылдық округімізде оқып үйрену, насихаттау туралы атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылды. ҚР Президентінің Жолдауында қойылған талаптарды округ көлемінде жоспарға сай насихаттау және орындалуын қамтамасыз ету барысында Шақпақата ауылындағы «Өнер» мектебінде ҚР Президентінің 2015 жылғы Қазақстан халқына жолдауына арнап Тараз мемлекеттік педогогикалық институты «Қазақ филиологиясы» кафедрасының менгерушісі Т.Р.Әбдіқадыроважәне Жамбыл облыстық насихаттау тобының  мүшелері округ  тұрғындарымен кездесіп жиналыс өткізілді.
      Шақпақ ауылдық округіне қарасты 5 елдімекен бар. Шақпақата, Т.Дүйсебайұлы, Ынтымақ, Амансай ауылдары және Шақпақ станциясы. Осы елді мекендерде 774 түтін бар. 4363 адам тұрады. Этникалық құрамы 6 ұлттың өкілінен құралған.
       2016 жылдың тоқсан сайынғы бекітілген жұмыс жоспары бойынша ауылдық округте «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37  бабының 3 бөліміне сәйкес нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік басқарушылық жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша 62 өкімдер және 17 шешімдер шығарылды. Аудан аппаратының, аудандық Әділет басқармасының және құқық қорғау қызметкерлерінің  тексеруі кезінде шығарылған шешім, өкім заңдылыққа сәйкес екендігі анықталды.
       Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ауыл әкімі атына 28 өтініш тіркелді, Соның ішінен  жеке тұлғалардан 24, заңды тұлғалардан 4 өтініш арыздар тіркелді.
      Арыз-шағымдар мен өтініштерді қарау жұмысы  ҚР-ның      Президентінің “Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау туралы” Жарлығының талаптарына сәйкес жүргізілді. Түскен өтініштердің дені қосымша жер алу тәртібі, әлеуметтік мәселелер жайында болды. Оларға қанағаттандырарлық жауаптар беріліп, бақылауға алынып, «АИС, ЕУОЛ» автоматтандырылған бірыңғай жүйесіне енгізілді.
    Ауыл шаруашылығы
 
      Шақпақ ауыл әкімшілігінің барлық жер көлемі 25718,0 га. Ауыл шаруашылығындағы жер 23833,0 га. Оның ішінде айдалмалы жер 8029,0 га, суармалы жер 967,0 га, жайылым жер 15021,0 га, тұрғындардың иелігіндегі жер 1701,0 га.
      Шақпақ ауылдық округінде бір ӨК «Қазақстан-Жуалы», 244 шаруа қожалығы бар. Шаруа қожалықтарының негізгі кәсіптері ауыл шаруашылығы дәнді масақты, техникалық дақылдар егумен айналысады. Бүгінгі таңға: күздік бидай 500,0 га. егіліп, 24,7 цн. өнім алынды, жаздық бидай 222,0 га. егіліп, 24,7 цн. өнім алынды, арпа 1130,0 га. егіліп, гектарына 22,5 цн. өнім алынды, мақсары 658,0 га. картоп 32,0 га. көгеніс 8,0 га. егіліп, жиналуда.
Ауыл округіндегі 244 шаруа қожалықтарын Жуалы ауданы статистика басқармасына 2-АШ,3-АШ есебін тапсыруға ыпал жасалуда.
 
Мал шаруашылығы
            
       Округі бойынша 2863 бас ірі қара соның ішіндегі 994 басы сауынды сиыр, қой 7677 бас, ешкі 1536 бас, жылқы 618 бас, шошқа 97 бас, құс 7937 бас.
      Әр ауылдан осы мал басына байланысты жұмыс қабілетіндегі азаматтар өзін-өзі жұмыспен қамтуда.
      ҚР Үкіметінің 28.04.2003 жылғы 407 қаулысымен бекітілген жануарға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардың өнімдері мен шикізаттарын алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру және қайта өндеу ережесіне сәйкес жасалған іс-шараларға байланысты мал ауруларын болдырмау мақсатында ауылдық мал дәрігерлік инспекторы әр түрлі мал ауруларына қарсы жұмыстар атқарды. Атап айтқанда 1980 бас МІҚ-ға Сарыбезк ауруына қан алынып, вакцина енгізілді және «Ящур» қарсы 1860 бас МІҚ-ға вакциналар егілді.         
 
Әлеуметтік қорғау
 
       2016 жылы жұмыссыздар тізіміне есепке тұрғандар саны 6 адам. Осы ағымдағы уақытта жұмыспен қамту бөліміне 7 адам  жұмысқа тартылды.
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар» ҚР Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсанындағы 1685 Қаулысына сәйкес 2016 жылдың  учаскелік комиссия отырысының хаттамалары негізінде  тұрмысы төмен отбасыларға 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалып, төленетін жәрдемақы 69 отбасы 218 балаға 34329,0 мың теңге бөлініп төленді.
                 Салық төлемдері бойынша Шақпақ ауылдық округі 2016 жылы  жоспарды орындау барысында кейбір  ауыл тұрғындарының көшіп кетуіне байланысты  және ЖСН-рі қате болуына байланысты салық төлемдері бюджетке кеш түсіп салық жоспар орындалды, атап айтқанда жер салығының орындалғаны 315189,0 теңге, мүлік салығының орындалғаны 65823,0 теңге және көлік салығы бойынша 995000 теңге түсті. Кейінгі уақытта берешек төлемдер салық төлеушілерден өндіріліп, бюджетке аударылды.
     
Білім саласы бойынша
 
       Округі бойынша бес елді мекенінде екі орта, бір негізгі, бір өнер  мектебі, екі балабақша, бір бокс залы бар.
       №4 Қ.Сағындықов орта мектебінде барлығы 613 оқушы білім алады, 83 мұғалім білім береді, 44 техникалық жұмыс атқарушылар. Шақпақ бекеті, Амансай және Ынтымақ ауылдарынан Қ. Сағындықов атындағы орта мектепке  59 оқушы тасымалданады ол үшін мектепте арнайы автобус бар. №4 Қ.Сағындықов орта мектебінде жағдайы төмен 89 балаға 1 мезгіл тегін тамақ беріледі.
      №28 Амангелді орта мектебінде 287 оқушы білім алады, 41 мұғалім білім береді, 27 техникалық жұмыс атқарушылар және 67 балаға 1 мезгіл тегін тамақ беріледі.   
     №34 Ынтымақ негізгі орта мактебінде 81 оқушы білім алады, 19 мұғалім білім береді, 32 техникалық жұмыс атқарушылар, 33 балаға 1 мезгіл тегін тамақ беріледі.
      Өнер мектебінде музыкалық, көркем сурет, сәнді қолданбалы өнер, театр бөлімі, хореография ұйірмелері ашылып  408 оқушы білім алады,  27 мұғалім білім береді. Апталық жұктемелері 18 сағаттан. 10 техникалық жұмыс атқарушылар.
       «Шақпақата» балабақшасында 5 қазақ тобы, 1 орыс тобы бар, барлығы 140 бала. Балабақшада 13 тәрбиеші, 6 көмекші жұмыс атқарады.
       Амангелді орта мектебінің жанынан ашылған «Жасұлан» шағын балабақшасында 2 топта 50 бала қамтылған, 4 тәрбиеші 4 көмекші жұмыс атқарады.
       Бокс залында 50 жасөспірім жаттығуда, олар аудан, облыс, Республика көлемінде жоғары жетістіктерге жетіп жүр. Атап айтар болсақ,  аудандық, облыстық турнирлерде жас буын боксшыларымыз жоғары нәтижелерді көрсетіп жүлделі орындардан көрінуде.     
  
 
Мәдени және қоғамдық іс-шаралар
 
Ауыл тұрғындарының рухани сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ауылдық мәдениет қызметкері көптеген мәдени іс–шаралар, өнер байқаулары, фестивальдар, көгілдер от кештері, кездесу мен еске алу кештерін  өткізіп тұрады. Осы мақсатта ауыл жастарын Шақпақ ауылдық округіаумағымызға қарасты, Т.Дүйсебайұлы ауылында жастардың қатысуымен "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы ұйымдастырылды!
     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, Шақпақ ауылдық округіндегі №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінде "Атадан қалған дархан ел" атты тарихшылардың және жастардың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
   Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуына орай, аймағымызға қарасты Т.Дүйсебайұлы ауылының №28 Амангелді орта мектебінде "Тарихи күнге - 25 жыл" атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.
   Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл
толуына орай, Шақпақ ауылдық округіндегі, Ынтымақ негізгі мектебінде жасөсіпірімдерді елжандыққа шақыру мақсатында Ауған соғысының қасіреті туралы бейнебаяндар көрсетілді!
    Шақпақ ауылдық округі, №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл толуына орай, мектеп оқушылары арасында Мұқағали оқулары болып өтті.
    Ақпан айының 17-жұлдызында Шақпақ ауылдық округіндегі, Ынтымақ ауылындағы ауыл атымен аттас Ынтымақ негізгі мектебінде "Әрбір жас өз Отанының патриоты" атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
    Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні Шақпақ ауылдық округі, №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінде жастардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге шақыру мақсатында "Үлкен ел - үлкен отбасы" тақырыбында кеш өтті.
     Ақпан айының 22-жұлдызы күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, Шақпақ аймағындағы, "Шақпақата" орталық кітапханасында белсенді жастардың қатысуымен "Тәуелсіздік - тұғырымыз" атты кітап көрмесі болып өтті.
    Шақпақ ауылдық аймағына қарасты Т.Дүйсебайұлы ауылының №28 Амангелді орта мектебінде "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" атты кездесу ұйымдастырылды.
    Аймағымызда Шақпақата ауылындағы №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл толуына орай, "Мен және менің өнерім" атты тақырыпта ән-би шабыт фестивалі өткізілді.
   Округіміздегі барлық елді-мекендерде өзімізді қоршаған табиғатты қорғау және әрбір жанның өз өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында "Жасыл бақты - Шақпағым" атты экологиялық акциясы болып өтті.
    Аймағымызға қарасты Т.Дүйсебайұлы ауылының №28 Амангелді орта мектебінде "Ханзада мен Ханшайым" атты топтық сайыс ұйымдастырылды!
    Бүгін оеругіміздегі бір қатар мектептерде 1-наурыз "Алғыс айту" күніне орай мектеп оқушыларымен "Рахмет" тақырыбында акция өткізілді.
   Округмізде 2016 жылдың наурыз айының 2-жұлдызында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, Жастар ісі нұсқаушысының бастамасымен округ әкімшілігінің маманы, "Өрлеу" асистентінің қатысуымен "Тәуелсіздіктің тірегі - Ардагерлер" атты акциясы болып өтті. Акцияға қатысушылар Ұлы Отан соғысының ардагері А.П.Попованың қал-жағдайын сұрай барып, келе жатқан мерекесімен құттықтап қайтты!
   Округіміздегі №28 Амангелді атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл толуына орай, "Тарих Тәуелсіздік тірегі" атты тарих пәнінің ұзтазы және жастардың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.
    Округімізде Шақпақата ауылындағы №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, "Ақылшы әпкенің - аяулы сіңілісі" атты қыздар арасында байқау болып өтті.
    Шақпақ ауылдық округіне қарасты, Шақпақата, Т.Дүйсебайұлы ауылдарында 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, "Аналар - асыл жандар, шуақ болып шашылғандар" атты сазды-әуен кештері болып өтті.
   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына және Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай ағымдағы жылдың наурыз айының 12-күні аймағымыздағы барлық елді-мекендердегі мекемелерде "Мәңгілік ел - жасыл ел" атты сенбілік өткізілді.
      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25-жыл толуына орай, Шақпақата ауылындағы №4 Балалар өнер мектебінде "Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты өнер мектебінің шәкірттері арасында сурет салу және қол өнер байқауы болып өтті!
     Округімізде жылдың сәуір айының 08 жұлдызы күні аймағымызға қарасты "Шақпақата" орталық мешітінде "Дін және ұлттық тәрбие" атты тақырыпта ауыл имамы мен қарияларының жастармен кездесуі өткізілді.
     Округіміздегі барлық елді-мекендердегі мектептерде «7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні» мерекесіне орай «Ұзақ өмір сүру – өз қолыңда!» атты денсаулық фестивалі ұйымдастырылды!
     Ағымдағы жылдың сәуір айының 25-жұлдызында аймағымызға қарасты, Шақпақата ауылындағы №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінде Чернобыль АЭС-дағы апатқа 30-жыл толуына орай, Чернобыль оқиғасына қатысқан азаматтар мен округ жастары арасында кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
 
 
 
 
Тұрғындармен жұмыс бойынша
 
Шакпак ауылдық округі  төтенше жағдай бойынша.   
1. Округке қысқы маусымға қар тазалауға 350 (үш жүз елу) литр  диз.
топлива (солярка) бөлініп, боранды күні ауыл ішілік жолдар қардан тазартылды.
2. Округ бойынша көктем мерзімі кезінде су тасқынын болдырмау аясында
ауыл- көше арасындағы көпір, арық - атыздар тазаланып, халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
3. Ауыл тұрғындарына бақшаларды арық сумен қамтылды.
4. Шаруа қожалықтарының жетекшілеріне еккен егіндерін өртке қарсы жолақ (отпашка) жасалуын ескертіліп, хабар берілді.
Діни ақпараттық топ  туралы, ауыл округі бойынша 3(үш) мешіт бар. Шақпақ ауылдық округінде орналасқан діни ұйымдармен «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы » ақпараттық түсіндірме тобының 2016 жылға арналған жоспары бекітіліп, ай сайын мешіттерде және округ жастарымен мектептерде іс-шаралар өткізіліп тұрды. Жастар ісін нұсқаушысы Ақжан Ахметов және дін саласындағы АТТ (ақпараттық түсіндірме тобы) барлық мешіттерде және мектеп ұжымдарында жоспарға сәйкес кездесулер өткізіп толық, ақпарат аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне электронды почтасына жіберіліп тұрды.
            Шақпақ ауылдық округінде «Дінің тұрсын дін аман», «Дін тәрбие діңгегі», «Діни экстремизмнің алдын-алу», «Дін және ұлттық тәрбие», «Дін және жастар» тақырыбында кездесулер өткізілді. Рамазан айының соңында ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен мешіт жамағатарымен кешкі құптан намазының алдында 15-20 минуттық дін саласы бойынша кездесулер өткізілді.
 
Ауылдық округте.
   
       2016 жылға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жыл басынан 3,770 мың (үш миллион жеті жүз жетпіс) теңге. Шақпақата ауылындағы Д.Пахомов көшесі мен Ж.Оразбаев көшесі арасындағы  қиылыс жолды орта жөндеуден өткізу жоспарланған Мемлекеттік сатып алу электронды конкурсын 3,215 мың (үш миллион екі жүз он бес) теңгеге «Нұр Абдрахман жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 27-ші мамыр 2016 жылы жеңіп алды.  №   23 екі жақты келісм шарт  негізінде жұмысты толығымен аяқтады үнемделген қаржы 488 мың (төрт жүз сексен сегіз) теңге, 2016 жылдың шілде айында бір көзден  Мемлекеттік сатып алу тәсілімен жүзеге асырылады.
 
 
Шақпақ ауылдық округінің әкімі                                            Е.Далбаев
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'