http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Органның қызметі туралы талдамалық баяндамасы

 

 

Күреңбел ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2016 жылы жылы 9 айда атқарған іс-шаралары  туралы                                           
       
Ауылдық округі аппараты өздеріне бекітілген аумақтарда басқаруды ұйымдастыру жұмысын ҚР-ның “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы ” Заңын және басқа да қолданыстағы заңдылықтарын басшылыққа алып және ҚР-ның Президентінің берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша қабылданған облыс, аудандық әкімдіктің нормативтік құжаттары негізінде және ҚР Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім. Реформа. Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бағытында жұмыстар атқарды. ҚР Президентінің Жолдауында қойылған талаптарды округ көлемінде жоспарға сай насихаттау және орындалуын қамтамасыз ету барысында барлық екі елді мекендерде, мектептер, балалар бақшасы, ұжымдарда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруа қожалықтар және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымдарында ҚР Президентінің 2015 жылғы Қазақстан халқына Жолдауына арнап Жамбыл облыстық мәслихатының депуттаттары, «Нұр-Отан» партиясының мүшелері, Жамбыл облыстық насихаттау тобының  мүшелері округ  тұрғындарымен жиналыстар мен кездесулер өткізді.
Округіміздегі барлық мектептер, балалар бақшасы, және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері арасында дөңгелек столдер ұйымдастырылып,  Жолдау туралы пікірлерін білдірісті, сонымен қатар жоғарғы сынып оқушылары арасында да Жолдауды оқып үйрену туралы кездесулер, конференциялар, ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін және одан әрі жандандыру мен әртараптандыру бойынша көтерілген мәселелерді талқылап іс-жүзінде жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша округ аймағында бір қатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде округіміздегі барлық елді мекендерді қамти отырып жиналыстар ұйымдастырылып құрамы 14 мүшеден құрылған Қоғамдастық құрылды.  
Екі елді мекендерде  күнделікті халық тұтынатын тауарлар сататын барлығы 4 дүкен қызмет көрсетуде.
Шаруа қожалықтары бойынша
2016 жылы округімізде аудан әкімдігінің бөлім басшылары келіп кездесулер өткізілді. Кездесулердің дені негізінен ауыл шаруашылық малдарын көбейту мәселесі болды, яғни Үкімет тарапынан беріліп отырған әр-түрлі  («Сыбаға», «Құлан» «Алтын асық»  және «Егін шаруашылығы») несие бағдарламаларымен таныстырды.  Егіндікті, сақтандырумен техникаларды техникалық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Округ бойынша 179 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Егін шаруашылығымен айналысады. Мал  саны мүйізді ірі қара – 2102 бас, қой-  10119 бас , жылқы- 459 бас, құс- 2717 бас тіркеліп, компютерлік дерек қорға енгізілді.Малдардан қан алу, серологиялық тексеруден өткізу жұмыстары белгіленген іс –шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.
 Халықаралық стандартқа сәйкес қоршаған ортаны және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша округімізде санитарлық тазалық пен көгеріштендіру, көгалдандыру туралы жоспары бойынша жұмыстарын қарқынды жүргізуді ұйымдастыру «Жасыл-ел» бағдарламасы бойынша округімізде жұмыс жоспары бекітіліп, кестеге сай атқарылуда бұл жөнінде әр аптаның жұма күндері мәліметтер аудан әкімі ТКШ ЖК және АЖ бөліміне беріліп отырды. Қоқыс тастайтын арнайы орынның алдын ала жер таңдау актісі жасалып  экологиялық сараптамадан өткізілді және аудандық кадастрлық жұмысы мекемесімен келісім шартқа отырып мемлекеттік жер актісі дайындалып аудандық әділет басқармасынан тіркеуден өткізілді. ҚР Энергетика министрлігінен  қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алынды.
Қыс мерзімінде төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарын атқару үшін арнайы штаб құрылып іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар жүргізілді. Дала өрттерінің алдын алу және жою мақсатында қолданыстағы заңнамада көрсетілгендей өртке қарсы шалғай елді мекендердегі өрттерді сөндіру және олардың алдын алу жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар    жоспары жасалынып, осыған байланысты ерікті топтар, штаб құрылып керекті құрал-жабдықтар дайындалды. Кез - келген төтенше жағдайларда бірлесе әрекет ету үшін «Күреңбел» ӨК техникаларын пайдалану бойынша келісім шарт жасалды. 
Іс- қағаздар толық қазақ тілінде жүргізіледі. 2016 жылдың тоғыз айында 11 шешім және 50 өкім шығарылды. Арыз-шағымдар мен өтініштерді қарау жұмысы  ҚР-ның      Президентінің “Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау туралы” Жарлығының талаптарына сәйкес жүргізілді. Түскен өтініштердің дені негізінен несие алу, қосымша жер алу тәртібі, әлеуметтік мәселелер жайында болды. Оларға қанағаттандырарлық жауаптар беріліп, бақылауға алынып, «Айқын» автоматтандырылған бірыңғай жүйесіне енгізілді.
 
Округтегі аз қамтылған отбасыларды қолдау
барысындағы іс-шаралар.
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев соңғы жылдары барлық деңгейдегі әкімдермен өткізген республикалық кеңестерде және өз жолдауларында жұмыссыздық пен кедейшілікті жоюды бірінші кезекке қойып отыр.
         Ауыл әкімшілігі осы мақсатта “Жұмыспен қамту және жұмыссыздықпен кедейшілікке қарсы күрестің кешенді бағдарламасы туралы” ҚР-ң Заңын орындау халықтың тұрмыс деңгейін зерттеу, оларға әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік жәрдем, қолдау көрсету барысында бірқатар шараларды іске асырды.
         ҚР  Президентінің 17.07.2001 жылғы  “Мемлекеттік атаулы көмек туралы” Заңы ҚР Үкіметінің 2 қараша 2005 жылғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы № 1092 Қаулысы негізінде  округімізде тиісті азаматтардан комиссия құрылып, 2016 жыл  өтініш берген аз қамтылған отбасыларын дағдарысқа ұрындырмау мақсатында 36 отбасының тұрмыстық денгейлері тексеріліп Жуалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне құжаттар өткізіліп есептеу нәтижесінде жыл басынан бері  мемлекеттік жәрдемақы 36 отбасына тағайындалып, 2 млн 387 000  тенге көлемінде төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы тіркелген жоқ.
     Жұмыссыздарды  әлеуметтік қолдаудың елеулі бір түрі оларды қоғамдық ақылы жұмысқа тарту болып табылады. Жыл басынан   округте мұндай  жұмыстармен 4 адам жұмысқа тартылып  ай сайын атқарған жұмысына қарай  ақы төленіп тұрды. «Жастар практикасы» бағдарламасы негізінде бір адам жұмыспен қамтылды.
         «Өрлеу» пилоттық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаржының мақсатты нысаналы игерілуі барысында округімімізде өтініш тіркелген жоқ.
         Округімізде 10 жиын өткізіліп онда аумаққа қатысты көріктендіру-көгеріштендіру, құқық бұзушылықтың алдын алу, мал жайылымын анықтау,  ауыз су мен суару жүйелерін қалпына келтіру, ШҚ-ның  жұмысы  туралы және т.б көптеген маңызды мәселелер талқыланды.
Аудан әкімінің шешімімен көктемгі және күзгі 2-айлық көріктендіру-көгеріштендіру тазалық айлығы жарияланып округімізде  іс жоспары жасалынып  ауқымды жұмыстар атқарылды. Ұжым, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп,  арнаулы орындардың сызбалары жасалып, 4500 дана терек,  10 дана жеміс ағаштары, қарағаш 150 дана егілді.
Ауылдық окрутегі білім беру, денсаулық және мектепке дейінгі балалар мекемелері туралы.
         Ауылдық округ аумағында 1 орта мектеп, 1 негізгі мектеп және 1 бастауыш мектебі, 1өнер мектебі 1 балабақша,  1 Күреңбел ауылдық дәрігерлік амбулаториясы және 1 фельдшерлік пункт жұмыс істейді Биылғы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2051,0 мың теңге бөлінді, ауылдағы көпірлерді жөндеу жұмыстарына 1100,0 теңге жұмсалды./ игерілді/ Үнемделген 900,0 мың теңге ауыл ішіндегі көшелерге шағал төсеуге жұмсалды.
         «Жалпыға бірдей әскери міндет, салық және  құқық қорғау туралы»
         ҚР Президентінің  “Жалпыға бірдей әскери міндет” туралы заңына сай 57 азамат 2016 жылды медициналық тексеруге кесте бойынша шақырылып, соның 53 ер азамат  толық құрамда өтіп, 36 жас өспірімдер тіркеу куәлігін алды.
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА
Күреңбел ауыл округінде құқық қорғау қызметінде учаскелік инспектор АІІБ полиция капитаны Е.Сыдығалиев қызмет атқарады. Толыққанды жұмыс істеуге барлық мүмкіншіліктер жасалған, телефон, компьютер, қызметтік орынмен қамтамасыз етілген.) Ауыл тұрғындарына учаскелі к полиция инспекторы тоқсан сайын есеп беріп тұрады.
ҚР-ның “Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Салық Кодексінің 369 бабының 2 тармағына және 372-373 баптарына және  “Жергілікті мемлекеттік басқару  туралы” Заңына сәйкес жұмыстар өз денгейінде жүргізілді. 2016 жылдың тоғыз айында салық төлемдері 100 пайызға орындалды,
        
Мәдениет және Спорттық  сауықтыру  саласында
  Күреңбел ауылы тұрғыны Т. Қозыбеков жасөспірімдерді  дзюдо күреспен айналысуға тартып оларды спорт жағынан шыныќтырып жақсы тәлім тәрбие беруде. Күрес ұйымына қатысып жүрген жас өспірім 48 баланы тәрбиелейді. Күреңбел мектебінің дене –шынықтыру мұғалімдері Елепаев Дидар, Айнеков Қабыл үнемі жарыстар өткізіп жастарды спортқа баулуда.  
Күреңбел ауылдық округіндегі  мәдени жұмыстар бойынша:
Қазақстан Республикасының мерекелерін жоспар бойынша жүргізудеміз  атап айтсақ  Жаңа жылдық мереке де өз дәрежесінде өтті және осы іс-шараны ұйымдастыруға қатысқан барлық мекеме басшылары мен ұжымдарына үлкен алғысымды айтқым келеді.
Наурыз мерекесі өте қызыќты өтті. Наурыз күні округіміздегі Күреңбел  және Қаратас елді мекендерінен, ұжымдардан  қазақтың ұлттық дәстүрлерінен көріністер «Келін сыны», «Би жарысы» конкурстары өткізілді, ұлттық тағамдар, спорттық ойындар /арқан тарту, көкпар, гир көтеруден тартысты ойындар өткізілді. Мерекеге жиналған жастар дәстүрге сай ұлттық нақышта киімдер киіп, өнер көрсетті.    «Қош келдің, Наурызым-жаңа күнім» атты мерекелік концерт берілді.
 
 Күреңбел ауылдық округі әкімі                                             Н. Таубалдиев

 

 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'