http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Органның қызметі туралы талдамалық баяндамасы

 

 

Қызыларық ауылдық округінің 2016 жылдың
9 айлық қорытындысы
 
«Қызыларық ауылдық округі әкімі аппараты» КММ өздеріне бекітілген аумақтарда басқаруды ұйымдастыру жұмысының ҚР-ның «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және басқа да  қолданыстағы заңдылықтарды басшылыққа алып және ҚР-ның Президентінің берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша қабылданған облыс, аудандық әкімдіктің нормативтік құжаттары негізінде және ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру бағытында жұмыстар атқарылды. Ауылдық округімізде оқып үйрену, насихаттау туралы атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылған. ҚР Президентінің Жолдауында қойылған талаптарды округ көлемінде жоспарға сай насихаттау және орындалуын қамтамасыз ету барысында барлық 5 елді мекендерде, мектептер, балабақша, ұжымдарында, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруа қожалықтары және жауапкершілігі шектеулі ұжымдарында ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауына арнап Жамбыл облыстық насихаттау тобының мүшелері «100 нақты қадам» бойынша округ тұрғындарымен 2 рет кездесулер өткізілді.
Округіміздегі барлық мектептер, балабақша және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері арасында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, Жолдау туралы пікірлерін білдіру, сонымен қатар жоғары сынып оқушылары арасында да Жолдауды оқып үйрену туралы кездесулер, конференциялар, ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізіліп тұрады. Бекітілген жоспар бойынша округіміздегі барлық елді-мекендерде Жолдауға арнап стендтер, үгіт - насихат туралы бұрыштары жасалып барлық саны 9 дана болды (2 дана билбордтар «100 нақты қадам» бойынша орнатылды).
Округке қарасты 5 елді - мекен бар. Атап айтсақ,  Қызыларықта – 531 адам,  Сұрымда - 408 адам, Терс-Ащыбұлақта - 169 адам, Алатауда - 502 адам, Ақтөбе ауылында – 902 адам. Барлық халық саны – 2512 адам, 418 аула бар.
2016 жылдың 1-2-ші және 3-ші тоқсанында бекітілген жұмыс жоспары бойынша ауылдық округте «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 бөліміне сейкес нормативтік - құқықтық сипаттағы шешімдер мен әкімшілік басқарушылық жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарылды. Осыған байланысты 39 өкім, 15 шешім шығарылды.  
         Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2016 жылдың 9 айында 41 өтініш түсті. Өтініштердің дені  мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды тіркеу мен мектепке тасымалдау туралы. Қараусыз қалған және қанағаттандырылмаған өтініштер жоқ.
Арыз-шағымдар мен өтініштерді қарау жұмысы ҚР Президентінің  «Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау туралы» Жарлығының талаптарына сәйкес жүргізілді. Оларға қанағаттанарлық жауап беріліп, бақылаудан алынып, «АИС, ЕУОЛ» автоматтандырылған біріңғай жүйесіне енгізілген.
 
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар:
 
 Қызыларық ауылдық округі бойынша агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, 822 га күздік бидай, жаздық арпа 1449 га, 930 га майлы дақылдар, картоп 530 га., 60 га көкөніс, көпжылдық шөп 800 га егілген.  
Жалпы жер көлемі – 6728 га., оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі – 5992 га. Округімізде шаруа қожалықтар саны – 121, оларға бөлінген жер көлемі – 5152,0 га.
        
Көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық-тазалық жұмыстары
 
Халықаралық стандартқа сәйкес қоршаған ортаны және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша округімізде санитарлық тазалық пен көгеріштендіру, көгалдандыру туралы жоспары бойынша жұмыстарын қарқынды жүргізуді ұйымдастыру «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша округімізде жұмыс жоспары бекітіліп кестеге сай атқарылды және бұл жөнінде әр аптаның жұма күндері мәліметтер аудан әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөліміне беріліп отырды. Қоқыс тастайтын арнайы орынның алдын ала жер таңдау актісі жасалып, экологиялық сараптамадан өткізілді және техникалық төлқұжаты жасалған, жер актісі дайындалып аудандық Әділет басқармасынан тіркеуден өткізілді.
Қыс кезінде төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарын атқару үшін арнайы штаб құрылып іс-шаралар жоспары жасалынды, тиісті азаматтармен келісім-шарттар жасалынды. Жоспар бойынша  жұмыстар жүргізілді.
Көріктендіру жұмыстары бойынша қоғамдық ақылы жұмыспен 5 адам, одан басқа жоспар 350 адам болса, 420 адам жұмысқа тартылды. Сонымен қатар округте орналасқан 5 елді-мекен арасындағы  жол бойындағы 5 аялдама әктеліп, қайта ретке келтірілді.  Алатау ауылының  кіре берісіне ауыл айшығы орнатылды және Сұрым ауылына кіре берісі көпір асты қайта әктеліп, ою-өрнектер салынып,  ауылдан шыға берісіне  және ауылға кірер бетте ілмелер ілінді. 3400 тал-дарақтар егіліп, 2300 тал бұталды. Ауыл аралық жолдар мен елді-мекендер ішіндегі талдар мен бағаналар әктеліп, сырланды.
 
Округте атқарылған жұмыстар
 
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2016 жылға 2 283,0 мың теңге бөлініп, Алатау ауылының Орталық көшесі жарықтандырылды. Қалған үнемделген 1 100,0 мың қаржыға Ақтөбе ауылы Советская көшесін жарықтандыруға ойнатылып, жеңімпаз жұмысын жалғастыруда. Қызыларық ауылы Сұрым кітапханасы күрделі жөндеуден өтті. «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша округімізде Қызыларық ауылы Р.Ахметов көшесіне 6746,0 млн теңге бөлініп жеңімпаз «Баймбетов» ЖК жеңіп алды. Сұрым ауылы Д.Сламбай көшесіне 10090,0 млн теңге бөлініп, жеңімпаз  «Компания Инвест МК»  ЖШС  жеңіп алды. Жеңіп алған мердігерлер өз жұмыстарын атқаруда.
Бұдан басқа округ әкімдігінің дербес есеп шотынан Ақтөбе ауылына арка орнатылды, ендігі кезекте Теріс-Ащыбұлақ ауылына арка орнатылу ойнатылып, жеңімпаз жұмысын жалғастыруда.
  
 
 
 
Округте аз қамтылған отбасыларды қолдау барысындағы іс шаралар
 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың соңғы жылдардағы барлық деңгейдегі әкімдермен өткізген республикалық кеңестерде және өз жолдауларында жұмыссыздық пен кедейшілікті жоюды бірінші кезекке қойып отыр.
Ауыл әкімшілігі осы мақсатта «Жұмыспен қамту және жұмыссыздықпен кедейшілікке қарсы күрестің  кешенді бағдарламасы туралы» ҚР-ның Заңын орындау, халықтың тұрмыс жағдайын зерттеу, оларға әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік жәрдем, қолдау көрсету барысында бірқатар шараларды іске асырды.
 
ҚР Президентінің 17.07.2001 жылғы «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңы ҚР Үкіметінің 2 қараша 2005 жылғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы №1092 Қаулысы негізінде округімізде тиісті азаматтардан комиссия құрылып, 2016 жылы өтініш берген аз қамтылған отбасыларын дағдарысқа ұрындырмау мақсатында 56 отбасының тұрмыстық деңгейлері тексеріліп, Жуалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне құжаттар өткізілді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы тіркелген жоқ.
 
Ауылдық округтегі білім беру, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі балалар мекемелері туралы
 
Ауылдық округ аумағында 3 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 2 балабақша, 3 фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Мектептердегі аз қамтылған оқушылардын барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
.
Құқық қорғау саласы
 
Қызыларық ауылдық округінде 2016 жылдың 1-ші тоқсанында құқық қорғау қызметінде АІІБ-нің ЖПҚ-і Е.Саурыков  қызмет атқарды. Қазіргі уақытта АІІБ-нің ЖПҚ-і Е. Алиаскаров қызмет атқарады. Толыққанды жұмыс істеу үшін барлық мүмкіншіліктер жасалған, телефон, компьютер, қызметтік орынмен қамтамасыз етілген. Есепті мерзімде әкімшілік аумақта ауыр және аса ауыр қылмыстар, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар және жол-көлік оқиғалары орын алған жоқ.  Алкагольдік ішімдіктерді  ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 17 адам ҚР ӘҚБтК 440 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың біреуі 3 тәулікке әкімшілік  қамаққа алынып, қалған 16 адамға 180 285 теңге айыппұл салынды. Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505 бабымен 5 азаматқа әкімшілік жаза ретінде «ескерту» жасалды.   
 
Салықтар бюджетке төленетін басқа да  міндетті  төлемдер  туралы
 
Салық кодексінің 369 бабының 2 тармағына  және 372-373 баптарына және «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес жұмыстар өз деңгейінде жүргізілді. Жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы бойынша жылдық жоспар          27 020 тг болса, бүгінгі күнге орындалғаны 28657 теңгені құрады. Жер салығының жылдық жоспары  250 222 тг болса, тоғыз айда орындалғаны 250 275 теңге, көлік салығы  жылдық жоспар 1000 000 тг болса, тоғыз айда орындалғаны 743 190 теңгені құрады. Тұрғындардың пайдаланып жатқан электр қуаты арнайы тағайындалған көше өкілдері арқылы уақытылы жиналып отыр. Электр желісі бойынша төлемақы 100 % құрайды. Ауыз сумен толық қамтылған Қызыларық ауылының тұрғындары су қарызын толық және уақытылы төлеп тұрады.
 
 
Мәдениет және спорттық сауықтыру саласында
 
Округте 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі халыққа қызмет көрсетеді. Кітап қоры барлығы 17709 дана, оның ішінде 3700 дана мемлекеттік тілдегі кітаптар, қалғаны ресми тілді әдебиеттер. Мәдениет үйінде көптеген іс-шаралар өтіп, жастар кеші  ұйыдастырылып тұрады.
Қарабастау ауылында өткен әжелер сайысында Мұстафаева Ұлдан әже екінші орын алды. Орталық мәдениет үйінде өткен ақсақалдар сайысында Оразбаев Сайлаубек ақсақал бас жүлдені жеңіп алды және Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығына орай «Қарты бар ел- қазыналы ел» атты ақсақалдар   байқауында Оразбаев Сайлаубек атамыз бас жүлдені жеңіп алды. Орталық мәдениет үйінде өткен  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай  «Берік отбасы-жарқын болашақ» атты аудандық байқауға округіміздің атынан Оспанбаевтар отбасы қатысып бас жүлдені жеңіп алып облыстық байқауға жолдама алып, сонымен қатар «Бақытты отбасы, ел тірегі» атты облыстық жас отбасы байқауына  Оспанбаевтар отбасы  қатысып бірінші орынды жеңіп алды.
8 наурыз халықаралық аралық әйелдер күні, 22 наурыз Ұлыстын ұлы күні және 9 мамыр Ұлы Отан соғысының Жеңіс күндері, 30 тамыз Конституция күніне мерекелік іс шаралар өткізілді және 1 қыркүйек «Білім күні» округіміздегі мектептерде алғашқы қоңыраулар соғылып  округте мерекелік концерттер, құттықтаулар жасалынып және округ ақсақалдары мен аналарға мерекелік дастархандар жайылды.
Жастар ісі нұсқаушысының ұйымдастыруымен жалғыз басты қарттар мен зейнеткерлердің ауласы мен үйі жиналып, отын, суы тасылып қайырымдылық көмек көрсетіліп тұрады.
Округ бойынша 5 елді мекенде күнделікті халық тұтынатын тауарлар сататын барлығы 13 дүкен халыққа қызмет көрсетуде.
 
 
Қызыларық ауылдық округі әкімі                                                Е. Сейдалиев
 
 
 
 
 
 
 

 

 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'