http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Органның қызметі туралы талдамалық баяндамасы

 

 

Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жылдың
10 айында атқарылған жұмыстары туралы
ЕСЕБІ
 
Көкбастау ауылдық округінде 4 елді мекен орналасқан.  Округте 3251 адам тұрады, оның ішінде қазақтар 3133, орыстар 75, удмурттар 8, татарлар 2, украиндар 23, басқа ұлттар 10.
Көкбастау ауылдық округі әкімі аппараты өз жұмыстарын «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару  туралы » Заңын және басқа да қолданыстағы заңдылықтарды басшылыққа алып, тоқсандық жұмыс жоспарлары негізінде атқарады. Аппарат штаттық кестеге сәйкес 6 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады. Қызметкерлердің 6 жоғары білімді мамандар. 6 бірлік мемлекеттік қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттеріне сай қызмет атқаруда. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс уақыты заң талаптарына сәйкес 900-ден 1900 уақыты аралығында жұмыс жасайды.
Ауылдық округте Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 3 бабына сәйкес  нормативтік құқықтық актілері сипаттағы мәселелер бойынша 2016 жылдың бүгінгі күнге дейін 16 шешім, 79 өкім шығарылды.
 
  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін  қарау тәртібі:
 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заң талаптарына сәйкес орындалуда.
2016 жылдың 10 айында жалпы 23 жазбаша, ауызша өтініш шағымдар түскен. Олардың барлығына уақтылы жауап берілді. Өтініш шағымдардың сипаты негізі жер учаскелерін алу үшін және өздері пайдаланып жатқан жер учаскелеріне техникалық тексерістен соң шешім шығару және бала бақшаларға жолдама алу, сонымен қатар түрлі мәселелер бойынша өтініш жасалынды.
Жеке тұлға төлейтін мүлік және жер салығын жинауды анықтауұйымдастыру негізгі міндеттердің бірі-  жоспар жер салығы бойынша 223262        теңге болса, орындалғаны 226946 теңге, ал  мүлік салығы жоспар 32531 теңге, ал орындалғаны 34905 теңге. Салық жинау толық  орындалды.
Көкбастау ауылдық  округі әкімінің  аппараты  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі  2016 жылдың 10 айындағы  қызметі бойынша:
Қазіргі есептеу  нәтижесі ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»   Заңының талаптарына сәйкес 2016 жылдың 10 айына әкім аппараты 133 азаматқа 133  мемлекеттік қызмет  көрсетті.  ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  туралы»   Заңының  24 бапқа сәйкес мемлекеттік қызметтер тегін түрде көрсетіледі.
    Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы.
Жыл басында 1999 – 2000  жылғы 50 жасөспірім әскери есепке тіркелді. Жалпы әскер қатарына шақыруға комиссиядан өтетіндер саны 30 жасөспірім, болса комиссиядан өткендер саны  30 адам, ал әскер қатарына кеткені 10 азамат.
 
                 Азаматтарды әлеуметтік қорғау:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген «Балалы  отбасыларға берілетінжәрдемақылар» туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63  Заңын іске асыру жөніндегі шараларға байланысты көп баласы бар 130 жанұяның
құжаттары құзырлы мекемеге өткізілді. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы №1683 қаулысына сәйкес учаскелік комиссияның отырысы хаттамаларының негізінде 3 жанұяның құжаттары атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құзырлы мекемеге тапсырылды.  2016  жылдың сәуір айынан бір жылға шартты көмек «Өрлеу» бағдарламасы бойынша округте 80 отбасы құжаттарын арнайы құзырлы мекемеге тапсырды.
                                    Білім саласында:
Округте 3 білім ұясы бар, 2 орта мектеп және 1 бастауыш. Атап айтқанда Теріс ауылындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте Онда оқитыны окушылардың жалпы саны 261, ал  34 мұғалім болса, Көктөбе орта мектебінде оқитын оқушылар саны 380, мұғалімдер саны 51, Бақалы бастауыш мектебінде 49 оқушы, 9 мұғалім білім беруде. Округ бойынша жалпы оқушылар саны 690. Барлық окушыларға 94  жоғарғы және арнайы орта білімді мұғалімдер дәріс беруде. Мектептер бүгінгі күн талабына сай ретке келтірілген. Биылғы жылы Теріс ауылындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің  спорт залын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар округте 3 бала бақшасы жұмыс атқаруда.
                                   Денсаулық саласында:
Денсаулық саласының материалдық-техникалық базасын жақсарту мен білікті маман кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі жылдан жылға жақсарып  келді. Дәрігерлермен арадағы байланыста біршама орныққан. Әсіресе, босанатын және босанған аналардың ішіндегі тұрмысымен денсаулығы төмен әйелдердің отбасылық жағдайы бірлесе отырып зерттеліп, мүмкіндігінше көмек көрсетіліп отырды. Тұрғындардың денсаулығын қорғауда округте 1 дәрігерлік амбулатория. 2 фелдьшерлі акушерлік пункт қызмет көрсетуде. Медицина қызметкерлерінің бәрі  жоғары және орта білімді.
                             Мәдениет саласы бойынша:
Округте 4 мәдениет үйлері 4 кітапхана және 2 орта мектепте ұйымдастырылған көркем өнерпаздар үйірмелері халыққа қызмет етуде. Әрбір атаулы мерекелі күндері клубтарда кітапханаларда және мектептерде мәдени іс шаралар өткізіліп, концерттік қойылымдар өткізіліп тұрады.               8 наурыз халықаралық әйелдер күніне, 22 наурыз мерекесі,  1 мамыр,              9 мамыр күндері мерекелеу бұқаралық сипат алды. Наурыз мерекесі әр елді мекендерде өткізіліп ұлттық салт дәстүрлерден көріністер көрсетілді. Наурыз тағамдары ұсынылды, спорт ойындары өткізілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Аудан орталығынан келген авто керуенді күтіп алып концерттік бағдарламалар өткізуде ауылдық клубтың еңбегі ерекше. Алайда Терс ауылындағы мәдениет үйі бүгінгі күнге апатты жағдайда болуына байланысты уақытша Көкбастау ауылдық округінің ғимаратында жұмыс жасауда.
                                        Құқық қорғау туралы :
      Азаматтардың Конституциялық құқығын және мүлік қауіпсіздігін қорғау қылмыс туралы арыздармен хабарларды шешу негізінде  заңдылықты бұзуға жол бермеу басты назарда. Округте учаскелік инспектордың тірек пункті  бүгінгі күн талабына сай реттелінген. Байланыс жүйесі жұмыс істейді.
                      « Жасыл –Ел» бағдарламасы бойынша:
      Елбасының  Жасыл ел бағдарламасы бойынша арнайы орынға тал дарақтар отырғызылып күтіп бапталуда. Бүгінгі күнге 700 терек бұтақтары егілген. Суғаратын  арықтар тартылып, осы аралықта төрт бес реттен су ішті.
Көгеріштендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту    бойынша:
     2016 жылғы көктемгі және күзгі көріктентендіру, көгеріштендіру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымшылдықпен жүргізу мақсатында Көкбастау ауылдық округінде ұйымдастыру іс шаралары жасалды. Ауыл тұрғындарымен көше өкілдерімен бірлесе ауыл бойынша санитарлық - тазалық, көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстарын ұйымдастыру, тұрғындардың сенбіліктерге қатысуы, күл қоқыстарды тазарту туралы түсіндірме жұмыстар мен жиындар өткізілді. Осы жұмыстарды атқару үшін 300 адам қатысты.
1.Бұталған тал дарақтар                         1100       дана
2.Каналдар мен арықтарды тазалау          4         км
3.Қоқыс шығару                                      5,6         тонна
4.Карағаштар    отырғызу                       300        дана
5.Терек  ағаштары                                   3500     дана
6.Жеміс ағаштары                                   75        дана   
7.Декаративті ағаштар                              150       дана 
Барлығы                                                    4025  дана  ағаш егілді.
      
                                 Ауыл шаруашылығы саласында:
Көкбастау ауылдық округіндегі барлық жер қоры -    40659 га
Оның ішінде ауыл шаруашылық жер көлемі 31510 га
2016 жылы  арпа  1200 га, мақсары 1170 гг\а, картоп 257 га, көкөніс 50га, Күздік бидай ,арпа  және егілген дақылдар бәрі толығымен орылып алынды.  2017 жылға жалпы 900 га. жерге күздік бидай егілді.
    Округ бойынша 541 аула бар, оның 413 үй малмен құс асырайды.
2016 жылы  3534   ірі қара, 13221  қой, 808 бас жылқы, 8319 құстар бар.
     Қазақстан Республикасының №407 қаулысына бекітілген «Жануарларға және адам денсаулығына ерекеше қауіп төндіретін жануарлардың өнімдері мен шикі заттарын алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру және қайта өндеу» ережесіне сәйкес жасалған іс шараларға байланысты мал ауруларын болдырмау мақсатында ауылдық мал дәрігерлермен вед инспектор әртүрлі мал ауруына қарсы жұмыстар атқарды. Сарып (бурселлез) ауруына байланысты округте 13221 бас қой-ешкіден қан алынып, 40 бас қойдан сарып ауруы (бурцеллез) шығып, 40басы толық жойылды, 1501  бас ірі қара малдан қан алынып, оның ішінде 3 бас ірі қарадан сарып  (бурцеллез) ауруы шығып,толығымен бәрі сойылды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша: 9 азаматқа қаржы бөлініп ірі қара малы сатып алынды. «Құлан» бағдарламасы бойынша:1азамат, «Алтын сақа» бағдарламасы бойынша 1 азаматқа несие берілді.                             
                                   Шағын кәсіпкерлік туралы:
     Елді мекендерде 4 сауда дүкені, бір үйде нан пісіретін 1 наубайхана «Орталық» ЖШС, ИП «Аманкулов» балаларлды тасмалдау бойынша және бұдан бөлек 15 жеке кәсіпкерлік жұмыс атқаруда. 
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойыша
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша
 5 жоба белгіленіп, Ауыл тұрғындары арасынан жалпы 7 адам жұмысқа тартылды.
Бағдарламаның  екінші  бағыты: 
1 адам қатысып, 3 млн. теңге несие алып өз ісін ашты.
Бағдарламасының үшінші бағыты: «Оқыту және көшіру арқылы жұмыспен қамту».  
Жастар практикасына 7  маман қамтылды. Кәсіби оқыту бойынша қайта даярлауға 1 азамат, біліктілігін арттыруға 1 азамат, кәсіби даярлауға 1 азамат жылдық жоспарға сәйкес жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған азаматтар саны 18 адам. Қоғамдық жұмыспен 11 адам қамтылды.
                 
 
 
          Қыс маусымына дайындықпен келу.
      Ауылдық округте үлкенді кішілі 17 мекеме жұмыс істейді. Олардың бәрі газбен жылытылады. Дәлірек айтқанда округке қарасты мекемелер қыс маусымына толық дайындықпен кірді.
             Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша
        Ауылдық округте  2016 жылы Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Терс ауылын үнемделген қаржы есебінен Тәліп көшесі жарықтандырылды, Қосбөлтек және Көктөбе ауылындағы су құбырлары жөнделді, Көктөбе ауылы, А.Иманалы көшесіне жүргіншілер жолы салынды.
                 
Ауылдың экономикасын, кәсіпкерлікті дамыту бойынша:
1. Қазіргі таңда жұмыс атқарып отырған кәсіпкерлік саласындағы нысандармен қатар, жаңа қажет етілетін нысандарды ашу мақсатында Көктөбе, Қосболтек, Бақалы, Теріс  ауылының көшелері мен жаңа тұрғын массивтерінен жер телімдерін қарастыру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар аграрлы және ауыл шаруашылық жасауға қолайлы аймақ болғандықтан кооперитв құрып мал шаруашылығын құру үшін насихаттық жұмыстар жүргізілуде.
 
 
Көкбастау ауылдық округінің әкімі                          М.Қасымбеков
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'