http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Органның қызметі туралы талдамалық баяндамасы

 

 

Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің
2016 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы қысқаша
АҚПАРАТ
 
Бүгінгі күнге ауданның жер қоры туралы 2016 жылғы есебі бойынша Жуалы ауданы жерінің жалпы көлемі 413698 га., оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 214224 га., бұның егістігі                     92441 га., суармалысы 7831 га. және жайылымы мен шабындығы 111323 га. құрайды.
Бұлардан басқа, жер санаттары бойынша елді-мекендерде 32551 га., өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауылшаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер 2813 га., орман қоры 103905 га., ерекше қорғалатын аймақтардың жерлері  10682 га., су қоры 11120 га., босалқы жерлер 38974 га. құрайды. Бүгінгі күнге ауылшаруашылығы өндірісін жүргізіп жатқан                   2278 шаруа қожалықтары, 4 ауылшаруашылығы кооперативі,                                     8 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 3 әртүрлі тұлғалар тіркелген.
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі 2016 жылдың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарды. Мысалы,                 бүгінгі күнге аудандық жер комиссиясының отырыстары өткізіліп, онда жерге қатысты көптеген және әртүрлі мәселелер қаралып, тиісті қорытындылар қабылданды.
Бүгінгі күнге мекемеге жер мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 372арыз-өтініштері келіп түскен, барлық арыз-өтініштер жер комиссиясы отырысының қарауына ұсынылып, тиісті қорытындылар қабылданып, өтініш иелеріне жауап берілді.
2016 жылдың 01 қаңтарынан 2016 жылдың 10 айында Жуалы ауданы әкімдігімен жер қатынастары саласындағы 99 қаулы қабылданып, оның ішінде жеке меншік құқығын табыстау туралы- 17, жер пайдалану құқығын табыстау туралы-58, тұрақты жер пайдалану құқығын табыстау туралы-4, жер пайдалану құқығын тоқтату туралы-4, нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы-1 және әртүрлі басқада қаулылар-15;
Жер учаскелерін сату-сатып алу немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату туралы -58, жер учаскелерін жалға беру туралы -655 келісім шарттар жасалынды.
Бұдан басқа, жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін және ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға сұраған                            318 азаматтың өтініші жер комиссиясы отырысында қаралып, аталған азаматтарға берілетін жер көлемдері мен берілу шарттары жерге орналастыру жобасын жасау барысында нақтыланып, отырады. Ал, берілетін жер алаңдары дайын болмаған жағдайда, өтініш иелерін белгіленген тәртіппен заң талаптарына сәйкес кезекке қою үшін қорытынды шығарылып, ауыл округтері әкімдеріне жіберілді.
Бөлім мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының 7 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Бұл қызметтерді көрсету бойынша 331 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жыл басынан               1   рет конкурс өткізілді. Конкурсқа барлығы 51 лот бойынша 53 учаске қойылды. Нәтижесінде 5109 га. жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға конкурс арқылы берілді.
Аудан көлемінде объектілер құрылыстары үшін жер телімдерін сату бойынша 1 аукцион өткізілді. Аукционға барлығы 10 жер учаскесі қойылып, 8 лот бойынша жалпы сомасы 1 119 740 теңгеге сатылды.
 
 
Жуалы ауданы әкімдігінің жер

 

қатынастары бөлімінің басшысы                                    М. Пешенов
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'