http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Боралдай ауылдық округі бойынша 2016 жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар ЕСЕБІ

 

 

Боралдай ауылдық  округі бойынша 2016 жылдың 8 айлық
қорытындысы  бойынша  атқарылған  жұмыстар
ЕСЕБІ
 
           Боралдай ауылдық округі аппараты өз жұмыстарын «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және басқа да қолданыстағы заңдылықтарды басшылыққа алып, тоқсандық жұмыс жоспарлары негізінде жүзеге асырады. Аппарат штаттық кестеге сәйкес жасақталған және өздерінің функцияналдық  міндеттеріне сай қызмет атқару.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 30 қараша 2015 жылдың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы, халық қолдауына ие болып, барлық елді-мекендерде облыстық және аудандық аппараттық-насихаттық топтардың қатысуымен азаматтарды қабылдау           4 жиын өткізілді.
Ауылдық округте «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 3 бабына сәйкес нормативтік құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша 5 шешім және 47 өкім шығарылды.
Округ бойынша салық төлемдері Қазақстан Республикасының 2011 жылғы №209 салық кодексіне байланысты жиналып орындалуда. Ауылдық округ бойынша жер және мүлік салығы бойынша толығымен орындалды. Жер салығы жоспар бойынша орындалғаны 89 пайыз. Мүлік салығы бойынша орындалғаны – 88 пайыз.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыға 30 отбасы құжат тапсырды. Зерделеу барысында 28 отбасына көмек тағайындалды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 7 адам тартылды.
«Өрлеу» бағдарламасы аясында 8 отбасы құжат тапсырды.
8 Наурыз «Әйелдер күні мерекесіне» орай аудан әкімінің грамотасымен 1 белсенді әйел марапатталды. Білім бөлімінде мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мерекелік іс-шараларға және «Қоржын» акциясына ауылдық оуругі әкімі 2 отбасына киімдей көмек көрсетілді.
Ауылдық мәдени іс-шаралар бойынша «Абай оқуларына», «Жамбыл оқуларна» екі жас ақын қатысты. 22 наурыз мерекесіне орай Көлтоған ауылының Мәдениет үйінің алдында барлық округке қатысты мекемелер қатыстырылып, ауыл тұрғындарымен мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Округтің учаскелік полициясы Аширбаев Асхат Бекасыловичтың арнайы жеке кабинеті бар, қажетті жиһаздармен, компьютермен, телефонмен қамтамасыз етілген. Округ бойынша 2 қылмыс тіркеліп, 1 қылмыс ашылды. Теріс әрекеттер болған жағдайда, оларды ауыл ақсақалдары мен медиаторы және ауыл имамдары өзі реттейді.
Округ әкімі аппаратының нормативтік актілері мен іс құжаттары заңдылыққа сәйкес рәсімделуде . Жарты жылдық есеп бойынша кіріс құжаттар саны 75, шығыс құжаттар саны 185.
Округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының  9 түрімен қызмет көрсетілуде. Олар: «Боралдай» балабақшасына 27 балаға, «Самал» балабақшасына 57 жолдама берілді. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны  1-еу.
Округтегі күзгі көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалау жұмыстары аудан әкімінің 2016 жылғы 23 тамыздағы №213 қаулысына сай бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілді. Ауыл тұрғыны Сопбеков Полатпен және Ташенов Абаймен кездейсоқ күл-қоқыстар тазаланып, жайластырылды. Көріктендіру көгеріштендіру, санитарлық, тазалық жұмыстарына 510 мың теңге бөлініп , 1 тн, әк, 100 кг бояулар алынып жаратылды. Жол бойындағы талдар мен электр, телефон бағамдары 2 реттен әктеліп, сырланады. Ауыл көшелеріндегі арықтар мен каналдарға шығатын арықтар тазартылды. Іс- жоспарға сәйкес тазалық жұмысқа 5 қоғамдық  жұмысшылар қатысты. 3000 тал бұталды. 6 км арықтар мен каналдар тазаланды, 8 тонна қоқыс шығарылды. 158 тұрғын үйлер алаңдары тазаланды. 2 саябақ аумағы тазаланды. 100 қара ағаш  және басқада түрлі ағаш көшеттері  елді-мекендерге және арнайы бөлінген жерлерге егілді.
Ауылдық округте 2014 жылы жергілікті қоғамдастық құрылды. Қоғамдастықтың төрағасы және 20 мүшесі сайланды. Қоғамдастықтың ықпалымен ерікті топтар арнайы есеп шотқа ақша аударуда.
«Өңірлерді дамыту»  бағдарламасымен берілген 2358,0 мың теңгенің Колтоған ауылындағы Рысбек батыр көшесіндегі 2 көпірдің сметалық жобасы жасалып, ағымдағы жөндеуден өткізілді.Үнемделген қаржыға Рысбек батыр көшесіндегі үшінші көпірге сметалық жоба жасалынуда.
Жеке есеп шоттағы қаржыдан 728 мың теңгеге Рысбек батыр ауылының кіре берісіне  арка орнатылуға сметалық жоба жасалынып, арка толығымен орнатылды.
«Жұмыспен қамту 2020  жол картасының»  2ші бағытына ауылдық округтен 23 азамат тіркеліп, құжаттары дайындалуда.
2016 жылдың 31 наурызына дейін деклорация тапсыру жұмыстарын шаруа қожалық жетекшілері толық аяқтады.
Ауылдық округтегі көктемгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес орындалды.Жаздық арпа жоспар бойынша 2007 га, Мақсары  2200 га егіліп жоспар толығымен орындалды. 3440 га көп жылдық шөптің жері орылып,жиналды.
2016 жылы аудандық статистика басқармасына ай сайынғы 2 аш,тоқсандық 3 аш есептерін тапсыру жұмыстары толығымен орындалды.
Қаңтар және Ақпан айында 1999 жылы туылған  28 жасөспірімнің құжаттары реттеліп, медициналық комиссиядан өткізіліп, Жуалы аудандық Қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелді.
Наурыз айының басында Аудан әкімі Б. Құлекеевпен келісілген аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы подполковник
Д. Конкаевпен бекітілген шақырылушыларды зерделеу кестесі бойынша аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өкілімен 2016 жылғы көктемгі шақырылатын 93 шақырылушы азаматтардың ішінен 15 іріктелген шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен алдын ала әскерге шақыруға іріктеу бойынша сұхбат жүргізіліп, көктемгі әскерге шақыру бойынша 13 шақырылушы дәрігерлік байқаудан өткізілді. Дәрігерлік байқаудан өткен шақырылушылардың көктемгі әскерге шақыру бойынша 6 азамат әскер қатарына алынды. Әскери есептен шыққан әскери және әскери есепке тіркелген әскери міндеттілер жоқ.
Тамыз айынан бастапкүзгі әскерге шақыру бойынша алдын-ала  33 шақырылушы іріктеліп, ата-аналарымен сұхбат жүргізілді. Бүгінгі күнде 33 шақырылушыдан денсаулығы мерзімді әскери қызмет етуге жарамды 3 әскерге шақырыдушы аудандық және облыстық дәрігерлік байқаудан өткізіліп, арнайы құқық және прокуратурадан тексеруден өтуде. Ауылдық округте қыста жолды қардан тазалау жұмыстарына  ауылдағы техникасы бар шаруа қожалықтары мен жеке тұлға бір азаматпен келісім шар жасалынған. Аудан әкімдігінен бөлінген 420 литр жанар май алынып, қаңтар, ақпан және наурыз айларында Көлтоған ауылының көшелерін және бір рет Ертай ауылы мен Рысбек батыр ауылы көшелерін қардан тазалауға жаратылды.
            Аудан әкімінің орынбасары Н. Ергебековтың төрағалығымен өткен 2016 жылдың 15 ақпанындағы жиналыстың хаттамасындағы тапсырмасына сәйкес, округте су тасқына мен селге қарсы штаб құрылып, округ аумағында атқарылатын іс-шара жоспары жасалынып, округте  15 адамнан топ жасақталды. Су тасқыны және селге қарсы жұмылдырылуға округтегі техникасы бар шаруа қожалықтарымен келісім шарт жасалынды. Бүгінгі күнге елді мекендердегі көпір ауыздары қардан ашылып, тоғандардағы су көлемі күнделікті бақылауға алынып, әкімшілік ғимаратында кезекшілік ұйымдастырылды.Елді мекендердегі ауыл тұрғындарына өздерінің қауіпсіздіктері үшін үй жайындағы және көшедегі арық атыздарды қардан және күл-қоқыстан аршу туралы ескертпе қағаз жүзінде таратылып берілген.
           Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі «Аудан аумағында табиғи өрттердің алдын алу туралы » № 112 қаулысына байланысты, ауылдық әкімшілік жанынан штаб құрылып, 20 адамнан құралған ерікті өрт сөндіру тобы жасақталған. 10 ерікті өрт сөндірушіге арнайы Аудан әкімдігінен киім бөлінген. Шаруа қожалықтар мен жеке тұлғалардан 2 доңғалақты трактор соқасымен, 1 автокөлік тартылды. Шаруа қожалықтары мен малшы бақташыларға өрт қауіпсіздігін сақтау туралы қағаздар таратылып берілген, үгіт-насихат жүргізілуде. Бір мәрте 13 маусымда ауылдық округі әкімшілік орталығынан 25 шақырым жерден , Билікөл ауылдық округіне қарасты Қаратау жотасындағы мал жайылымынан өрт шығып, сөндірушілер мен №3-ші Көлтоған өрт сөндіру қызметкерлері жұмылдырылып, белгісіз себеппен шыққан өрт өшірілді.
            7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында  2016 жылы 5 мамырда  Көлтоған ауылдық мәдениет үйінде ауыл жастары және мектеп оқушыларын Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу дөңгелек столы ұйымдастырылды.
 
 
Боралдай  ауылдық   округ   әкімі                                          Ө.Чиркеев
 
 
 

 

 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'