http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Нұрлыкент ауылдық округі бойынша 2016 жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕБІ

 

 

Нұрлыкент ауылдық округі бойынша 2016 жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы
ЕСЕБІ
 
Нұрлыкент ауылдық округі  аппараты өз жұмыстарын «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және басқа да қолданыстағы заңдылықтарды басшылыққа алып, тоқсандық жұмыс жоспарлары негізінде жүзеге асырады. Аппарат штаттық кестеге сәйкес жасақталған және өздерінің функцияналдық міндеттеріне сай қызмет атқаруда.
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім реформалар, даму» атты қазақстан халқына арнаған жолдауы, халық қолдауына ие болып, барлық елді –мекендерде облыстық және аудандық аппараттық-насихаттық топтардың қатысуымен  азаматтарды  қабылдау  8  жиын  өткізілді.
Ауылдық округте «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 3 бабына сәйкес нормативтік құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша 15  шешім және  57 өкім  шығарылды.
Округ бойынша  салық төлемдері Қазақстан Республикасының       Салық Кодексіне байланысты жиналып орындалуда. Ауылдық округ бойынша жер, мүлік және көлік т.б. салықтар бойынша толығымен  орындалды. Жер салығы жоспар бойынша орындалғаны  102,2 пайыз. Мүлік салығы бойынша орындалғаны -107,9  пайыз.Көлік салығы  бойынша 149,4 пайыз орындалды. Алты салық бойынша арнайы  есеп шотқа 3578960 теңге жинақталды.Қалған  қалдығы 2951260 теңге.
Ауылдық округ  бойынша  күзгі  әскери шақыруға 55 адам шақырылды.Оның  ішінде- 6 студент, үйленгені 7 азамат, тіркеуден  шыққаны -1, кеткені -5 азамат. Аудандық қорғаныс  бөліміне  дәрігерлік  тексеруден өтуге 6 азамат апарылды,және  облыстық тексеруден  өткен 1 азамат әскерге  кетуге  дайын тұр. Қазаіргі уақытта әскер  қатарына шақыру  жұмыстары  күнделікті  жүргізілуде.
18 жасқа дейінгі балалары бар  отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыға 286 отбасы құжат тапсырды. Зерделеу барысында 228 отбасына көмек  тағайындалды.  Тұрғын үй көмегі 61 отбасыға берілді. Бір жолғы көмекке 2 отбасына көмек көрсетілді. Ақылы қоғамдық жұмысқа 9 адам,  жастар ісі тәжірбиесімен алты айға  5 жас мамандар тартылды.
 «Өрлеу» бағдарламасы аясында 31 отбасы құжат тапсырып,812208 теңге көмек алынды.
8 Наурыз  -Әйелдер күні мерекесіне орай аудан  әкімінің грамотамасымен 4 белсенді әйелдер марапатталды. Білім бөлімдерінде мерекелік іс-шаралар  өткізілді. Мерекелік  іс-шараларға және «Қоржын» акциясына  сәйкес жеке  кәсіпкерлер Шамрай Светлана мен Бахытова Әлима  2 отбасына азық түліктермен және 3500 теңге көлемінде ыдыс-аяқтар сыйлады.
Үш көпбалалы аналар Алтын мен күміс алқаға құжаттарын тапсырды.
Аудандық мәдени іс-шаралар бойынша  «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу  шеберлері», «Жамбыл оқулары» атты байқауларға   ауылдық округ атынан  2 жас ақын қатысып алғыс хаттармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Билікөл ауылдық округінде өткен әжелер  байқауына  Қырықбаева Райкул қатысты.
«Атадан аманат, ұрпаққа ұлағат» ақсақалдар байқауы ауданда өткізіліп, оған 2 қария Кундибаев Алдонгар мен Көшербаев Турғанғали қатысып, бірі «Салт-дәстүр» және  «Ұрпаққа өсиет, аманат»  атты алғыс хаттармен марапатталды. 
22 Наурыз мерекесіне  орай  ауыдық округ  орталық алаңда  кйіз үй тігіп , мерелік  іс-шаралар өткізді. Ауылдық округ аудандық рейтинг бойынша алғашқы орынды иеленді. 23 наурыз күні  елді мекендерде   мерекелік іс-шаралар  өткізіліп, ауыл тұрғындарына наурыз көше таратылды.
Округтің учаскелік полициясы Абдыкулов Асхат Есегельдиевич 1988ж туылған, шені полиция капитаны,осы Нұрлыкент ауылының тұрғыны. Арнайы жеке кабинеті бар, қажетті жиhаздармен, компьютермен және телефонмен қамтамасыз етілген. Округ бойынша 8 қылмыс тіркеліп, оның ішінде  бір қылмыс қана ашылды. Қылмыстық атқару жүйесі мекемесімен тәрбие жұмыстарын жүргізу нәтижелері бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 3 азамат тұрақты жұмысқа тартылды. Теріс әрекеттер бола қалған жағдайда оларды ауыл ақсақалдары, көше басшылары және ауыл имамдары өздері реттейді.
 Аудандық прокуратура тарыпынан тексерілген осы шешімдер мен өкімдер кері қайтарылған жоқ. Тоқсандық есеп  бойынша  кіріс  құжаттар саны 160, шығыс құжаттар саны 475.
Округ тұрғындарымен 30 кездесулер мен жиналыстар өткізілді. 24 жазбаша өтініш қабылданды. Тұрғындардың 2007 жылдан бері тұрғын үй құрылысын соғуға жер беру туралы өтініштері тексеріліп,құжаттары тиісінше рәсімделіп 140 азамат  тіркелді. Жер учаскелері болған жағдайда өз кезектерімен берілетіні ескертілуде. Отбасының құрамы туралы 1723 анықтама берілді.
Округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының    10 түрімен қызмет көрсетілуде. Олар:
         «Айгөлек» шағын орталығына 11 балаға және «Балақай» балабақшасына 30 балаға, «Нұршуақ» балабақшасына 47 жолдама берілді.    «Жер  учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»  мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер саны 3-у.
Округтегі көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалау жұмыстары округ әкімінің  ақпан  айының 29-да  № 48 қаулысына  сай бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілді. Ауыл тұрғыны- Н.Рашев және  А.Жумагалиевпен тұрғындар келісім шартқа отырып, айына 24 рет қоқыс
шығарылды. Кездейсоқ қоқыс орындарын тазалауға округтегі шаруа қожалықтары, мекеме қызметкерлері, ұжымдар, тұрғындар және көше басшылары тартылып тазаланды. Осы тазалық жұмысына бюджеттен  280 мың теңге бөлініп, оған 1,5тн. әк,  100 кг  бояулар алынып жаратылды. Жол бойындағы талдар мен электр, телефон бағамдары 2 реттен әктеліп, сырланды. Ауыл көшелеріндегі арықтар мен каналдарға шығатын арықтар тазартылды. Іс-жоспарға сәйкес  тазалық жұмыстарға 4 қоғамдық жұмысщылар  қатысты. 3500 тал бұталды. 10 км  арықтар  мен каналдар  тазаланды, 10 тн қоқыс  шығарылды. 720 тұрғын үйлер алаңдары тазаланды.   2 ескерткіш аумағы тазаланды. 150 қарағаш және  2950 түрлі ағаш көшеттері  елді мекендерге және арнайы  бөлінген жерлерге егілді.
         Нұрлыкент ауылында ауыл тұрғындарының көмегімен  бейіт аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді. Тазалыққа 220 адам қатысты. Қоршаулар қалпына келтіріліп, сырланды. Демеушілердің көмегімен 150 мың теңге қаражат  жұмсалды.
Нұрлыкент ауылында  орталықтандырылған су жүйесіне қосылу мақсатында  М.Лоионосов орта мектебі, Нұрлыкент ауылдық округ ғимаратына және 320 тұрғын  үй  су құбырларын  тартып, таза  су пайдалануда.
Түктібай ауылы бойынша үй құрылысын жүргізуге Бас жоспар жасалуда.
         Ауылдық округте 2014 жылы жергілікті қоғамдастық құрылды. Қоғамдастықтың төрағасы және 17 мүшесі сайланды. Қоғамдастықтың ықпалымен ерікті топтар арнайы есепшотқа ақша аударуда.
         Ауыл тұрғындарының ірі қара малдарын қоғамдастықтың жиналысының шешімімен екі падаға бөліп бағу және малдарды асылдандыру негізінде «Гамбург» ЖШС –гінен асыл тұқымды 12 бас бұқа алу туралы келісім шарт жасалып, малдар асылдандырылуда.
         Қоғамдастық мүшелеріннің ұйымдастыруымен Теріс өзенінен Тихий каналына дейінгі 1 шақырымдай жерін «Гамбург»ЖШС нің техникасымен, «Тихий каналының» 2,5 шақырымдай жері және ауыл арасындағы негізгі 3 шақырым жері ауыл тұрғындарын көмегімен тазартылды.        
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен берілген 4424,0 мың теңгенің Нұрлыкент ауылындағы Наурыз көшесінің ағымды жөндеуге 3166,06 мың теңге және Түктібай ауылындағы Қызыл –Күншығыс көшесін ағымды жөндеу жүргізуге 1175,94 мың теңгеге сметалық құжаттары дайындалып, баға ұсынымымен портал хаттамасына сәйкес Нұрлыкент ауылындағы Наурыз көшесінің ағымды жөндеуге 812,7 мың теңге,  үнемделгені 2353,36 мың теңге  және Түктібай ауылындағы Қызыл- Күншығыс көшесін ағымды жөндеуді 477,3 мың теңгеге (үнемделгені 698,64 мың теңге)  «Абди –Строй» ЖШС-і жеңіп алып, мердігермен келісім шарт жасалды. Бүгінгі таңда екі көшеде сметалық құжаттарға сәйкес жұмыстары аяқталды. Үнемделген 3, млн 56 мың теңгеге Нұрлыкент ауылындағы Н. Замбаев көшесі 983777 теңгеге  және Е.Байғазиев көшелерінің тұйықтары 677700 теңге «Арсенал» ЖК жеңіп алып сметаға сәйкес  ағымдағы жөндеуден өткізілді. Үнемделген 1 млн 359,3 мың теңгеге тағы да М.Ломоносов орта мектебінен Көктем көшесіне баратын жоды 697000 теңгеге «Арсенал» ЖК  жөндеу жүргізуді. Үнемделген 662933 теңгеге Болашақ көшесін орта жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттары дайындалып мемлекеттік сатып алу туралы парталға енгізілді.
 Өзін-өзі басқару шотындағы қаржымен Нұрлыкент ауылына кіре берісіне арка  орнатуға мердігер  «Ғапар» ЖШС 428 мың теңгеге ұтып алды. Мердігермен келісім шарттар жасалды. Бүгінгі таңда арканы орнату жұмыстары толық аяқталады. Шымкент –Алматы жолындағы арнайы мал өткеліне жиналатын жауын суларын ағызуға 193,7 мың теңгеге арық қазылды.
Нұрлыкент ауылының жер асты суының жақын болуына байланысты су жүретін каналдар мен арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізу үшін 2 млн теңге қаржы қаралған болатын. Баға ұсыным тәсілімен ЖК «Бурыл Құрылыс» 549 мың теңгеге ұтып алып сметалық құжаттарға сәйкес, арықтар тазаланды.
Қоғамдастықтың шешімімен үнемделген қаржымен округтегі тозығы жеткен төрт көпірді жөндеу және  «Тихий» каналының бойындағы 6 шлюз жөндеуден өткізілуде.
Елді мекендердегі 9 дүкендерге  жарықтандырумен жазылған маңдайшалар іліну жұмыстары жүргізілді.
Округте өрттен сақтануға- 2 тақтайша, күл қоқыс тастаға тиым салынатын -6 тақтайша және суға шомылуға тиым салынатын 2 тақташалар тиісті жерлерге ілініп, тұрғындарға ескертілді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының»  2-ші бағытына  ауылдық округтен 14 азамат тіркеліп, құжаттарын дайындады.Рамазан Шимирбаев,Манас Раймкулов, Іңкәрбекова Аяулым бағдарламаммен  3,0 млн теңге  несие алып, мал бордақылау  жұмыстрарын бастады. Мемлекеттік бағдарламамен «Төлеген» ШҚ  3  жаңа МТЗ маркалы техникасын алды.
2016 жылдың 31 наурызына дейін деклорация тапсыру жұмыстарын шаруа қожалық  жетекшілері толық аяқтады.
 
Ауылдық округтегі көктемгі дала  жұмыстары жоспарға сәйкес орындалды. Жаздық арпа жоспар бойынша 1400 га, орындалған 1400 га. Мақсары жоспар  бойынша 783 га, орындалғаны 783 га. Картоп жоспар бойынша 255га, орындалғаны 271,5 га, көкөніс жоспар бойынша 130га, орындалғаны 130 га.
2016 жылдың аудандық статистика  басқармасына 3 жеке кәсіпкер  және 65 шаруа қожалықтары ай сайынғы 2 аш, тоқсандық 3 аш есептерін  тапсыру  жұмыстарын толық орындады. Қазіргі уақытта ауылшаруашылық дақылдарын субсидиялауға құжаттарын 13 шаруа қожалық жетекшілері өткізді.  
Ауылдық округтегі барлық мекеме қызметкерлері мен шаруа қожалықтары 2016 жылдың 14 шілде  күні Нұрлыкент ауылында өткізілген  «Егін жай»  облыстық семинарға  қатысты.
2016 жылдың  29 шілдеде «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты аудандық байқау конкурсінде «Балақай» балабақшасы  өз өнерлерімен қатысты.
Жергілікті  тұрғындардың сұранысы бойынша  Нұрлыкент ауылында тігін цехы ашылды.
Ауылдық кәсіпкерлердің қатысуымен қыркүйек айының                           10-11 жұлдызында ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізілді.
 
 
Ауылдық округ әкімі                                                     К.Хайралапов
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'