http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен функциялары

 

 

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен функциялары
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
1.    Міндеттері:
1)    Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
2)    Жануарларды аурудан қорғау және оларды емдеу.
3)    Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4)    Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және жою;
 
2.    Функциялары:
1)    Облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
2)    Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3)    Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4)    Мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы аппарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5)    Ветеринария мәселесі бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6)    Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта  өндеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру.
7)    Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8)    Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құқын иелеріне өтеу.
9)    Ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау.
10)                      ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулардың ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
11)                      мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерін ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
12)                      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстарды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
 Экспорттын (импортын ) және транзиттін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру,) тиеу, түсіру кезінде;
         Экспорт (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлернде, ыдыстың, буып-тыю матариалдарының барлық түрлері бойынша;
         Тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
         Экспорт (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтьарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
16)    мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға , өндіруге дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байлынысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау обхъектілерін орналастыру. Салу, рекоеструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
17)    жеке заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалау актісін жасау;
18)    тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өтізуді ұйымдастыру;
19) уәкілетті оьрган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялықұ материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіоу жөніндегі дерекқор бойынща іс-шаралар өткізу ұйымдастыру;
21) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмерлеріне қажетті айқындау және облыстық жергілікті атқатушы органына ақпарат беру;
22)ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларда облыстық жергілікті атқарушы органына ұсыну;
23) облыстық жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы әжәне жұқпалы емес ауруларының профилактика бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
24) облыстық жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасын бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын жануарлардың энзоотиялық  ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сауықтыруды ұйымдастыру;
26) облыстық жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
28) «Рұқсат және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру кіреді.
30) мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу ұйымдастыру және жүзеге асыру;
31) Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіппен өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің, заңды тұлғалардың басшыларынан тағайындайды және босатады;

 

32)  Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;  
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'