http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Ветеринария бөлімінің атқарылған жұмыстары

 

 

Ветеринария саласы адам және жануарлардың ортақ ауруларынан қорғау жұмыстарын жүргізеді. Ауданымызда  2016 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша  орындалған ветеринарияық атқарылған жұмыстары.
 Жануарлардың аса қауіпті  ауруларын болдырмау және олардың таралуының алдын алу мақсатында орындалған ветеринариялық санитариялық  жұмыстары
Ауданда ауыл шаруашылық жануарларының эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларына қарсы алдын- ала егу іс-шараларын және қан сынамаларын алу жұмыстарын «Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі» шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекттік кәсіпорны іске асыруда.
  2016 жылдың  8 айына жоспарланған аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы ауыл шаруашылық жануарларын вакцинациялау және ауыл шаруашылық малдарының қан сынамаларын диагностикалық тексеру жұмыстары төмендегіше.
МІҚ аусылына 53450 бас  жоспарланып, 53450 басқа егілген, оындалу пайызы 100 пайыз.
Аусылға қарсы Уақ малға 288300 басқа, шошқаға 2160 бас жоспарланып, вакцина егу 100 пайызға орындалды.
Туберкуллезге қарсы МІҚ малдарын аллергиялық тексеруге 8 айға     37700 басқа жоспарланып 37700 басына аллергиялық тексеру жүргізілді, орындалу пайызы 100 пайыз.
 
 Туберкуллезге қарсы шошқаға 8 айға 1000 бас жоспарланып 1000 басы аллергиялық тексеруден өтті. Орындалу пайызы 100 пайыз.
 
Сібір жарасына қарсы вакцина егуге  МІҚ малдарына 39310 доза, Уақ малға 187200 доза, Жылқыға 8320 басқа жоспарланып 100 пайызға орындалды. 
Құс тұмауы 43500 жоспарланып 100 пайызға егілді.
 Эктима-20 000 доза жоспарланып, 100 пайызға егілді.
 Лептоспироз ауруына қарсы МІҚ малдарына 13000 доза,  Уақ малға             25500 доза,  Жылқы малына 2500 доза, шошқаға 2600 доза жоспарланып,          100 пайызға толығымен орындалды. Қарасан ауруына қарсы мүйізді ірі қара малдарына 30 000 басқа вакцина жоспарланып, 100 пайызға орындалды.
  Уақ мал обасына қарсы 180 000 доза жоспарланып 180 000 басқа вакцина егілді.
Құтырық ауруына қарсы ет қоректілерге 6100 доза жоспарланып,            100 пайызға егілді.
 
Белгіленген жоспарға сәйкес 2016 жылдың 8 айына 39 979 бас МІҚ малы бруцеллез ауруына қарсы тексерілуі керек еді, алайда Жамбыл облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан құлақ жапсырмаларымен (сырға) толық қамтамасыз етілмеуі себебінен барлығы               22 573 бас тексерілді. Орындалу 56,4 пайыз.
 
(Бруцеллез ауруына  МІҚ 36 бас анықталып, 28 басы сойылды.
Уақ мал 285 бас анықталып, 260 бас сойылды. 24 бас өлген. Қалдықта 1 бас.)   
 
Уақ малдарға бруцеллезіне 8 айға 86871 жоспарланып, 85259 бас уақ малдан қан алынды, орындалу пайызы 98 пайыз.
Эпизоотиялық іс-шараларды атқаруға 87 миллион теңге қаражаты бөлініп, оның 8 айға 59 миллион теңге игерілді.
Энзоотиялық іс-шараларға 2 миллион теңге бөлініп 1 миллион теңгесі игерілді.  
 
Сібір жарасы бойынша.
 
Ауданымызда 45 Сібір жарасы ошағы тіркелген. «Сібір»жарасы көмінділерінің жер құжаттарын жасауға 2700,0 мың теңге бөлініп, бөлінген қаражатқа ҚР Ұлттық экономика Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарының басқару комитетінің «Жер кадастр ғылыми өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 20 (жиырма) «Сібір» жарасы көмінділеріне мемлекеттік акт жасауға келісім-шарт жасалып, жұмысы аяқталып, мемлекеттік жер акт алынды. Жуалы ауданы мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы                  №3-6 шешімімен 1500 мың қосымша бөлініп, 13 (он үш) «Сібір» жарасы ошағы көмінділеріне ағымдағы уақытта мемлекеттік жер акт алу жұмыстары жүргізілуде. 5 Сібір жарасы ошағын құжаттарын рәсімдеуге 665,0 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен келісім шарт жасалды. 7 Сібір жарасы ошағының мемлекеттік жер актысын жасауға жергілікті бюджеттен қосымша 938,0 мың теңге  қаражат бөлуге өтінім берілді. 
Топаграфиялық жұмыстары бойынша Сібір жарасы ошақтарын GPS құрылғысымен түсіру жұмыстары аяқталып құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
7 Сібір жарасы ошағына топографиялық картасын жасауға жергілікті бюджеттен қосымша 770,0 мың теңге қаражатын бөлуге өтінім берілді.   
45 Сібір жарасы ошағы көмінділері бетондалған. Оның 41 қоршалған, 4  Сібір жарасы ошағын қоршауға жергілікті бюджеттен 280,0 мың теңге бөлу үшін қаржы сұратылды және қаржы бөлінген сон қоршау жұмыстары жүргізіледі.
 
 
 
Мал сою алаңдары және  мал өлекселерін тастайтын
Беккари шұңқыры туралы
Ауданда 4 мал сою орындары бар.Олар Б.Момышұлы, Жетітөбе, Қызыларық, Қошқарата ауылдық округтерінде орналасқан.  Аудан әкімінің қаулысымен «Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына берілген. Б.Момышұлы ауылындағы мал сою алаңы бүгінгі күнге тұрақты жұмыс атқаруда. Мал сою алаңында 1 меңгеруші, 2 қасапшы, 3 қарауыл жұмыс атқаруда. Ауру жануарларды санитариялық сою жұмыстарына 8 243,0 мың бөлініп оның 6 589,0 мың теңгесі игерілді.  
        Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны теңгеріліміне Мыңбұлақ, Көкбастау, Боралдай, Күреңбел  ауылдық округтарында мал өлекселерін тастайтын «Беккери» шұңқырлары тіркелген. Жойылатын бұралқы иттер мен ауру жануарлар «Беккари» шұңқырына тасталып, жойылады. Мал көмінділерін күтіп ұстауға 900,0 мың теңге бөлініп оның 830,0 мың теңгесі игерілді.

 

Эхиноккоз, құтырық ауруларының таратушысы болып табылатын егесіз бос жүрген бұралқы  иттерді аулап, жоюға  жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы бөлінуде. 2016 жылы  егесіз иттерді жоюға  - 1 500- мың теңге бөлініп, бөлінген қаржы есебінен I-жарты жылдыққа, 1200 – мың теңге қаражаты игеріліп, 975 бас ит ауланып жойылды. 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'