http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

«Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

 

 

 

«Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
 
1.     Жалпы ережелер
 
1. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жуалы ауданы аумығында экономика және бюджеттік жоспарлау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, пошталық индексі 080300, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы, Еркінбек Сауранбекұлы көшесі №2.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субьектілерімен «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірістеріне жіберіледі.
 
2.     Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
 
14.«Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – бюджеттік жоспарлау, ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруда ведомствоаралық және салааралық үйлестіру және мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өкілеттілікті атқару.
15. Міндеттері:
Жуалы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесінің құжаттарын әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мониторинг жүргізу және жоғары тұрған уәкілетті атқарушы органға ұсыну.
16. Функциялары:
1) бес жылға арналған аумақты дамыту бағдарламасын әзірлейді;
2) аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
3) аумақтық дамыту бағдарламасын орындалуына мониторинг жүргізеді;
4) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізеді;
5) тірек елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізеді;
6) бюджеттік комиссиясының жұмыс органы болып табылады;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындайды және оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізеді.
8) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімдерін және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарастырады;
9) бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;
10) ауданның бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;
11) аудан бюджетінің жобасын ауданның жергілікті атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады;
12) аудандық бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлейді;
13) бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті нақтылау, секвестр және бюджетті түзету жұмыстарын жүргізеді;
14) бюджеттік бағдарлама әкімшілері әзірлеген инвестициялық ұсыныстарды қабылдайды;
15) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды;
16) инвестициялық ұсыныстың техникалық-экономикалық негіздемелерін қабылдайды;
17) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
18) бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады;
19) бухгалтерлік есепті және есептілікті жүргізеді;
20) азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады.
 
17. Құқықтары мен міндеттері.
1) аудан әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) аумақтық даму бағдарламасына және іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспарын түзету жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
3) мемлекеттік мекемелерден меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардан өз құзырына кіретін мәселелер бойынша белгіленген мерзімде ақпаратты алу және сұрату;
4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру;
5) аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден жылдық қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді алуға;
6) құпиялық режимінің, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттің атқару мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысуға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
 
3.     Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
 
18. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
21. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) тиісті әкімшілік – аумақтық бөлініс аумағында тиісті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өз-ара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
2)  мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;
3) мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді;
4) мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастырылу тәртібін және өкілеттілігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді;
5) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
6) мекемені тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыруын қадағалайды;  
7) мекеменің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты.
«Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес  оны алмастыратын тұлға орындайды.
 
4.     Мемлекеттік органның мүлкі
 
22. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделсе, «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті  және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 
5.     Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
 
25. «Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'