http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын

 

 

 
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11094 тіркелді
      РҚАО-ның ескертпесі!
       Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
     2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 8-тармағы 1) тармақшасы үшінші абзацын және 10-тармағының үшінші бөлімін қоспағанда, мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                          С. Омаров
      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      _____________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы « »
      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев
      2015 жылғы « »
  Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
 міндетін атқарушының
  
 2015 жылғы 27 ақпандағы
 
 № 4-3/177 бұйрығымен
  
 бекітілген
        
   Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және көктемг
i егіс пен егiн
жинау жұмыстарын жүрг
iзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын
субсидиялау қағидалары
      1. Осы Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.
      2. Субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiн айқындау үшiн республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң шешімімен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) құрылады.
      Комиссия құрамына мыналардың өкілдері енгізіледі:
      1) республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі, оның ішінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармалары немесе бөлімдері, ауылдық округ әкімі;
      2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның аумақтық инспекциясы;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палатасы;
      4) аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдар (бар болса).
      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      3. Қаржыландыру облыстың және республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысы негiзiнде тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттерде, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
     Қандай да бір аудан (облыстық маңызы бар қала) бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың әкімдері оларды облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында қайта бөлуі мүмкін.
     4. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) облыс әкімдігінің қаулысымен, ал республикалық маңызы бар қала, астана бойынша республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.
      5. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға, және (немесе) 1 тоннаға)) (бұдан әрі – субсидиялар нормалары) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредитациясы бар аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келісілгеннен кейін әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептерін қоса бере отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен екі данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ұсынылады.
      Министрлік оң нәтижесі болған жағдайда, тиісті ілеспе хатпен басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларын бір данасын қайтарады.
      Министрлік теріс нәтижесі болған жағдайда, бас тарту туралы хатпен басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларын екі данасын да қайтарады.
      Ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және (немесе) субсидиялар нормалары облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің қаулысымен бекітіледі.
      Ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесіне және (немесе) субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші – төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Қаулы интернет-ресурсқа орналастырылғаннан кейін, Министрлік екі жұмыс күні ішінде басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларының бүрын келісілген тізбеге және субсидиялар нормаларына сәйкестігін салыстырып тексереді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.06.2015 № 4-3/553 бұйрығымен.
      6. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес жыл сайын басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының, оның ішінде лизинг шартының негізінде сатып алынған көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi тұқымның құнын арзандатуға (40 %-ға дейiн) бөлiнедi.
      7. Субсидиялар Министрлікпен келісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен белгілеген 1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша төленеді.
      8. Субсидияларды төлеу мынадай шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:
      1) дәнді және дәнді-бұршақ дақылдар (күріштен, дәндік жүгерiден басқа) бойынша – егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %.
      Субсидиялар нормалары дәнді және дәнді-бұршақ дақылдардың (күріштен, дәндік жүгерiден басқа) әрбір түрі бойынша олардың өңірлердегі басымдылығына қарай сараланып белгілінеді.
      Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдарын (күрiштен, дәндік жүгерiден басқа) өсірумен айналасатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5759 тіркелген) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне және (немесе) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесіне енгізілген (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім және Тізбе) сорттардың үшінші репродукциясынан төмен емес тұқымдарды себу шартымен төленеді.
      2) майлы дақылдар бойынша - егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %, немесе (қолда бар қайта өндеу қуаттарына сәйкес):
      eгic науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға - 50 %;
      сатылған немесе қайта өңдеу ұйымдарына қайта өңдеуге өткізілген, не өзінің қайта өңдеу құрылымдарына өткізілген 1 тонна майлы тұқымға – 50% төленеді;
      3) күрiш, дәндік жүгерi, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, көкөнiс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарын қоспағанда), жемшөптік, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi жылы өсіп жатқан көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер және картоп бойынша – егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100%.
      Күрiш өсiрумен айналысатын және 200 гектардан кем күріш егіс алаңы бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, егер олар ауылдық тұтыну кооперативiне не су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативiне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50% мөлшерінде субсидия төленеді.
      Күріш өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар Мемлекеттік тізілімге және Тізбеге енгізілген сорттардың үшінші репродукциясынан төмен емес тұқымдарды себу шартымен төленеді.
      4) қант қызылшасы бойынша (фабрикалық):
      егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға - 50 %;
      қант зауытына өткізілген немесе қайта өңдеуге тапсырылған 1 тонна қант қызылшасына – 50 %;
      5) мақта бойынша:
      егіс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға - 50%;
      мақта өндеу зауытына өткізілген немесе қайта өңдеуге тапсырылған 1 тонна шитті мақтаға - 50%.
      Мақта өсірумен айналысатын және 50 гектардан кем мақта егіс алаңы бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, егер олар ауылдық тұтыну кооперативiне не су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативiне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50% мөлшерінде субсидия төленеді;
      6) қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша – жылыжай типіне қарай сараланған және уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен мақұлданған көкөніс дақылдарын өсіруге жұмсалған шығын нормативтеріне сәйкес, алынған өскiн қорытындылары бойынша бiр гектарға көзделген субсидиялардың жылдық нормасы бойынша әрбiр дақыл айналымына жеке - 50 % (1 шаршы метрге өскен көшеттің кемiнде 95 %-ы).
      Бұл ретте жалпы қорғалған топырақтағы көкөнiс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналымы субсидияланады: бiрiншiсi – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейiн және екiншiсi – 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн (қысқы-көктемгi және күзгi-қысқы кезеңдер). Дақыл айналымының белгіленген басталу және аяқталу күндерінен 15 күнге ауытқуға жол беріледі.
      Жылыжайлар типтері бойынша өнеркәсіптік жылыжай кешендері және фермерлік жылыжайлар болып бөлінеді.
      Жарықты өнеркәсіптік жылыжай кешендері – механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін, жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, кемінде 0,5 гектар жалпы мүкәммалдық ауданы бар және жылыту (орталық немесе газбен немесе автономды), климаттық бақылау (оның ішінде ауаны қосымша ылғалдандырудың автоматтандырылған жүйесін), жарық беру, перделеу, тамшылатып суару жүйелерін қамтитын қорғалған топырақтың құрылыстар кешендері.
      Жарықсыз өнеркәсіптік жылыжай кешендері – механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін, жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, кемінде 0,5 гектар жалпы мүкәммалдық ауданы бар және жылыту (орталық немесе газбен немесе автономды), климаттық бақылау (оның ішінде ауаны қосымша ылғалдандырудың автоматтандырылған жүйесін), тамшылатып суару жүйелерін қамтитын қорғалған топырақтың құрылыстар кешендері.
      Фермерлік жылыжайлар – жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны, жылыту және тамшылатып суару жүйесі бар үй-жай түрінде орындалған, көкөніс дақылдарын, сондай-ақ, ашық топыраққа отырғызу үшін олардың көшеттерін жыл бойы немесе маусымдық өсіруге арналған және өнеркәсіптік жылыжай кешендері үшін көзделген жабдықтармен және техникалық құралдармен жарақтандырудың техникалық өлшемдері бойынша сәйкес келмейтін қорғалған топырақ құрылысы;
      7) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту (оның ішінде былтырғы жылдың күзінде) және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер бойынша (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) – 1 гектар егіске 100 %.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.06.2015 № 4-3/553 бұйрығымен.
      9. Субсидиялар нормасы мынадай жағдайларда:
      1) көкөнiс-бақша дақылдарын ашық топырақта, майлы дақылдар, дәндiк жүгерi, сүрлемдiк жүгерi, картоп, қант қызылшасы мен мақтаны өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйелерiн, өнеркәсiптiк үлгiдегi сплинкерлік суару жүйелерiн қолдана отырып өсіргенде. Бұл ретте өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйесi: сорғы станциясын, гидроциклонды (немесе сүзгiш қондырғыларын), гидроазықтандырғышты, қысым реттегiштi (механикалық немесе автоматты типті), су өлшегiштi және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесiн қамтуға тиiс;
      2) суармалы түрде көп жылдық және бір жылдық шөптерді, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi жылы өсіп жатқан көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді және шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген көп жылдық шөптерді (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) өсіргенде ұлғайтылады.
      10. Субсидиялар егiстiк жерде өсiрiлетiн оңтайлы мерзiмде себілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық жерге шөп егiп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптердiң алаңдарына ғана төленедi.
      Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiне (бұдан әрі – субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімі) қосу үшін ұсыну мерзімдері және оңтайлы себу мерзiмдерi ғылыми ұйымдардың қорытындылары негiзiнде жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің қаулысымен субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша айқындалады.
      Бұл ретте, субсидиялар облыс және республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктері бекіткен тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) ең төмен нормаларына (осы норма бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіруші шаруашылықтарға, тұқым өсіруші шаруашылықтарға таралмайды) сәйкес жоспарлы сұрып жаңартуды қамтамасыз етуге қажетті көлемде бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды және алғашқы буынды будандарды сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленеді.
      11. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бөлім орналастырған өтінім қабылдаудың басталуы және аяқталуы туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей бөлімге өтiнiмді және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасын бір данада ұсынады.
      12. Дәндi және дәнді-бұршақ дақылдарды (күрiштен, дәндік жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бөлімге:
      өткен жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер растаған және бөліммен келісілген) көшірмесін;
      ағымдағы жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер растаған) көшірмесін ұсынады.
      Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмесін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және бөлім куәландырады және бөлімде үш жыл сақталады.
      13. Кант қызылшасының, шитті мақтаның және майлы дақылдардың 1 тоннасына субсидия алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімде қосымша:
      қайта өндеуші зауытымен жасалған қант қызылшасын, шитті мақтаны және майлы дақылдарды сатып алу-сату және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарттардың;
      майлы тұқымды меншікті шағын цехтарында қайта өңдеген кезде – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында олардың басшылары қол қойған майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісінің бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
      14. Қорғалған топырақта көкөнiс өсiрумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiне қосу үшін өтінімде қосымша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңының қөлемі туралы техникалық паспортының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
      15. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер лизинг шартының негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын сатып алған кезде субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiне қосу үшiн өтінімде қосымша лизинг шартының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
      17. Бөлiм республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және ресми баспасөз басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды, Комиссияның жұмыс тәртiбiн орналастырады.
      18. Бөлiм осы Қағидалардың 11–14-тармақтарында көрсетілген өтiнiмдер мен құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде олардың толықтығын тексередi және Комиссияның қарауына енгiзедi. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар бес жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге пысықтауға қайтарылады.
      19. Комиссия үш жұмыс күнi iшiнде бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алуға үмiткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тiзiмiн жасайды, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға, ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) жеткiзiлген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялау көлемiн бөледi.
      20. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтiнiмдерi республикалық маңызы бар қалаға, астанаға ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) жеткiзiлген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялау көлемінен асып түскен жағдайда басымдық ауылдық тұтыну кооперативтерiнiң немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерi мүшелерiнің өтінімдеріне берiледi, ал қалған көлем берiлген өтiнiмдерге барабар бөлiнедi.
      21. Субсидиялар алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егістің оңтайлы мерзімінде егіс науқаны аяқталғаннан кейін, бөлімге дақылдардың түрлерi бойынша нақты себу алаңы мен мерзiмдерiн көрсете отырып, егiс науқанының аяқталғаны туралы жазбаша ақпарат ұсынады.
      22. Егістің белгіленген оңтайлы мерзімі аяқталған соң бөлiм өскiндердiң болуын, сондай-ақ ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасында (сызбасында) көрсетілген ауыспалы егістердің сақталуын шолып тексеру мақсатында екi апта мерзiмде Комиссия мүшелерiнiң (келісім бойынша) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады.
      23. Тексеру қорытындылары бойынша Комиссия мүшелерi (келісім бойынша) үш жұмыс күні iшiнде өткен жылғы күздiк дақылдарды (қыстап шыққаннан кейін) және көп жылдық шөптерді қоса, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егiстiктері мен екпелерін қабылдау актiсiн (бұдан әрi – қабылдау актiсi) жасайды.
      Қабылдау актiсi үш данада жасалады, оның бiреуi ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде, бiреуi – Комиссияда және бiреуi – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасында (бұдан әрi – басқарма) қалады және үш жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бекітеді.
      24. Комиссия қабылдау актiсiнiң және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде егiстiктi соңғы қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн бес жұмыс күні iшiнде тiзiм жасайды және оны аудан әкiмiне, ал облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша – қала әкiмiне бекiтуге жолдайды.
      Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі екі жұмыс күні ішінде тiзiмді бекітеді.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне енгізуден бас тартқан жағдайда, тексеру жүргiзiлгеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде бөлiм ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бас тарту себептерін көрсете отырып, тиiстi анықтама береді.
      Өскіндердің болмауы және (немесе) егіс алаңдарының мәлімделген мөлшерлерге сәйкес келмеуі субсидиялар беруден бас тартуға себеп болып табылады.
      25. Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде басқармаға республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдерi бекіткен субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімін, қабылдау актiлерiн және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк, ұлттық почта операторы анықтамасын бір данада ұсынады.
      26. Басқарма ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және бес жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастырады.
      Төлем жүргізген кезде басқарма аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта ұсынған жағдайда екі данада төлем шоттарын қоса бере отырып, төлем шоттарының тізілімін ұсынады, ал төлем шоттарын «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізген кезде төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды.
      Тиесілі субсидияларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің банк шоттарына аударуды басқарма тиісті жылдың 15 желтоқсанына дейін жүзеге асыратын осы Қағидалардың 8-тармағының 2), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тиесілі субсидияларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің банк шоттарына аударуды басқарма тиісті жылдың 15 қыркүйегіне дейін жүзеге асырады.
      27. Басқарма тиiстi жылдың 5 шiлдесiне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Министрлікке субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi.
      Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялауға бөлінген бюджеттік қаражатты игеру жөніндегі жиынтық ақпарат облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдіктерінің интернет-ресурсында жылына бір рет, тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей орнастырылады.
  Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау
 арқылы өсiмдiк шаруашылығының  
 шығымдылығын және өнім сапасын 
 арттыруды, жанар-жағармай    
материалдарының және көктемгi егіс пен
 егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін
қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
 құндылықтардың құнын және ауыл  
 шаруашылығы дақылдарын қорғалған 
 топырақта өңдеп өсіру шығындарының
 құнын субсидиялау қағидаларына  
 1-қосымша             
Нысан
_____________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
ведомствоаралық комиссиясына
 Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн
жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына
субсидиялар алуға өтінім
___________________________________________ негізінде әрекет ететін
         (құрылтай құжаты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
атынан бірінші басшы ________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
_____________________________________________________________________
мынадай алаңда ауылшаруашылығы дақылдарының төмендегідей түрлерін
өсіру үшін жанар-жағар май материалдары мен көктемгі егіс пен егін
  жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық-материалдық
    құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия бөлуді сұрайды:
____________гектар ________________ __________гектар ________________
  (алаңы)               (дақыл)       (алаңы)           (дақыл)
____________гектар ________________ __________гектар ________________
(алаңы)                (дақыл)       (алаңы)           (дақыл)
____________гектар ________________ __________гектар ________________
(алаңы)                (дақыл)       (алаңы)           (дақыл)
Р/с №
Деректер көзі
Қажетті мәліметтер
Деректер
1
2
3
4
1.
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама - заңды тұлға үшін
тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.
Жеке басын куәландыратын құжат - жеке тұлға үшін
жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - жеке тұлға үшін
орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.
Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат
акт нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, гектар


оның ішінде шабындық


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер пайдаланушының атауы


4.
Тұқымдардың сорттық және егістік сапасын растайтын құжат.
Өндiрушiлер берген тұқымға аттестат немесе тұқымға куәлік (тұқым сатып алынған жағдайда), ал себу үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда–тұқымның кондициялығы туралы куәлік
құжаттың атауы


нөмірі


берілген күні


тұқым өндіруші


сорт


репродукция


5.
Қайта өндеуші зауытымен жасалған қант қызылшасын, (шитті мақтаны, майлы тұқымды) сатып алу-сату шарты (өндірілген қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның 1 тоннасына субсидиялар алу үшін)
нөмірі


өндірушінің атауы


салыстыру актісі


қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен


6.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт (1 тонна қант қызылшасына, шитті мақтаға, майлы тұқымға субсидиялар алу үшін)
нөмірі


өндірушінің атауы


салыстыру актісі


қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен


7.
Тауар өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісі
нөмірі


берілген күні


қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен


8.
Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңының қөлемі туралы техникалық паспортының (қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін)
мекенжайы


кадастрлық нөмірі


түгендеу нөмірі


нысаналы мақсаты


қор санаты


9.
Тұқым сатып алуға арналған лизинг шарты
лизинг беруші


нөмірі және берілген күні


10.
Ауылдық тұтыну коопе-ративiнiң немесе су пайдаланушылардың ауылдық кооперативiнiң анықтамасы (бар болса)
нөмірі және берілген күні


кооператив атауы


      Ескертпе:
      * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және жалған мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Басшы ___________ ______________________________________________
        (қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөрдің орны
20__ жылғы «__»_____________
Өтініш 20__ жылғы «__»_____________ қарауға қабылданды.
___________     _____________________________________________________
  (қолы)           (өтінішті қабылдаған жауапты адамның тегі, аты,
                             әкесінің аты (бар болса))
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Басымдақылдарөндiрудi субсидиялау
 
арқылыөсiмдiкшаруашылығының  
 
шығымдылығынжәнеөнімсапасын 
 
арттыруды, жанар-жағармай    
материалдарыныңжәнекөктемгi егіспен
 
егiнжинаужұмыстарынжүргiзуүшін
қажеттi басқадатауарлық-материалдық
 
құндылықтардыңқұнынжәнеауыл  
 
шаруашылығыдақылдарынқорғалған 
 
топырақтаөңдепөсірушығындарының
 
құнынсубсидиялауқағидаларына  
 2-
қосымша           
Нысан
«Бекітемін»             
_______________________________________
 (облыстың атауы)          
_______________________________________
республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
ауданының (облыстық маңызы бар қаланың,) әкімі
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі)
 20___ жылғы «___» _________     
 Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығының шығымдылығын өнiмi және сапасын арттыруға,
жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін
жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына, ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына
субсидиялар алуға арналған___________________ республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, ауданының (облыстық маңызы бар
қаланың) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің тізімі
Р/с
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы
Басым
ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Комиссия актісімен қабылданған егістік алаңы, гектар (өндірілген өнім көлемі, тоннамен)
1 гектарға
(1 тоннаға) арналған субсидия нормасы, теңге
Төленуге тиісті бюджеттік субсидиялар көлемі, теңге
(4-баған
  х 5-баған)
1
2
3
4
5
6
















































Комиссия төрағасы ___________________________________________________
                     (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_________________________ ауданының ____________ бөлімі______________
               (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөрдің орны
Комиссия мүшелері:
__________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
__________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
  Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау
 арқылы өсiмдiк шаруашылығының  
 шығымдылығын және өнім сапасын 
 арттыруды, жанар-жағармай    
материалдарының және көктемгi егіс пен
 егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін
қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
 құндылықтардың құнын және ауыл  
 шаруашылығы дақылдарын қорғалған 
 топырақта өңдеп өсіру шығындарының
 құнын субсидиялау қағидаларына  
 3-қосымша           
Нысан
«Бекітемін»            
_______________________________________
 (облыстың атауы)          
_______________________________________
республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
ауданының (облыстық маңызы бар қаланың,) әкімі
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі)
 20___ жылғы «___» _________    
 Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің егістіктерін
және екпелерін қабылдау актісі
20__ жылғы « »
№ ____
Біз, төменде қол қоюшылар,
Комиссияның төрағасы:
_____________________________________________________________________
          (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Комиссияның мүшелері: _______________________________________________
_____________________________________________________________________
          (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_____________________________________________________________________
          (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
бір тараптан және
_____________________________________________________________________
           (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер атауы)
__________________ басшысы екінші тараптан 20___ жылы мынадай
алаңдарда төмендегі басым ауыл шаруашылығы дақылдары өскіндерінің
алынғаны (отырғызылғаны) туралы осы актіні жасадық:
гектар ______________________ гектар __________________________
гектар ______________________ гектар __________________________
гектар ______________________ гектар __________________________
Комиссия төрағасы _______________________________________ ___________
             (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) қолы
Комиссияның мүшелері: ___________________________________ ___________
            (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))  қолы
                      ___________________________________ ___________
            (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))  қолы
                      ____________________________________ __________
            (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))  қолы
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші ___________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), қолы, мөрі)
  Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау
 арқылы өсiмдiк шаруашылығының  
 шығымдылығын және өнім сапасын 
 арттыруды, жанар-жағармай    
материалдарының және көктемгi егіс пен
 егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін
қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
 құндылықтардың құнын және ауыл  
 шаруашылығы дақылдарын қорғалған 
 топырақта өңдеп өсіру шығындарының
 құнын субсидиялау қағидаларына  
 4-қосымша            
Нысан
«Бекітемін»                  
 Басқарма бастығы                
________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі)
 20___жылғы «___» _________          
 Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Р/с
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Комиссия актісімен қабылданған егістік алаңы, гектар (өндірілген өнім көлемі, тоннамен)
1 гектарға (1 тоннаға) арналған субсидия нормасы, теңге
Төленуге тиісті бюджеттік субсидиялар көлемі, теңге (4- баған х 5-баған)
1
2
3
4
5
6




























































Басқарманың қаржы бөлімінің басшысы _________________________________
                           (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бөлім басшысы _______________________________________________________
                   (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
  Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау
 арқылы өсiмдiк шаруашылығының  
 шығымдылығын және өнім сапасын 
 арттыруды, жанар-жағармай    
материалдарының және көктемгi егіс пен
 егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін
қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
 құндылықтардың құнын және ауыл  
 шаруашылығы дақылдарын қорғалған 
 топырақта өңдеп өсіру шығындарының
 құнын субсидиялау қағидаларына  
 5-қосымша           
Нысан
«Бекітемін»                
 Басқарма бастығы              
________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі)
 20___жылғы «___» _________      
1-кесте
 _____________ облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарын
субсидиялауға ____ жылы бөлінген бюджеттіқ қаражаттың игерілуі
жөнінде жиынтық ақпарат
р/с №
Басым дақылдар
Егіс алаңы
мың.гектар
1 гектарға субсидиялау нормасы,теңге
Бөлінген субсидияның көлемі мың теңге
Игерілген,
мың теңге
1
2
3
4
5
6


























Жиыны








2-кесте
 Субсидия алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің саны


Акционерлік қоғамы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шаруа қожалығы
Өндірістік кооператив
Басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер
Саны, бірлік













 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'