http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Картоп алқабында – жаңа технология

 

 

Картоп алқабында –  жаңа технология
Өткен жылдың 30 қарашасында жария етілген «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасының Жолдауында белгіленгендей, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының басым міндеті – жақсы еңбек ету, білімді ұрпақ өсіру, елдің дамуына үлес қосу. Осы бағыттағы халыққа ұсынылған бағдарламалар, Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бойынша атқарылатын жұмыстар 5 институционалдық реформалардың орындалуы болып табылады.
Заман талабына сай еңбек етіп отырған «Злиха» шаруа қожалығы басшылығы жылдан-жылға картоп өсіру көлемін ұлғайтып қана қоймай, жаңа технологияны қолдануға ұмтылуда. Осы бағытта ұжым аянбай еңбек етіп келеді. Мұнда бүгінде қызу жұмыс жүруде. Жоспарланған 90 гектар картоп алқабының 40 гектары егілді. Екі картоп сақтайтын қоймаларда қысы бойы 1200 тонна, әрқайсысында 600 тоннадан сақталған тұқым тазартылып, шетінен картопты сұрыптайтын аппараттан өткізіліп, дәріленіп, егістікке тасымалдануда .
Тұқым жақсы сақталған. Қоймада картоптың «Латона», «Невский», «Алладин» сорттары сақталды. Қыс жылы болғандықтан, картопқа қажет температураны сақтай алмадық, сол себептен ол өніп кетті. Бірақ шірімеген, шығыны жоқ, сондықтан тазалау оңай болып жатыр, - дейді бригадир Есбол Сатынбеков.
-Қожалық сұрыптау жұмыстарын жүргізіп отырған 25 қыз-келіншекті арнайы көлікпен күніге аудан орталығы Б.Момышұлы ауылынан тасымалдайды. Оларға әрқайсысына күніне бір мың теңге жалақы төленеді. Әйелдердің жұмыс істегеніне 5 күн болды, енді тағы 5 күн ішінде жұмысты аяқтаймыз, - дейді олардың бригадирі Әлия Күлчанбаева.
Көп жылдан бері қожалықта еңбек етіп жүрген жүк тиеушілер Танат Танабеков, Қанат Ержанов, Алмаз Сатынбеков және топ бригадирі Бекежан Қараев сұрыпталған картопты аппаратқа салып беріп тұрады, ал оның қыр-сырын әбден меңгерген жұмысшылар Назым Оңалбаева, Айнаш Игілікова, Ақмарал Танабекова, Алтынхан Тәтекова, Айнұр Әлімбекова мен Ләззат Жарылқасынова картопты сорттап қаптарға салып, тиейді. Одан кейін тұқым көлікке салынып, дәріленгеннен кейін, голландиялық картоп егетін техникаға салынады. Тұқым жерге түскеннен кейін ол топырақты үйіп түптейді.
-Ал картоп өнгеннен кейін Германиядан алынған тракторлар топырақты қопсытып, екінші рет үйіп өтеді.Сонда картоптың өнімі де жоғары болады. Картоп шыққаннан кейін  селитра, «Престиж» өсімдікті дамыту үшін арнайы коректендіруші береміз. 22 күннен кейін өнген картоптың арам шөбін жоюға арналған дәрі себеміз, - деді Есбол Сатынбеков.
Қожалықтың мамандары жылына 1-2 рет республика көлемінде өтетін семинарларға қатысып отырады. Былтырғы жылы олар Қарағанды, Алматы облыстарында өткен сондай пайдалы семинарларға қатысып қайтқан екен. Онда картоп өсірудің бірнеше жаңа әдістерін көріп үйренген.
1998 жылдан бері қожалықта сушы болып жұмыс істеп жүрген Үсіпбек Бегалиев пен Сыбанқұл Досыбаев өз ісіне жауапкершілікпен қарап, өздерінен кейінгі жастарды үйретуде.
-           Биыл 90 гектар картоп алқабын 4 сушы суғарамыз. Кемінде 5-6 рет су беру керек, сонда картоптың өнімі де жоғары болуы тиіс, - дейді Үсіпбек аға.
Жылдан-жылға картоп өсірудің жаңа әдіс-тәсілдерін және оның қыр-сырын меңгерген «Злиха» шаруа қожалығы ұжымы мол әрі сапалы өнім алу бағытында бар күш-жігерін салып, аянбай еңбек етуде.
 

 

Г. Маханбет.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'