http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Ұстаздармен кездесті

 

 

Ұстаздармен кездесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы жарияланған күннен-ақ еңбек ұжымдарының қызу қолдауына ие болып келеді. Бұл жылдың басты құжатының құндылығы  - жасқа да, кәріге де түсінікті тілде жазылып, қазіргі дағдарыс жағдайының нақты іс-әрекеттермен еңсерілуін көрсетіп беруінде жатыр деуге болады. Жолдауда Елбасының өзі атап көрсеткендей, білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақысы  29 пайызға ұлғайтылуы да ұстаздар қауымының ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбегіне үлкен серпін берді. Сонымен қоса жыл басынан басқа да сала қызметкерлерінің жалақылары едәуір көбейтілді. Бұған да халық дән риза.
Міне, жақында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Мақсат Жақыпбаев ауданымызда болып, ұстаздар қауымымен кездесті. Әрине, басты тақырып – Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы. Ақсай ауылдық округінің орталығында орналасқан №2 Мыңбұлақ орта мектебінде өткен жиынға мұғалімдер шақырылды.
Басқосуды Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының сектор меңгерушісі  Бақытжан Мұхтарқұлов ашып, сөзді облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Мақсат Жақыпбаевқа берді. М. Жақыпбаев өз сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатынан бастап, халыққа арналған биылғы Жолдауының маңыздылығына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің қол жеткізген толағай табыстары мен жарқын жетістіктерін кеңінен сөз етті. Облыста атқарылып жатқан инвестициялық жобалардың да облыс экономикасының дамуына оң әсер етіп жатқанын баяндай келе, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты қолға алынып жатқан іс-шаралардың көп- ұлтты халқымыздың рухын көтеріп, тынысын кеңейтетінін атап өтті.
Ұстаздар қауымы атынан сөз алған мұғалімдер Аманғали Нарымбеков, Ғали Қадіров Елбасы Жолдауын қолдайтынын жеткізіп, елдің нығайып, одан әрі дамып, өркендеуі жолында жан-жақты дамыған жас ұрпақ тәрбиелей беретіндіктерін айтты.
Жиынды Б. Мұхтарқұлов қорытындылады.

 

Н. Манасұлы.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'