http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Дала төсі – табыс көзі

 

 

Дала төсі –  табыс көзі
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы ел өміріне ерекше серпін, тың жігер берді. Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға, ауылды көркейтуге ерекше көңіл бөлген.
Бүгінде елімізде көптеген ауылшаруашылық  кооперативтері және шағын шаруа қожалықтар  жұмыс істеуде. Еңбек адамдарының адал еңбегінің нәтижесінде ауыл адамдары жұмыспен қамтылып, ауылдарымыздың жағдайы көтеріліп, сапалы ауылшаруашылық өнімдері өндірілуде. Осындай еңбекқор азаматтар біздің ауданымызда да жетерлік. Соның бірі – шыңбұлақтық Нұрбол Темірбеков.
Нұрбол Қалханұлы Шыңбұлақ ауылында туып-өскен.
Әкесі бастап берген шаруашылықтың жұмысын дөңгелетіп алып кеткен Нұрбол аға бүгінде биік белестерді бағындыруда.
«Темірбековтер» шаруа қожалығында бүгінгі таңда 30-35 жанұя еңбек етеді. Шаруашылықта еңбек ететін жұмысшыларға еңбек ақыдан бөлек қыстық отын, ұн, соғым беріледі. Сонымен бірге жиын-терім біткен кезде жыл сайын жақсы жұмыс істеп, көзге түскен жұмысшыға автокөлік сыйақы ретінде беріледі.
Жұмысшылардың көмегімен 2014 жылы он мың тонналық қойма салынды. Одан басқа үш қойма бар. Техникалары жеткілікті.
Шаруа қожалықта ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан бригадир Байтөреев Мәуленбай, инженер Ракишев Нұрлан, механизаторлар Қайыпалдин Нұрлан, Үсібалиев Спан, Тымбаев Марат, Байтөреев Нұрлыжан, Дәуренбек Нұржан т.б. сынды тәжірибелі мамандар еңбек етеді.
«Бірлік бар жерде, тірлік бар»  демекші, шаруа қожалығында осыншама еңбек адамы бір атаның баласындай ынтымақпен еңбек етіп, отбасын асырап отыр.
«Әке көрген оқ жонар» дегендей, әке жолын қуған Нұрбол Темірбековтың алға қойған мақсаты, жоспарлары көп. Әрине,  мұның бәрі ауылды көркейтуге, халықтың жағдайын көтеруге бағытталған.
Жаны жомарт, еңбекқор, іскер азамат Нұрбол ағаға  біз тек қана табыс, сәттілік тілейміз.
 
Жандар Гүлбақыт,
ТарМУ журналистика

 

бөлімінің 3 курс студенті.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'