http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Қауіпсіздікке бәріміз жауаптымыз

 

 

Қауіпсіздікке бәріміз жауаптымыз
Жаңа Еңбек кодексінің тұжырымдамалық тәсілдері халықаралық тәжірибеге, оның ішінде, бірінші кезекте құрамына кіруді Қазақстан таяудағы перспективада жоспарлап отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, еңбек заңнамасын ырықтандыру міндеттеріне негізделеді. 
Қабылданған Кодекс жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынасы саласына мемлекеттің араласу шеңберлерін нақты анықтап алу және тараптардың тең болуын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігін бөлуді нақтылады.
Мемлекет өз тарапынан қызметкерлерге базалық кепілдіктер мен өтемақыларды төменгі еңбек стандарттарын, негізгі құқықтары мен міндеттерін белгілеп, олардың жұмыс берушілер тарапынан орындалуына қатаң бақылау жүргізеді.
Бұл ретте, төменгі әлеуметтік стандарттар еңбек бостандығына, қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына, қандай да бір кемсітусіз еңбегі үшін сыйақыға әрбір азаматтың еңбекке қатысты конституциялық құқықтарын толық көлемде қамтамасыз етеді.
Жұмыс беруші мен қызметкерлердің ара қатынастары ұжымдық келіссөздер және олардың арасындағы келісімдер мен шарттар арқылы жасалатын болады.
Заңдарымыздың қатаңдығы немесе икемділігі инвесторлар үшін ғана емес, ең алдымен, жұмыс орындарының және халықты жұмыспен қамтудың көзі болып табылатын біздің кәсіпорындарымыз үшін де маңызды.
Сол себепті, Кодексте  бір жағынан жұмыс берушілер үшін белгілі бір көлемде жұмысқа жалдау, кадрлық көтеру, жұмыстан босату, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді анықтау рәсімдері жеңілдетілді, екінші жағынан, қызметкерлердің базалық еңбек кепілдіктері мен құқықтары белгіленіп, оларды жеке, ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы кеңейту мүмкіндігі қарастырылды.
Осылайша, өз дәрежесінде дамымай келген ұжымдық шарттар мен келісімдердің рөлі едәуір артуға тиіс.
Жыл басында өткен әлеуметтік әріптестік пен және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі  облыстық  үшжақты комиссияның отырысында  берілген тапсырмаға сәйкес, ҚР Еңбек кодексінің негізінде тоқсан сайын облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы 100 ірі және орта кәсіпорындарындағы еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне  мониторинг жүргізуді жүзеге асыруда.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген мониторинтің қорытындысына жүгінсек, аталмыш 100 еңбек ұжымдардың 27-де ұжымдық шарттар жасалынбағандығы, 88 кәсіпорындарда жазатайым оғиғалардан жұмысшылар сақтандырылмағандығы, 696 қызметкерлердің жұмыс уақыты толық еместігі, 6 кәсіпорында жұмыс орны қысқаруы орын алса, «Talas Investment company» ЖШС , «Жамбыл металлоконструкция зауыты- Имсталькон» ЖШС, «Запчасть» АҚ жұмысшыларға жалақыларын беруде заң талаптарын бұзу фактілері орын алған.
 Кәсіпорындарда еңбек қатынастарына сәйкес орын алған заң бұзушылықтар  мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен шешімін табуда.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша, көптеген елдерде өндірістегі жазатайым оқиғалар саны, кәсіптік аурулардың өсуі жалғасуда. Мұндай жағдайдан  біздің облысымыздың  еңбек ұжымдарыда тыс қалып отырған жоқ, жыл сайын ондаған азаматтар бақытсыздық оқиғасы мен кәсіби аурулардың құрбаны болуда.
 Есепті кезең бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында облыс еңбек ұжымдарында 30 заң бұзушылықтар анықталды. Олар, қызметкерлерді оқыту және нұсқама өткізу бойынша, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз ету және әзірлеу,  кәсіби жарамдылығын анықтау үшін міндетті медициналық тексеру өткізу, еңбек қауіпсіздігіне жауапты қызмет құру немесе жауапты тұлғаларды белгілеу.
 Осы кезең ішінде өндірісте зардап шегушілердің ауқымды бөлігі тау-кен - металлургия өнеркәсібі салалары мен бюджеттік ұйымдарға тиесілі болып отыр.        
 Жалпы, басқарма тарапынан құрылған комиссиялармен 12 жазатайым оқиғалар арнайы тергеп-тексерілді. Барлық арнайы тергеп-тексерілген жазатайым оқиғалар бойынша жинақталған материалдар ішкі істер органдарына негізінен қаралуға жолданды.
Кәсіби тәуекелдер мен еңбек жағдайын бағалау дәлдігін арттырудың  маңызды факторлары – жұмыс берушіге және жұмыскерге  өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау тәртібінің түсініктілігі, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес әкімшілік кедергілерді төмендету және шағын бизнес шығындарын азайту  мақсатында заңнамалық бекітілген механизміне ерікті декларациялау болып табылады.  
 Әлеуметтік әріптестік институтын одан әрі нығайту мақсатында әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, еңбек және жұмыспен қамту саласында халықаралық стандарттарды ілгерілету еліміз  үшін әр кезде де маңыздылығын жоймайды. Жаңа Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты   мемлекеттік еңбек инспекторларының тиісті тексерулері қорытындыларына сәйкес «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы, «Т. И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ секілді жұмыс беруші тараптар қызметін декларациялау жосығы жүзеге асырылды. Осының негізінде оларға сенім сертификаттары табыс етілді.
 
Мысалы, қазір көптеген компанияларда жұмыс орындарында тәуекелдерді бағалау жүйесі енгізілуде. Оған жаңа элементтері еңбекті қорғау мінез-құлық аудиті және тіркелуі ықтимал қауіпті оқиғалар мен басқа да технологиялар мен әдістер кіреді.
 Еңбек ұжымдарында еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігін заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында облыстық еңбек инспекция басқармасымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстар жүргізіуде.
Есепті мерзімде еңбек қатынастары саласы бойынша 7 «дөңгелек үстел» мен семинарлар, 30 еңбек ұжымдарында 1512 қызметкерлерге оқулар өткізілді, ақпарат баспасөз беттерінде  мақалалар жарияланып,  облыс тұрғындарының еңбек заңнамасына қатысты сұрақтарына жауаптар берілуде.
Қорыта келе айтарымыз, әлеуметтік әріптестердің қауіп-қатерлерді анықтау, тәуекелдерді бағалау бойынша  тиімді шараларды енгізуге күш жұмылдыра  отырып, еңбек қатынастары мәдениетін қалыптастырмайынша, өңдірістің қауіпсіздігін арттыру еш мүмкін емес. Қауіпсіздікке қатысты жауапкершілікті тек жұмыс беруші ғана емес, сонымен қатар жұмысшылар да шынайы сезіне білуге тиіс.
 
Серғали АЙДАПКЕЛОВ,

 

облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'