http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Тәжірибе алмасып, үйренеміз

 

 

Тәжірибе алмасып, үйренеміз
Елбасымыз Н. Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қорытынды жолға қоюымыз керек»,- деген болатын.
Мемлекетіміздің білім беру саласындағы саясаттың басты бағыты – шығармашыл, сыни тұрғыда ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне  сенімді, әртүрлі әлеуметтік және өндірістік мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау және оқу-тәрбие үрдісінің тәжірибесін жетілдіру.
Мектепішілік іс-шаралар мен іс-әрекеттердің өзара байланысты жүйесі ретінде мектептің әдістемелік жұмысы білім беру үрдісінің сапасы мен әрбір мұғалімнің біліктілігін көтеруге бағытталған.
Осы орайда №9 Абай атындағы орта мектепте «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту» бағдарламасы аясында мектепішілік «Weeking – семинар» бағдарламасы бойынша деңгейлік курстан өтіп келген ұстаздар өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында апталық өткізді. Атап айтқанда, І деңгейлі мұғалім А. Сейдалиева қазақ тілі мен әдебиетті және ағылшын тілі пәндері бойынша «Мектептің объективті жағдайын анықтау», «Start мақсат», «Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау» атты тақырыптарда коучинг өткізді. ІІ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі А. Баймағанбет « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында коучинг ұйымдастырды. Ал, ІІІ деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі А.Әшірбаева ана тілін «Боран» тақырыбында, тарих пәнінен А.Мауыртбекова «Қазақ халқының материалдық мәдениеті», Ж.Өмірзақова биология пәнінен «Ауру қоздырғыш микробтар» тақырыбында жеті модульге негізделген ашық сабақтар өтті. Жеті модульге негізделген ашық сабақ өту барысында тәлімгер география пәнінің мұғалімі Р.Оразбекова мен математика пәнінің мұғалімі Д. Сүлейменова да ашық сабақтар өткізіп, апталыққа өз үлестерін қосты.
Апталықты «Нұр шуақ» кәсіби қоғамдастығының модераторы А.Сейдалиева қорытынды жасап, апталыққа атсалысқан ұстаздарға алғысын білдірді.
 
Нұржанат Байқожа,
№9 Абай атындағы
орта мектептің

 

кітапханашысы.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'