http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Күшіміз – бірлікте, Сыйластықта

 

 

Күшіміз – бірлікте, Сыйластықта
Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік.  Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» тақырыбымен өткен ХХІV сессиясында еліміздің болашағы мен халықтың ынтымағын арттыруды көздейтін маңызы жоғары құндылықтар сөз болды.
Ынтымақ, береке атаулының бастауы достықта, сыйластықта, адамгершілік қасиеттерде жатыр. Ынтымақ, сыйластық бар жерде жақсылық үстемдік құрады. Ал, ынтымақ, бірлік жоқ жерде – тірлік те жоқ. Ондай отбасы немесе мемлекеттің болашағы да бұлыңғыр.
Біздің Тәуелсіз Отанымыз- Қазақстанда тату-тәтті, ғұмыр кешіп жатқанымыз кеңпейілді, меймандос қазақ халқының және Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегінің арқасы. Мемлекетімізде барлық ұлт пен ұлыстардың құқығы тең дәрежеде сақталған. Іргеміздің берік, шаңырағымыздың биік болуы Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі. Елімізде шоғырланған ұлт пен ұлыс өкілдері бәрі де мейірбан қазақ халқына тек қана алғыс айтады.
- Біз достықты қазақстандықтардың барлық буынының басты игілігі ретінде сақтай білдік. Біздің бірегей жолымыз – тең құқықтылық, бір шаңырақ астында өмір сүретін барлық этностың бірлігі мен келісімі халықтың тілек – қалауымен таңдалды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тәуелсіздік жемісі. Ассамблея кез-келген сын-қатер төнген кезде және Тәуелсіздіктің барлық кезеңінде әрдайым биіктен табылды. Оның тарихында біздің ұлттың өрлеу дәуірінің кезеңдері мен нақты нәтижелері көрініс тапқан,- деді Президент аталмыш сессияда.
Біздің ең басты байлығымыз, күшіміз - бірлік, түсіністік. Бірлігіміз бен ынтымағымызға сызат түсірмей, еліміздің ертеңі, ұрпағымыз үшін адал еңбек етейік.
Отанымыздың мерейі, мәртебесі, ел-жұртымыздың амандығы, ұрпағымыздың жарқын болашағы- бәрінен де қымбат. Оны мәңгі сақтау үшін әр отбасында, мемлекетімізде ынтымақ, бірлік, келісім болуы керек. Ендеше, еліміздің ертеңі үшін бәріміз біркісідей атсалысайық.
Эсмира Мамедова,
аудандық мәслихаттың
депутаты.
«Мехрибан» әзірбайжан ұлттық- мәдени орталығының

 

төрайымы.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'