http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Жоспарлы жұмыс табысқа бастайды

 

 

Жоспарлы жұмыс табысқа бастайды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы  жарияланған күннен бастап жалпы халықтың қызу қолдауына ие болып келеді десек, артық айтпаймыз. Өйткені, Жолдауда айтылған әрбір сөз, әрбір басым міндет тәуелсіз Қазақстанның болашағының жарқын болуын мақсат тұтқан. Осы тұрғыдан да Елбасы сөзі осындай игі құндылықтарымен халықтың жүрегіне жетіп отыр.
Жоспарлы жұмыстың, ақылдасып жасалған істің жемісі де берекелі болатынын өмірдің өзі көрсетіп бергендей, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы халыққа арнаған Жолдауында сын – қатерлерді атап өтіп, оған қарсы шараларды да нақты айқындап, көрсетіп берді. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету, деген осынау сөйлем жолдары арқылы Елбасы болашақтың бағыт – бағдарын анықтап бергендей. Жолдауды басынан соңына оқып шығып ондағы айтылған жоспарлар, міндеттер сол арқылы атқарылатын жұмыстардың барлығында да жарқын болашақтың кілтін көресің. Қашаннан Елбасының ойлағаны – ел қамы.
Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына « Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» тақырыбында бағдарламалық мақаласын жариялап, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру тетіктерін де көрсетті.
Ендігі мақсат – Қазақстан халқы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» еңбек ету. Қазақстанның гүлденуіне, тәуелсіздігіміздің нығаюына атсалысу. Елбасы Жолдауын көңіл бөліп оқи отырып, дағдарыс жағдайында еліміздің оған қарсы мүмкіндіктері жетерлік екенін анық көреміз. Қазіргі  қиын жағдайға қарамастан биылғы жылдың басынан зейнетақының арттырылуы, денсаулық, білім саласының қызметкерлерінің жалақысының 30 пайызға дейін көбеюі - Елбасының жоспарлы жұмысының, салиқалы саясатының нәтижесі. Алдағы уақытта да елімізде көптеген жобалар іске асып, тындырымды тірліктер атқарылатын болады. Оған халықтың сенімі берік. Жоспарлы жұмыс қана жарқын болашаққа бастайды.
Қалан Мамбеталиев,
Жуалы аудандық әділет басқармасының

 

бас маманы.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'