http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Кәсіптік білім - уақыт талабы

 

 

Кәсіптік білім - уақыт талабы
Жыл басында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы жарияланып, мақаланы барша қазақстандықтар талқылап, «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарының орындалуына әр сала өзінше үлес қосуға атсалысуда.
Мақалада Президентіміз жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесін ерекше атап өткен болатын. Иә, елді, жерді сүю үшін әрбір жас Отанының шынайы патриоты болуы керек. Ауданымыздағы №16 Жуалы колледжі осы бағытта жұмыс жасап келеді. Яғни, ел мен жердің иесі саналатын жастарды түрлі мамандықтарға дайындауда. Бұл колледжде дайындалатын мамандықтар негізінен ауылды өркендетуге бағытталады.
Мемлекет басшысы аталмыш мақаласында «2017 жылы барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру басталды»-деп, оған жас қазақстандықтардың қатысып, арқаулы еңбек дағдысына үйрену қажеттігін алға тартады.
Мамандық таңдау - адам өміріндегі маңызды мәселе. Әрбір жас өзінің қабілетіне қарай мамандық таңдаса өзіне де, қоғамға да үлкен пайда әкеледі.Яғни, әйтеуір бір жоғары оқу орнын бітіріп алып, дипломды сандықтың түбіне тастап, жұмыссыз жүргенше, қабілетіне қарай кәсіби-техникалық мамандықты игеріп, өмірде өз орнын тауып, табыс тапқан әрине пайдалы. Кәсіптік-техникалық мамандық қарапайым болғанымен, қоғамда сұранысқа ие әрі табысы да мол.
Елбасымыз «Дағдарыстан алып шығатын локомотив –ауыл шаруашылығы»-деген еді бір сөзінде. Яғни, ішер асымыз да, киер киіміміз де сол ауылдан шығады. Сондықтан жастарды еліміздің экономикасын дамытатын, ауылымызды гүлдендіретін мамандықты игеруге бағыт-бағдар беруіміз керек.
Осы орайда Елбасымыздың саясатын жүзеге асыруда, жастарды кәсіптік-техникалық  мамандықты игеріп, көзін тауып, адал еңбек етуге баулуда ауданымыздағы №16 Жуалы колледжінің атқарар рөлі зор.Сол себептен Жуалы колледжіне арнайы атбасын бұрып, колледж директоры Болат Тұрмағанбетовпен кездесіп, колледждің тыныс-тіршілігімен танысып, алға қойған жоспарларымен бөліскен едік.
Колледж басшысы «ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған жоғары санатты, жаңашыл ұстаз Болат Өнербекұлының колледж басшылығына  келгеніне көп болған жоқ. Алайда, азаматтық жеке ұстанымы  бар, талапшыл  басшының бастамасына әріптестері ризашылықтарын білдіруде.
Тәуелсіздік жемісі
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарға шегінсек, 1996-1997 оқу жылында №16 кәсіптік мектеп (ол кезде солай аталатын) жабылып қалған болатын. Араға жеті жыл салып, 2004 жылы қайта ашылды. Ол жылдар туралы сол кездегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұржамал Шажалиева:
- Директорымыз Баетов Рысбек  аға болатын. Бұл кездегі ең үлкен проблема бірнеше жыл бойы жұмыс істемеген оқу орнына бала жинау болды. Егер бала жиналмаса, мектеп ашылмайтын еді. Осы кезде қазіргі колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Айдар Болбырақов бір өзі ауыл-ауылды аралап жүріп 75 баланы жинап келді. Содан ауыл шаруашылығы фермері (қазақша-орысша) екі бөлім және бухгалтерлік бөлім, яғни үш бөліммен жұмысты бастап кеттік. Жағдай қазір адам айтса сенгісіз. Неше жылдан бері қаралмаған ғимаратқа Шәрия Бегдашева, Айнаш Асылбаева, Мұрат Нартов, Айдар Пошқаев, Гүлшат Қаңлыбаева, Нағима Балтабаева тағы да басқалар өз күшімізбен жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Ескінің аты ескі. Қанша жамасақ та жыртығы бітпейді.Жылу да жоқ. Сырт киіммен жаурап жүріп, амалдап жұмыс істедік. Қиындықтар көп болды, бәріне төзе білдік,-деп еске алады.
Кәсіптік мектеп 2007 жылдан бастап лицей, 2013 жылдан бастап колледж болып бекітілді. Колледждің оқу ғимаратына 2012 жылы күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі жағдайы бұрынғымен салыстыруға мүлдем келмейді. Заманауи үлгіде, жарық, таза, жылы, жиһаздар да жаңа әрі жеткілікті.
Бір кездері ел арасында бұл оқу орнына көбінде нашар оқитын оқушылар келеді деген түсінік қалыптасқан болатын. Қазір олай емес. Себебі, Елбасымыздың тікелей бастамасымен жастардың заман талабына сай кәсіптік-техникалық мамандықтарды игеруіне ерекше назар аударылуда. Сондықтан бүгінде колледжге болашағын бағдарлай білетін, қабілетті жастар да көптеп келуде. Оқу орнында тәжірибелі, білімді мамандар да бар. Жастар бұл мүмкіндіктерді пайдалана білулері керек.
Колледжде бүгінде алты мамандық бойынша 175 білімгер білім алуда.
Атап айтқанда, пісіру ісі; автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету; тігін өндірісі және киімдерді моделдеу; ферма шаруашылығы; тамақтануды ұйымдастыру; электр жабдықтарына қызмет көрсету бойынша электромонтері мамандықтары.
Педагогикалық ұжымда 13-пән оқытушы, 13 өндірістік шебер, 9 әкімшілік қызметкер жұмыс істейді. Оның төртеуі жоғары санатты, алтауы І санатты, 14-і ІІ санатты ұстаздар.
Колледжде сегіз жалпы білім беретін пәндер кабинеті, жеті арнайы пән кабинеті, алты шеберхана, екі зертхана кабинеті және бір оқу полигоны (автотрактородом)бар. Кабинеттерде бір интерактивті тақта, бір диапроектор орналасқан. Сонымен бірге оқу үрдісінде пайдаланатын МТЗ-82 доңғалақты трактор, бір «Енисей 1Н 200» комбайны, тіркемелі жемшөп дайындайтын комбайн, пішен шабатын машина, соқа, тыңайтқыш шашқыш, тағы да басқа ауылшаруашылық машиналары бар.
Оқу ғимаратының үшінші қабатында 42 балаға арналған жатақхана орналасқан. Жатақханада барлық тиісті жағдайлар қарастырылған.Фойеге теледидар,телефон, үстел, орындықтар қойылған.
Міне,мұның бәрі Ел Тәуелсіздігінің жемісі, Елбасының еліміздің келешегі –жастардың жарқын болашағы үшін жасаған игі бастамаларының нәтижесі.
Колледж студенттері оқулықпен толық қамтылған.Бір мезгіл ыстық тамақ беріледі, жатын орны тегін. Жылына екі рет жолақысы төленеді. Ең бастысы 75 пайыз білімгер шәкіртақымен қамтамасыз етілген.Оның ішінде 8 пайыз білімгер жоғары шәкіртақы алады.

 

Жалпы оқу орнында қазақ, орыс, өзбек, қырғыз ұлты өкілдерінің балалары тату-тәтті білім алуда. Барлығы мемлекеттік тілді біледі.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'