http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Жаңа жоба іске асуда

 

 

Жаңа жоба іске асуда
Ауданда Қазақстан Республикасы Бас прокуратура-сының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Гүлшат Коканова болып, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында кездесу өткізді. Аудан активі қатысқан жиынға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Марс Ильяс, Жуалы ауданының прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы және жергілікті полиция қызметінің басшысы Талғат Қуатбеков қатысты.
Жиынды аудан әкімі Батырбек Құлекеев жүргізіп отырды.  Әңгіме барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Гүлшат Коканова «100 нақты қадамның» 32 қадамына арнайы тоқталды. Ол  ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде  «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын құру. Бұл картада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл қоғамға ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретіндігі туралы түсінік бере отырып, жергілікті органға Ұлт жоспары – «100 нақты қадамда» айтылған міндетке жауапкершілікпен қарап, оны жүзеге асыруды тапсырды. Қылмыстың құқық бұзу картасы «online» режимінде жұмыс істейді және қылмыстардың ашылған-ашылмағанына қарамастан олар жөнінде барлық мәліметтерді құрайды. Бұл жаңалық еліміздің кез-келген қаласы немесе ауылы болсын ондағы криминогендік ахуалды нақты бағамдап, тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Қай жерде қылмыс көп жасалады немесе қай жерде қылмыстың қандай түрі көп кездеседі – міне, мұнын бәрін біліп отыру жергілікті полиция қызметі үшін маңызды да тиімді. Жиын барысында Жуалы ауданының прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы мен жергілікті полиция қызметінің басшысы Талғат Қуатбеков өз пікірлерімен бөлісті.
Жиынды аудан әкімі Батырбек Құлекеев қорытындылады. Ол жаңа жобаның қылмыспен күреске жаңа серпін беретінін айта келіп, ауданда да бұл істі қолға алып, «қылмыстық құқық бұзу картасы» дайындалатының жеткізді.

 

Д.Маратұлы.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'