http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Ауылдың гүлденгені- Қазақстанның гүлденгені

 

 

Ауылдың гүлденгені- Қазақстанның гүлденгені
№15 орта мектепте аудан әкімдігі білім бөлімінің оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ауылдың гүлденгені - Қазақстанның гүлденгені» атты тақырыпта облыстық экологиялық акция болып өтті.
Акцияның мақсаты - жас ұрпақты Табиғат-Ананы қорғап, аялауға, сондай-ақ табиғатпен зерделі, парасатты қарым-қатынас жасауға үйрету және әрбір мектеп ауласын көріктендіру, гүлдендіру. Мерекелік іс-шараға облысымыздың аудандарынан биология, экология пәндерінің әдіскерлері мен ұстаздары келіп қатысты.
Мереке әжесі мен немересінің Жуалының табиғаты, Жуалының «Жуалы» деп аталуы туралы әңгімесімен басталды. «Қызғалдақ» ән-би ансамблінің әншілері М.Свамбаева мен М.Мықтыбеков «Жуалының тау самалы» әнін орындап, слайд арқылы Жуалының сұлу да көркем табиғаты таныстырылды. «Аягүл» балабақшасының бүлдіршіндері «Көбелектер» биін тарту етті.
Бұдан соң облыстық Білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің биология, экология пәндерінің әдіскері  А.Жапбасбаеваға сөз берілді. Ол: «Мектеп ауласын көгалдандыру, мектептің оқу кабинеттерін гүлдендіру арқылы біз жас ұрпақты әдемілікке, әсемдікке, мәдениеттілікке тәрбиелейміз, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаймыз.
Жалпы қоршаған ортаны сүю, қорғау, аялау - баршамызға ортақ парыз»,-дей келіп, акцияның сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, облыстық «Экология және балалар» экофорумының жеңімпаздарын марапаттады. Сонымен бірге акцияның өтуіне белсене атсалысқаны үшін №15 орта мектептің ұжымына Алғыс хат тапсырды.
№1 Балалар өнер мектебінің шәкірті Н.Қайрат «Туған жер» әнін орындады.
Әсем әннен кейін сөз «Нұр Отан»  партиясы  аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты А.Ахметоваға берілді. Анар Садыққызы акцияның тәрбиелік мәніне тоқталып, ұстаздар қауымының еңбегіне абырой мен табыс тіледі.
Кезек ән мен биге берілді. №1 Балалар өнер мектебінің бишілері «Аралар», «Испан» биін билесе, №15 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары «Мен болашақта кім боламын?» тақырыбында көрініс көрсетті. Табиғат туралы өлеңдер оқыды. №4 Балалар өнер мектебінің директоры М.Шәкірбаеваның орындауындағы французша «Пағдоне уя» әніне өнер шаңырағының шәкірттері республикалық «Данке-Лайф» байқауының жеңімпазы «Шақпақ» би тобы вальс биледі. №15 орта мектебінің оқушысы С.Аманбек «Астана» әнін шырқады. Ал, №1 Өнер мектебінің оқушылары республикалық «Балауса жұлдыздар» байқауының ІІ орын иегері «Кәусар» би тобы «Сақ» биін биледі.
Бұдан соң акцияға қатысушылар мектептің фойесіндегі қолөнер, қылқалам шеберлерінің туындыларынан дайындалған экологиялық көрмеге саяхат жасады.
Акция әрі қарай мектеп ауласында жалғасты. Мектеп ауласында да оқушылар ән салып, би биледі. №15 орта мектептің ата-аналар комитетінің атынан ұстаз-ана Гүлназ Қадырқұлова сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Жүргізушілер ұйымдастырушылардың атынан «Аналар бағы» аллеясының бой көтеруіне үлес қосқаны  үшін аудандық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің директоры  Ә.Мұртазаевқа алғыс айтты.
Акцияға қатысушылар «Аналар бағы» аллеясына жиналып, облыстық Білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің биология-экология пәндерінің әдіскері А.Жапбасбаева мен ұстаз-ана Г.Қадырқұлова  аллеяның лентасын салтанатты жағдайда қиып, шашу шашты. Ашылу рәсімінен кейін аудан-ауданнан келген қонақтар аллеяға жеміс ағаштарының көшетін отырғызды.

 

П.Шымыртайқызы.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'