http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Тергеу судьясы- мәртебелі лауазым

 

 

Тергеу судьясы- мәртебелі лауазым
Жуалы аудандық сотында «Тергеу судьясы - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» болып өтті. Шараға аудандық соттың судьялары, прокуратура, заң кеңесі, құқық қорғау және әділет органдары қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды ашып, жүргізген аудандық соттың тергеу судьясы А.Замбаев қазіргі таңда Елбасымыздың бастамасымен табысты іске асырылып жатқан Ұлт Жоспары - бес институционалдық реформаның «100 нақты қадамында» «Адамның және азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету» деп көрсетілгенін атап көрсетті. Оның айтуына қарағанда, өткен жылдың басынан қолданысқа енгізілген ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 55-бабының 1 бөлігіне сәйкес тергеу судьясының өкілеттігіне қарап-тексеруді санкциялау, тінтуді санкциялау, айғақ зат алуды санкциялау, жеке тінтуді санкциялау және басқа да мәселелерді қарау жатқызылған, бұл бір жағынан қаралып жатқан істердің ашықтығын дәлелдейді, яғни бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік береді.
Аудандық прокуратураның аға прокуроры Б.Берікбаев өз сөзінде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстың, яғни сот жүйесінің даму реформасының дұрыс жолда екенін, тергеу судьясы қарап жатқан істердің азаматтар алдында ашықтықтың белгісі екенін дәлелдеп отырғанын тілге тиек етті.
Іс-шараға басқа да қатысушылар аталған тақырып  бойынша өздерінің пікірлерін айта келе, басты мақсат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылатынын айта кетті.
«Дөңгелек үстел» соңында аудандық соттың тергеу судьясы А.Замбаев мүдделі тараптарға өзара қарым-қатынасты үзбеуді және аталған тақырыптағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастыру қажеттігін көрсетті.

 

А.Сәрсен.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'