http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Сенімді ақтау- абыройлы іс

 

 

Сенімді ақтау- абыройлы іс
Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз. Бір-бірімізге тағаттьі болуымыз керек. Бұлар - Қазақстанның болашағына кілттер», деп атап көрсетті.  Бұл ретте Президентіміз тек қана халықаралық бірлік пен этносаралық келісім емес, сонымен қатар мемлекеттік органдар да өзінің адал қызметімен қазақстандықтар арасында Үкіметке деген сенімді нығайтуды тапсырып отыр.
 Мемлекеттік кірістер органдары да осы бағыттағы жұмыстан қалыс қалмайды. Қазіргі таңда қызметшілер арасында сыбайластықтың алдын алу, оның көріністерін болдырмау, басқа мемлекеттік және кұқық қорғау органдарымен текетірестікке жол бермеу және қызметтік этиканы қатаң сақтау арқылы тұрғындар арасында мемлекеттік кірістер органының беделін түсірмеу және сенімділікті жоймау, салықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларының өзгерістерін кеңінен насихаттау, салықтық қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін бұзбай орындау мақсатында іс-шаралар жоспарын бекітіп орындауда.
Өз Жолдауында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «тұрақтылық, келісім, бейбітшілік» ұғымдарына айқын түсінік берді. Ол : «Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік» деп, бұл сұрақтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Жалпы әлемдік дағдарыс кезеңінде біз салық қызметін тұтынушыларға еліміздің тұрақтылығы мен ертеңіне сенімін өз жұмысымызбен дәлелдеуіміз қажет деп есептеймін. Осы бағытта аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы қызметшілерінің тарапынан қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарын бұзу фактілеріне жол берілмей келеді. Салық қызметін тұтынушыларға салық саласындағы көрсетілетін қызметтер жөнінде жан-жақты ақпаратқа қолжетімділігін қамту мақсатында қосымша ақпараттар орнатылған стенд жасалып, бұрынғы стендтердегі ақпараттар жаңартылды. Қызметшілермен өткізілетін апталық өндірістік мәжілістерде сыбайластыққа жол бермеу, қызмет көрсету кезінде салық төлеушілерге қанағаттанарлық қызмет көрсету туралы айтылып, сол мәжілістердің хаттамалық тапсырмаларында осы сұрақтарды бақылау қызметшілерге үнемі тапсырылып отыр. Біз алдағы уақытта да Жолдау жүктеген міндеттерді абыроймен атқару үшін еңбектене беретін боламыз.
 
С.Тұрұмов,

 

аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'