http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Дауларды шешудің баламалы тәсілдері

 

 

Дауларды шешудің баламалы тәсілдері
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен бүгінде байтақ еліміздің барлық салаларын қамтитын Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» табыспен іске асырылуда. «100 нақты қадамның» бір парасы еліміздегі сот-құқық саласын реформалауға, азаматтардың әділ сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жуалы аудандық сотында «Дауларды шешуде баламалы тәсілдерді (партисипативті процедурасын) дамытудың тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға аудандық соттың судьялары, прокуратура, заң кеңесі, құқық қорғау органы мен аудандық медиаторлар қауымдастығы өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді ашып, жүргізген аудандық соттың төрағасы Қ.Үсенбаев Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 181-бабының 1 бөлігінде «тараптар осы Кодекстің 179-бабында көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы», ал 2 бөлігінде «партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі» деп көрсетілгенін атап өтті.
Құдайберген Егембердіұлы медиаторлардың қорғаушылармен бірге дауларды партисипативтік рәсіммен шешу туралы істерге қатысуды ұлғайтуды ұсынды. Бітімгерлер медиациялық тәртіппен шешілетін дауларда партисипативтік рәсімді ұлғайтуға қарсы емес екендіктерін білдірді.
Аудан прокуратурасының аға прокуроры Б.Қуанышұлы өз сөзінде медиаторлардың партисипативтік рәсімдерге қатысу жұмыстарына, яғни қорғаушылармен бірге сот процестерінде медиациялық тәртіппен дауларды шешіп медиаторлармен қорғаушыларды өзара қарым-қатынасын жақындататынын атап өтті.                                    
Шара соңында аудандық соттың төрағасы Қ.Үсенбаев мүдделі органдар өкілдеріне өзара қарым-қатынасты үзбеуді және аталған тақырыпта алдағы жұмыс барысында жалғастыруды, осы жетістіктермен тоқталмауды ұсынды.
Д.Досыбайлы,

 

 Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'