http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында

 

 

Кәсіпкерлікті   қолдау   мақсатында
Өткен жылғы күзде ел Парламенті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін қабылдап, ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Жаңа кодекс Ұлт жоспары-100 нақты қадамда айтылғандай шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ Кодекс еліміздегі кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субьектілер мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, соның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Кәсіпкерлік кодекс жеті бөлімнен, 31 тараудан және 324 баптан құралады. Кодекстің қабылдануымен кәсіпкерлік қызметті реттейтін негізгі заңдар жүйеленді. Жаңа өзгерістер ретінде кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін  ынталандыру, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы, өзін-өзі реттеу, кәсіпкерлік субьектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі қағидаттары енгізілген.
Кодекске кәсіпкерлерді қорғау мақсатында бизнес омбудсмен    институтын құру туралы жаңа бап енгізілген. Бұл бізге жаңалық болғанымен, Австралия, Корея, Жапония елдерінде 1996 жылдан бері қолданыста бар. Еуропа елдерінде бұл институт 2006 жылдан енгізіле бастады.
Заңда ауыл шаруашылығы  саласына қатысты да бірқатар өзгерістер бар.
Мәселен, кәсіпкерге жеңілдетілген салық түрі, тендерге қатысқан кезде жеңілдіктер қарастырылған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланып отырған шаруа он жылға дейін сол жерді өз құнынан 50 пайыз жеңілдікпен жекешелендіре алады. Бұл тұрғыда шетел азаматтарына ғана шектеу қойылған.
Кәсіпкерлер мен мемлекеттің ара қатынасы мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады: заң шығару, әлеуметтік жауапкершілік, мемлекеттік реттеу, кәсіпкерлерді  мемлекеттік қолдау мүдделі тараптардың қатысуы ретінде мекемелер арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік кодекс жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлерін қамтиды. Олар қаржылық және мүліктік қолдау, инфрақұрылымдық қолдау, жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын, мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі ғылыми зерттеу институттарын құруды және дамытуды қамтитын институционалдық қолдау және кәсіпкерлікті ақпараттық-талдаманың, оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдауды қамтитын ақпараттық қолдау болып табылады.
Д.Досыбайлы,

 

аудандық соттың бас маманы - сот мәжілісінің хатшысы.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'