http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Жемқорлық барда, өркендеу жоқ

 

 

Жемқорлық барда, өркендеу жоқ
 
Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы «Ұлт жоспарында» көзделген «100 нақты қадамды» іске асырудың пәрменді құралына айналды.
 Елбасы бастамасын бүкіл ел-жұрт қолдап, өркениетті 30 елдің қатарынан көріне білуге талпынып мақсат қоюда. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекеттік құрылымдарды кәсібилендірмей, сапасын көтермей, мемлекеттік қызметті жемқорлықтан таза ұстамай алға жылжу, өзіміз көздегендей әлемнің озық 30 елінің қатарынан көріну мүмкін емес. Ал, Ұлт жоспарын бағдар еткен Қазақстан халқы қазір барлық саланы жаһандық дағдарыстан шығынсыз шығарып, даму жолын оңтайландыруды іздеуде.
«Ұлт жоспарында» мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот жүйесінің дамуына айрықша мән берілген. Мұнда сот жүйесіне берілген тапсырмалар да қомақты. «100 нақты қадамда» көзделген міндеттерге орай, қазір бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу, алқабилер қатысатын істер қатарын кеңейту, тергеу судьясының құзіретін арттыру, инвестициялық сот жұмысын жандандыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Үш сатылы сот жүйесі  халықаралық тәжірибеде бар екені баршаға мәлім. Осыған байланысты кассациялық саты облыстан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзырына ауыстырылды. Сондай-ақ судьялықтан үміткерлерге деген талап күшейе түсті. Бұдан бөлек, сот ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологиялардың мүмкіндігі пайдаланылуда. Соңғы жылдары сот отырыстарының бейне-дыбыс құрылғыларына жазылуы, арыз- шағымдардың «Сот кабинеті» арқылы берілуі, әр сотта сайттың жұмыс істеуі ашықтыққа жасалған алғашқы қадамдар. Енді, осы басталған істі әрі қарай дамытып, жақсы нәтижеге жеткізу маңызды.
        «100 нақты қадамның» 13 қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы нақты көрсетілген. Жаңа заңнамалар әзірлей отырып, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру керектігі көрсетіліп отыр.
       Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігі бірінші кезекте, негізгі буыны сот төрелігінің мінсіз жүйесі болып табылатын құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету жүйесіне байланысты. Нақтылап айтсақ, сот жүйесіне деген сенімді арттыру – сот төрелігін іске асырудың сапасын жақсарту үшін судьялардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты болдырмау.
        Еліміздің жарқын болашағына селкеу түсіретін жемқорлықты жою мақсатында Елбасы: «Менің Жарлығыммен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында Жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың ұлттық бюросы құрылды. Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл танытатын, яғни, жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаңғыртылып отыр. Бұл жерде жемқорлықпен күрестің өзі барынша дәйекті бола түседі және жүйелі сипатқа ие болады. Міне, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң осындай ұстанымдарға негізделсе, оның өзі халықаралық стандарттарға бағдарланған және жаңа жылдан бастап күшіне енді» деуі арқылы өз ұстанымының көпшілік тарапынан қолдау табатынына сенеді. Осыған қарап-ақ Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы алдағы жылдардың басым бағыттарын көрсетіп қана қоймай, жемқорлықты жоюда пәрменді жұмыстарға ұйытқы болары айқын көрінеді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Елбасы бастамасын билік, халық, қоғам болып бір мақсат, бір көзқараспен қолдап, жүзеге дұрыс асыра білсек, еліміздің болашағы баянды болары анық.
А.Замбаев,

 

Жуалы аудандық сотының судьясы.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'