http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Директор лауазымына орналасуға конкурс

 

 

 

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«№18 Мәлік Ғабдуллин  атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
А1-3 санаты бойынша  Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімнің болуы (педагогикалық немесе бейіні бойынша); педагогикалық жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы; бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы; үш жылдан кем емес педагогикалық салада әкімшілік жұмыс тәжірибесінің болуы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы.   
 
Орта білім беру мекемесі директорының лауазымдық жалақысы
 
       Санаты
Лауызымдық жалақысы өткерген жылдарын есептегенде
           Теңгеден
 Теңгеге дейін
1
         А1 - 3
              103085
 129409
 
1. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі Ертай ауылы, Қонашев көшесі №26 үйде орналасқан Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.  
Орта білім беру мекемесінің директоры ( cанаты А1-3 ) – 1 бірлік
        Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық – техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер континентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай                                                            жасайды.
    Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу – тәрбие процессі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қаіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражатын түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.       
      Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу – материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық –гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
       Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз  құзыретінің аясында жаза белгілейді.
       Жұртшылықпен, ата - аналармен ( немесе оларды алмастырушылармен ) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады,қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР  « Білім туралы », ҚР« Бала құқықтары  туралы », ҚР«Тіл туралы », «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы », ҚР «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы»,  «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы » заңдарын және басқада білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы–шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды;
еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника кауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын;санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Конкурсқа қатысу үшін, конкурсқа қатысушы үміткерлерге, Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефонын көрсетумен қоса өтініш, нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі, нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі, нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі, бұрынғы жұмыс орнының кадр қызметі куәландырылған фотамен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ, бар жазалар мен көтермелеуді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме, нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат немесе  ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі, медициналық куәландырылудан өтуі туралы құжат, сотты болмағандығы туралы анықтама ұсыну қажет, төменгі адрес бойынша конкурсқа жергілікті  «Жаңа-өмір»  газетінде ресми түрде жарияланғаннан соң 15 жұмыс күн ішінде конкурстық комиссияға сағат 9.00-ден    19.00 ге дейін өткізіледі.
(Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №11 үй, анықтама үшін телефондар: 2-01-40, 2-01-40, факс 2-11-70) 
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'