http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Білім беру бөлімі

 

Білім бөлімінің басшысы

 Айжанов Мәжит Мамытұлы

 раб. тел: 8 /72635/ 2-11-70

 

 

 

 

 

 

 

Б.Момышұлы ауылы

 

 

Жамбыл облысы Жуалы ауданында

2014 жылға арналған мектепке дейінгі

тәрбие мен оқытуға мемлекеттік           

білім беру тапсырысын, жан басына    

шаққандағы қаржыландыру және        

ата-ананың ақы төлеу мөлшерін          

бекіту туралы                                           

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы          27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №1377 қаулысымен бекітілген балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:             

1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (С. Әбілдаев) осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4.  Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары                          Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.

 

 

 

Аудан әкімі                                                                                     Б.Құлекеев

 

 

Аудан әкімдігінің

2014 жылғы мамырдағы

№    қаулысына қосымша

 

Жуалы ауданында 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын                                                 

жан басына шаққандағы қаржыландыру  және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

 

 

 

Аудандар мен қала атаулары

Мемлекеттік білім беру тапсырысы (орын)оның ішінде қаржыландыратын

Бір айға шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге )оның ішінде қаржыландыратын

Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Республикалық нысаналы трансфеттер есебінен (теңге)

Жергілікті бюджет есебінен (теңге)

Республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге)

Республикалық бюджеттен қаржыланатын балабақшаларға жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаржы

Жергілікті бюджет есебінен (теңге)

Мектеп дейінгі мемлекеттік ұйымдар

 

Шағын орталықтар

50

 

16200

7200

 

3000

 

Бала-бақшалар

 

 

 

 

 

4000

1

30 балаға дейін

25

 

19353

12050

 

4000

2

31-ден 50  балаға дейін

300

550

19353

11030

33817

4000

3

51 –ден 75  балаға дейін

 

75

 

 

20340

4000

4

76-дан 100 балаға дейін

290

 

19353

8560

 

4000

5

101 –ден 150  балаға дейін

140

290

19353

7622

26064

4000

6

151 –ден 200  балаға дейін

 

 

 

 

 

4000

7

250 –ден жоғары

280

 

19353

5400

 

4000

 

Барлығы б/б

1085

915

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жоба

 

Жуалы ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 26 қарашадағы

 №395 қаулысымен бекітілген

 

 

 «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1.  «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 

2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясының,  Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, өкімдерінің, Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органның шешімдерінің және осы Ереженің негізінде жүзеге асырады.

4. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады,  мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

          9. Мекеменің заңды орналасқан жері: пошталық индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 11 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11.Осы ереже «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

13. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

 

 14. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

-Аудан аумағында білім саласындағы мемлекеттің саясатын іске асыру,  «Қазақстан Республикасындағы  білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», Заңдарының, білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім берудің мемлекеттік стандарттарын және басқа нормативтік құжаттардың орындалуына бақылау жасау;

-Адамның рухани және дене өсуінің мүмкіндіктерін ашу, имандылық пен ғылыми дүние тану негіздерін қалыптастыру жөнінде мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінің жұмыстарын үйлестіру, даралық дамуы үшін жағдай жасап  парасатын байыту;

-Аудандық оқу орындары қызметін үлкен азаматтылық түсінігімен полимәдениеттілік тұлғаны, қазақстандық патриотизмді, адамның отбасы, халық, қоғам мен мемлекет алдындағы құқылығы мен міндеттер сезімін тәрбиелеуге, адамның шығармашылық қабілеттілігін дамыту мен эстетикалық тәрбиелеуге бағыттау;

-Қазақ халқының, сонымен қатар ауданда тұрып жатқан басқа ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін зерттеу үшін жағдай жасау;

-Әскер қатарына шақырылатын жастардың  психологиялық және физикалық салмаққа төзімділігін арттыру мақсатында  спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету;

-Кадрлар даярлау, қайта даярлау бағдарламаларын  бекіту және үйлестіру, методикалық қызметін қамтамасыз ету, семинарлар және  басқа да оқу түрлерін өткізу, тәжірибе алмасу.

15. Міндеттері:

1) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарын  басқарады;

2) Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастырады;

3) Ата – анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқоршылық және қорғаншылық жасауды ұйымдастыруға, оларды балалар үйлеріне немесе интернаттық ұйымдарға орналастыруға қатысады;

4) Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне бақылау жасауды ұйымдастыруды және оны өз құзыреті шегінде жүргізіп отырады;

5) Білім беру саласындағы орталық атқарушы органның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес басшы және педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді және педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санаттарын береді;

6) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқу, мектептен тыс мемлекеттік ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды және босатады;

7) Мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есеп беріп отырады;

8) Аймақтық деңгейде педагог кадрларды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыруға ықпал жасайды;

9) Білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оны жұмыс істеу ережелерін бекітеді;

10) Білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

11) Мемлекеттік аралық бақылауды жүргізу ережелерін және санының асып кету кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға әкеп соғатын мемлекеттік аралық бақылаудан өтпеген білім беру ұйымдарында білім алушылардың шекті санын бекітеді;

12) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекітеді;

13) Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ведомостволық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады:

14) Оқу-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және жүргізуді үйлестіреді, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың және жүзеге асырудың ережелерін бекітеді:

15) Білім мекемелерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;

16) Жергілікті маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

17) Жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, орындаушылар мен кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын ұйымдастыру ережелерін бекітеді және өткізуді ұйымдастырады;

18) Ведомостволық бағынысты ұйымдарды белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асырады;

19) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар береді;

20) Аудан тұрғындарының толық орта білім алуға теңдей мүмкіншілік жасайды.

16. Өкілетті органның функциялары:

1) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлік бекітіп береді;

2) Коммуналдық мемлекеттік мекемені ұстауға қажет (шығын жоспарын) сметаны  бекітеді;

3) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;

4) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесін бекітеді, өзгерістер мен  толықтырулар енгізеді;

5) Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару органдарының құзырының мерзімін және құру тәртібін, құрылымын, мемлекеттік мекемемен шешім қабылдау тәртібін анықтайды;

6) Коммуналдық мемлекеттік мекеме бастығының жауапкершілігін және   міндетін,  құқығын, оны лауазымнан босату негізін анықтайды;

7) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат   санын бекітеді;

8) Жылдық қаржы есебін бекітеді;

         9) Заңнамамен бекітілген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары:

Бөлім өз функцияларын және жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық-талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;

2) өз құзырының шегінде білім мекемелерден, жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден    ақпараттар мен құжаттарға  ресми сұрау салуға және оларды алуға құқылы;

3) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, білім мекемелердің жұмысын үйлестіреді;

4) бөлімге қарасты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын білім мекеме басшыларының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

 

18. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылықты «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерің орындалуына және оның фукцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Аудан Әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

-Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

-Барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;

-Өз орынбасарының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзырын белгілейді;

-Мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

-Банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

-Барлық жұмыскерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

-Мекеме жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

-Жұмыскерлерді марапаттайды және шара қолданады;

-Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

-Заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың)  директорларын және меңгерушілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың орынбасарларын, әдіскерлерін  тағайындау және босатуға келісім береді;

-Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;

    -Мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

   -Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилигирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;

-Заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезіңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі.

 

23. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда  жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі мемлекетпен берілген мүліктен және ол негізгі қордан және айналымдағы қаражаттан, сондай ақ құны мекеменің дербес балансында көрсетілген бағалы заттардан құралады.

24. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі республикалық /коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

 

 26. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар  

 

Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'