http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 

Әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Төреқұлов Керімхан Әуесбекұлы

 

Тел: 8 /72635/ 2-04-98

 

 

 Б. Момышұлы ауылы

 

 

 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

 

 

 

2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар

 

 

 

 

 

Б. Момышұлы ауылы
 
 
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы
әкімдігінің жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің Ережесін
бекіту туралы  
 
 
        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                           23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары         Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
 
         Аудан әкімі        нің міндетін атқарушы                                    Н. Ергебеков
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Аудан әкімдігі қаулысының келісім парағы
    
Атауы: «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
 
 
ҰСЫНАДЫ:
 
Аудан әкімдігі жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы
 
КЕЛІСІЛГЕН:
 
 
                            
К. Төреқұлов
Аудан әкімінің орынбасары                                                                                  
Ә. Уркумбаев
Аудан әкімінің орынбасары
                                        Н. Ергебеков     
Аудан әкімінің орынбасары                           
 
А. Әділбақов                                                                
Аудан әкімі аппаратының басшысы                                                     
                                             Қ. Аққоев
Аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің басшысы                                                                                                                                                                                                                         
 
М. Жадраев
Аудан әкімі аппаратының
ұйымдастыру және мемлекеттік-
құқықтық жұмысы бөлімшесінің
басшысы                                                                                                                                                                                         
 
 
 
Н. Көпбаев
Аудан әкімі аппаратының
ұйымдастыру және мемлекеттік-
құқықтық жұмысы бөлімшесінің
бас маман - заңгері                                                                                                                                                                                        
 
 
 
А. Абдықасымова
 
 

 

Жуалы  ауданы  әкімдігінің
                                         2016 жылғы «31 » қазандағы
                                                                                № 256 қаулысымен бекітілген 
                                                
 
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
                                                       
                                                       ЕРЕЖЕ
 
         Осы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы                   29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарғысына сәйкестендіріліп әзірленді.
 
1. Жалпы ережелер
 
1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны іске асыру, әлеуметтік әріптестік арқылы ұжымдық еңбек қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік басқару және бақылау функциялары бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5.«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.  
6. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 1 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жамбыл облысы Жуалы  ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
14.«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Жуалы ауданы тұрғындарының өмір сүру денгейінің сапасын және         әл-ауқатын арттыру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өңірлік саясат құру және іске асыру, әлеуметтік   қызмет көрсетудің және әлеуметтік көмектің сапасын жақсарту.
15. Міндеттері:
1) жұмыспен қамту мәселесі жөнінде жұмыстарды үйлестіру;
2) аз қамтылғандар мен баласы бар отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету;
3) жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;
4) мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.                          
16. Функциялары:
1) орталық аппарат функциялары:
1.1) жергілікті атқарушы органдары мен уәкілетті органдардың өңірдегі еңбек нарығындағы жұмыс күші мен еңбек қатынастары жағдайын сұраныс пен ұсыныстар жұмыстарын жоспарлап, зерделеу;
1.2) еңбек қатынастары бойынша қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын органдармен бірлесіп іс-әрекет жасау және қажеттілігіне қарай әдістемелік көмек көрсету;
1.3) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының аясында, сондай-ақ жеке сектордың бастамаларын әлеуметтік-еңбек саласының ағымдағы бос жұмыс орындары туралы және болжам бойынша құрылатын жұмыс орындарының сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде іске асырылатын жобалардың бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;
1.4) халықты жұмыспен қамтудың белсенді іс шараларын ұйымдастырады,  жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету шараларын әзірлейді;
1.5) мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін  арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
1.6) жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінен  білім беру мәселелері жөнінде, білім беру ұйымдары мен ұйымдар қарамағындағы оқу орталықтарының, білім беру қызметіне құқығы бар кәсіптік оқуды жүзеге асыратын, оқу орындарын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу туралы, оқытылып жатқан кәсіптер (мамандықтар) бойынша мәліметтер, нақты мамандықтар бойынша оқуларын аяқтаған және болжам бойынша аяқтайтын түлектердің саны туралы мәліметтерді сұрату;
1.7) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді;
1.8) жұмыс берушілерден кадрлардың болжамды қажеттілігі туралы ақпарат сұратады;
1.9) ұйымдардың тәуекелді босату және жұмыс орындарының қысқару мониторингін жүзеге асырады;
1.10) уәкілетті орган 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету, тұрғын үй көмек жәрдемақысын тағайындайды және төлейді;
1.11) уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын тағайындайды және төлейді;
1.12) уәкілетті орган тұрғын үй көмек жәрдемақысын тағайындайды және төлейді;
1.13) әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетуді  үйлестіреді;
1.14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша іс-шараларды мүмкіндігі шектеулі азаматтарға  ұсынады;
1.15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерін жергілікті атқарушы органдарға жүктелген   өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
1.16) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
1.17) жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою;
1.18) ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін  әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;
1.19) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
1.20) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға  құжаттарды рәсімдеу;
1.21) мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге құжаттады рәсімдеу;
1.22) жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектерге жеке көмекшілердің    және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну  үшін  құжаттарды рәсімдеу;
1.23) мүгедектерге кресло-арбалар беруге арналған құжаттарды рәсімдеу.
1.24) мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге  құжаттар рәсімдеу;
1.25) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет қөрсетуге құжаттар рәсімдеу;
1.26) медициналық – әлеуметтік мекемелерде  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу;
1.27) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
1.28) өтініш берушінің (жанұяның) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындығын растайтын анықтама беру;
         2) ведомствоның функциялары:
2.1) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыз және табысы аз азаматтарға ақпараттық – түсіндіру жұмысын жүргізу және консультациялық қызмет көрсету; 
2.2) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасына қатысуға үміткерлердің құжаттарын даярлауға көмек көрсету және қабылдау;
2.3) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасына қатысуға үміткерлерді тіркеу;
2.4) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасының әлеуетті қатысушылары санаттары бойынша, мәртебесіне және әлеуметтік қолдауға мұқтаждығына қарай іріктеу және бөлу;
2.5) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасының әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету;
2.6) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасына қатысушылармен әлеуметтік келісім шарт жасау қатысушылар қабылдаған міндеттемелердің мониторингін жүргізу;
2.7) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасына қатысушыларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
2.8) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасының жекелеген қатысушыларын оқыту және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім жасау; 
2.9) оқуды аяқтаған немесе тиісті кәсіптік білімі бар «Жұмыспен              қамту-2020» жол картасы бағдарламасына қатысушыларды ұйымдардағы бос жұмыс орындарына, еңбек ақыны субсидиялау шартымен әлеуметтік жұмыс орындарына және бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға ұзақтығы 9 айға дейінгі уақытша жұмыстарға орналастыруға жәрдемдесу;
2.10) жеке ісін ұйымдастыруға ниет еткен «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасының әлеуетті қатысушыларының тізімін қалыптастыру және микрокредиттеу мүмкіндігін қарастыру үшін микрокредиттік ұйымдарға/кредиттік серіктестіктерге жіберу;
2.11) инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына немесе қайта құруға өтінім тізбесін қалыптастыру және оны инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
2.12) экономикалық төмен әлеуетті елді мекендерден ерікті түрде көшуге ниет білдірген бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының тізімін қалыптастыру;
2.13) экономикалық жоғары әлеуетті елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарындағы ұйымдардың еңбек ресурстарына деген сұранысын және олардың жұмыс күшіне сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттігін айқындау;
2.14) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасына қатысушылардың ерікті түрде көшіп келуіне жәрдемдесу және оларға бағдарлама шеңберінде көзделген мемлекеттік қолдау көрсету;
2.15) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасына қатысушыларына бағдарламаны іске асыру аясында құрылған мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй алуға жәрдемдесу;
2.16) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасына қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмек түрлерін, сондай-ақ басқа да аудандық деңгейде көзделген мемлекеттік қолдау түрлерін алуына жәрдемдесу;
2.17) ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамдық жұмыс орындарының, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасына қатысушылардың, оларға қатысты қабылданған мемлекеттік көмек шараларының, әлеуметтік келісім шарттардың орындалу барысының жалпы ұлттық дерек қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;  
2.18) «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру аясында туындаған сұрақтар бойынша өңірлік немесе аудандық комиссиялардың отырыстарында қарау үшін ақпараттарды даярлау және ұсыну;
2.19) аудандық деңгейдегі бағдарламаны іске асыру мониторингі, жергілікті атқарушы органдарға талдау және статистикалық ақпарат даярлау және ұсыну;
2.20) азаматтардың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының шағымдары мен өтініштерін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қарау.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мекемеге мемлекеттік орган ретінде өзіне қойылған міндеттер мен қызметті атқару үшін заңнама актілеріне, Қазақстан Республикасы актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құқықтар анықталады;
2) мекеме осы Ережеде бекітілген қызмет міндетіне және функциясына сәйкес келмейтін қызметтермен уәкілетті органның рұқсатымен ғана айналыса алады;
3) мекеменің функциясына сәйкес келмейтін келісімдер уәкілетті органның талап етуі бойынша заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін.
 
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
        
18.«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан Әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мекеменің  атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық ұйымдарда  мекеменің  мүдделерін білдіреді;
3) заңдарда берілген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;
4) шарттар жасасады;
5) сенімхаттар береді;
6) банктік шоттар ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) мекеменің уәкілетті орган тағайындайтынынан басқа қызметкерлерін  жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мекеменің қызметкерлеріне, ведомствоның директорына көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қабылдайды;
10) өзінің (орынбасарының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігінің шеңберін белгілейді;
11) өзіне заңдарда, осы Ережеде жүктелген және уәкілетті орган жүктеген өзгеде функцияларды жүзеге асырады.
 «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
 
4. Мемлекеттік органның мүлкі
 
23. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
24. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мешік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
 

 

27. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'