http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» атты мақаласы

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Нормативтік құқықтық актілері

     

 Шешім

 

Б.Момышұлы ауылы

 

 

Жуалы ауданы бойынша сайлау

учаскелерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйегіндегі Конституциялық Заңының                  23-бабын және «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                           23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 2 тармағын сәйкес ШЕШЕМІН:

1. Жуалы ауданы аумағында қосымшаға сәйкес сайлау учаскелері құрылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды және мемлекеттік органның интернет ресурсында жариялауды қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Аққоевқа жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Аудан әкімі                                                            Б. Құлекеев

 

 

 

Келісілді:

Жамбыл облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

__________________А.Абдуалы

«_» ________________2014 жыл

 

 

 

 

Жуалы ауданы әкімінің

2014 жылғы «25» ақпандағы

№ 1 шешіміне қосымша

 

Сайлау учаскелерінің шекаралары

№180 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Қызтоған ауылы.

№181 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Қошқарата ауылы.

№182 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Ақтасты ауылы.

№183 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Рысбек батыр ауылы.

№184 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Көлтоған ауылы.

№185 сайлау учаскесі.

Шекарасы Ертай ауылы.

№186 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Қаратас ауылы.

№187 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Күреңбел ауылы.

№188 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Қоңыртөбе ауылы.

№189 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Тасбастау, Кәріқорған ауылдары.

№ 190 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Қарасаз, Жұрымбай ауылдары.

№191 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Көктас, Қарасу ауылдары.

№192 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Ақбастау ауылы.

№193 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Тәттібай Дүйсебайұлы ауылы.

№194 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Шақпақата, Амансай ауылдары, Шақпақ станциясы.

№195 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Ынтымақ ауылы.

№196 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Талапты ауылы.

№197 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Көлбастау ауылы.

№198 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Қайрат ауылы және Б.Момышұлы ауылының Қ.Түрікбаев, Шетбұлақ, Батырбек Датқа, Т.Рысқұлов, Жастар, Сұлтан Бейбарыс, Ұлан көшелері.

№ 199 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Дихан ауылы.

№200 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Б.Момышұлы ауылының Шығыс, Ынтымақ, Бәйдібек батыр, Ш.Қалдаяқов, Қойгелді батыр, Боранды, Тәуелсіздік, 8 Наурыз, Ақсай, Қ.Рысқұлбеков, Желтоқсан, А.Иманов, Абылай хан, А.Тұрысбеков, Жеңіс, Е.Сауранбекұлы, Жамбыл, Д.Қонаев, Латикант көшелері, Мыңбұлақ тұйығы, Ақтерек тұйығы.

№201 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Б.Момышұлы ауылының Рысбек батыр, Бәйтерек, З.Толымбаев, Ақментей батыр, Алатау, З.Елшібаев, Б.Момышұлы, Қазыбек би, Т.Тастандиев, Қ.Ералиев,               Әйтеке би, Н.Тұрысов, Төле би, Достық, Достық-2, Қ.Иманбекұлы, Қ.Қошмамбетов, Д.Пахомов, С.Мұқанов, М.Әуезов, Пахомов тұйығы, 2-Пахомов тұйығы, Фестивальная тұйығы көшелері.

№202 сайлау учаскесі.

Шекарасы: аудандық орталық аурухана.

№203 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Б.Момышұлы ауылының   Жібек жолы, С.Сейфуллин, Әулие бастау, Парасат, Мұнайшы, Бейбітшілік, Б.Сафинов, А.Оразбаева, Абай, Абай тұйығы көшесі, Б.Қойбақов, Жуалы, Л.Сейітбеков, Ақжол, Қожық батыр, Ш.Уәлиханов, Әл-Фараби, Жанқожа батыр, Егеменді тұйығы көшесі, Ғ.Мұратбаев, Е.Баймұханбетов, Көктем, Ы.Алтынсарин, Наурыз, М.Мәметова, Игілік, С.Күшәнов, Б.Үсенов, Бірлік тұйығы, Ш.Үлеков, 1-Совхозная тұйығы, 2-Совхозная тұйығы көшелері.

№204 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Көктөбе, Қосбөлтек ауылдары.

№205 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Теріс, Бақалы ауылдары.

№206 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Шыңбұлақ, Майбұлақ, Қосмұрат ауылдары.

№207 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Нұрлыкент ауылы.

№208 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Түктібай ауылы, Қазбастау разъезі.

№209 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Алатау ауылы, «Б.Момышұлы» атындағы ШЕКЗ

№210 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Қызыларық ауылы.

№211 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Бәйтерек ауылы, «Ақсуат» ШЕКЗ.

№212 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Жаңаталап, Ақтоған ауылдары, Күркіреусу бекеті.

№213 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Ақтөбе ауылы.

№214 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Теріс-Ащыбұлақ ауылы, Сұрым бекеті.

№215 Сайлау учаскесі.

Шекарасы: Қарабастау, Дарбаза, Жылыбұлақ ауылдары.

№216 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Әбдіқадыр ауылы, «Билікөл» жайылым учаскесі.

№217 сайлау учаскесі.

Шекарасы: Оңтүстік әскери округтің 91678 әскери бөлімі.

 

Жоба

 

 

Б. Момышұлы ауылы

 

 

Аудандық коммуналдық мемлекеттік

кәсіпорындардың таза табысының

бір бөлігін аудару нормативін

белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                            23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2.   Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Қаржы бөлімі) алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай – ақ есепті жылы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.

3.   «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  (Қ.Аққоев) осы қаулының Жуалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4.   Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары    Әбдікерім Құлтайұлы Уркумбаевқа жүктелсін

5.   Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Аудан әкімі                                                   Б.Құлекеев

   

Жуалы ауданы әкімдігінің

                  2014 жылғы ақпандағы  "   "                   

                                                        № ___   қаулысына қосымша                                                         

 

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың

таза табысының бір бөлігін аудару нормативі

 

          Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

 

Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін

Таза табыс сомасынан 5 пайыз

Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз 

Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз 

Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан  25 пайыз 

Таза табыс 500 000 001 теңгеден

1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз 

Таза табыс 1 000 000 001 теңге

және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз 

 

 

 

Жоба

 

 

Б. Момышұлы ауылы

 

 

Коммуналдық меншікке келіп түскен

қараусыз қалған  жануарларды келіп

түсу және пайдалану қағидасын

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңының 18 бабының 22 тармақшасына және 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттiк мүлiк туралы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрiнiң 2011 жылғы 18 сәуiрдегi №49-ө өкiмiне сәйкес             Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы осы қаулыға беріліп отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2.   «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (С.Сабеев) коммуналдық меншікке келіп түскен жануарларды келіп түсу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкілетті орган болып бекітілсін.

3.   «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  (Қ.Аққоев) осы қаулының Жуалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4.   Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Құлтайұлы Уркумбаевқа жүктелсін.

5.   Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап күшіне енеді және ресми жарияланған бірінші күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Аудан әкімі                                                        Б.Құлекеев

 

 

Жуалы ауданы әкімдігінің

                                                                              2014 жылғы «__ » ақпандағы                                                                                           

                                                                                                  № ___ қаулысына қосымша                                                     

 

 

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған      жануарларды келіп түсу және пайдалану

                                                     қағидасы

 

1.     Жалпы ережелер

 

1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы «Азаматтық Кодексіне», Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес жасалынды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.

            2. Қараусыз қалған жануарлар ауданның коммуналдық меншігіне жануарларды баққан және пайдаланған адам оларды меншігіне алудан бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасы «Азаматтық Кодексінің» 246-бабының негізінде түседі.

 

2. Қараусыз қалған жануарлардың

келіп түсуі және оны пайдалану

 

            3. Қараусыз немесе қанғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретілген жануаларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне қайтаруға, ал егер оның өзі немесе тұрған жері белгісіз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешіктірмей табылған жануарлар туралы ішкі істер органдарына немесе аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық (селолық) округ әкіміне  мәлімдеуге міндетті, олар меншік иесін іздестіру шараларын қолданады.

          4.  Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңінде жануарларды ұстаушы адам оларды өзінің бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар басқа адамға тапсырылуы мүмкін.

Жануаларды ұстап алған адамның өтініші бойынша оларды бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар адамды іздеп табуды және оларға жануарларды беруді аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округ әкімі жүзеге асырады.

5. Жануарларды меншік иесіне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарларды бағып, пайдаланып келген адам сол меншік иесінен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы.

 

3. Қараусыз қалған жануарлардың

ауданның  коммуналдық меншігіне түсуі

 

6. Егер жұмыс малы мен ірі қараны ұстап алғаны туралы мәлімделген кезден бастап алты ай ішінде және басқа үй жануарлары жөнінде – екі ай ішінде олардың меншік иесі табылмаса және оларға өзінің құқығы туралы мәлімдемесе, бұл жануарларға меншік құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшеді, ал егер бұл адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан жағдайда олар ауданның коммуналдық меншігіне түседі.

7. Қараусыз қалған жануарларды ауданның коммуналдық меншігіне қабылдау сол жануарлар табылған тиісті аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық (селолық) округ әкімінің аудан әкімдігіне жолдаған ұсыныс хаты негізінде қабылданған, аудан әкімдігінің қаулысымен жүзеге  асырылады.

8. Ауданның коммуналдық меншігіне түскен жануарларды ары қарай пайдалану үшін олар ауданның коммуналдық мүлкінің тізбесіне енгізіледі және бағаланады.

Оларды Қазақстан Республикасының Заңнамаларында көрсетілген тәртіппен ауданның коммуналдық мүлкінің тізбесіне енгізуіді және бағалауды «Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» (ары қарай-қаржы бөлімі) коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

9. Ауданның коммуналдық меншігіне түскен жануарларды тізбеге енгізіп, бағалау жұмыстары аяқталған соң олар қаржы бөлімінің бұйрығымен тиісті аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округі әкімі аппаратының теңгеріміне беріледі де қабылдау-өткізу актісі жасалынады.

10. Қабылдау-өткізу актісі қараусыз жануарларды берушінің,  тиісті аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық (селолық) округі әкімінің, «Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» (ары қарай-ветеринария бөлімі) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, қаржы бөлімінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалынып, оны қаржы бөлімінің басшысы бекітеді.

Қабылдау-өткізу актісінде міндетті түрде коммуналдық меншікке қабылданған жануарлардың жасы, түсі, тұқымы, жынысы және күй-жағдайы көрсетілуі тиіс.

 

4. Ауданның коммуналдық меншігіне келіп түскен жануарларды ары қарай пайдалану

 

11. Ауданның коммуналдық меншігіне келіп түскен жануарлар ары қарай төмендегідей тәртіппен пайдаланылады:

1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттік заңды тұлғаларға өтеусіз беру;

2) аукцион арқылы сату;

3) арнайы жануарларды қорғау орындарына (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарынан басқасын) өтеусіз беру.

12. Ауданның коммуналдық меншігіне келіп түскен жануарларды ары қарай пайдалану тәртібін аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия шешеді. Комиссия шешімі хаттама арқылы рәсімделеді.

13. Комиссия шешімімен коммуналдық меншікке келіп түскен жануарларды пайдалану тәртібі анықталып, олар басқа меншік иесіне берілгенге дейін аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық (селолық) округ әкімі оларды бағуды қажетті жағдайы бар жеке тұлғаға немесе шаруа қожалығына келісім шартпен уақытша бағуға өткізеді.

14 .Сол аралықтағы жануарларды ұстау шығыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қайтарылады. Ол шығын есебіне мөлшері зоотехникалық нормаларға негізделген, сол елді мекендегі нарықтық баға бойынша анықталған жем-шөптің құны және бағушының еңбек ақысы кіреді. Бағушының еңбек ақысының мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы және мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлерінің бекітілген еңбек ақы төлеу жүйесіндегі мөлшерден артық болмауы тиіс. Қайтарылатын қаражаттан сол елді мекендегі нарықтық бағаға сәйкес пайдаланып отырған жануарлардан түскен кіріс шегеріліп тасталады.

 15. Ауданның коммуналдық меншігіне түскен жануарларды жұқпалы ауруларға карсы егу іс шараларын және ветеринариялық бақылауды ветеринария бөлімі жүргізеді. Ветеринариялық бақылау және жұқпалы ауруларға карсы егу іс шаралары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

16. Жануарлар бағуына берілген жеке тұлға немесе шаруа қожалығы жануалардың өлім-жітімі мен іске жарамай қалғаны үшін бұған кінәсі болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерінде жауапты болады. 

 

5. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару

 

17. Жануарлар ауданның коммуналдық меншігіне түскеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген ретте сол жануардың өзіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін жағдайлар болған кезде жануарлар бұрынғы меншік иесіне комиссия келісімімен қайтарылады,  ал келісімге келмеген кезде – сот арқылы оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.

18. Жануарлар бұрынғы меншік иесіне, сол меншік иесінен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты шығындар жергілікті бюджет кірісіне өтелгеннен кейін қайтарылады.

19. Жануарлады бұрынғы меншік иесінен қайтару туралы арыз түскенге дейін, ол жануарлар сатылып немесе өтеусіз беріліп меншік иесі өзгерген болса, оларды сатудан түскен қаржы немесе олардың нарықтық бағасымен құны бұрынғы меншік иесіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен қайтарылады. Бұл жағдайда жануарларды бағуға байланысты жұмсалған шығындар берілетін қаржыдан шегеріліп тасталады.

20. Ауданның коммуналдық меншігіне түскен қараусыз жануарларды қайтару немесе құнын өтеу бұрынғы меншік иесі және қаржы бөлімі арасында жасалынған келісім шарт бойынша жүзеге асырылады.

 

6. Қорытынды ережелер

 

21. Жануарларды сатудан түскен қаржы толықтай жергілікті бюджет кірісіне жатқызылады.

22. Жануарларды есепке алу, бағалау, сату және өтеусіз беру жөніндегі шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Б.Момышұлы ауылы                                                                                   

 

 

 

 

«Бас бостандығынан айыру орындарынан

босатылған адамдар және қылмыстық

атқару инспекциясы пробация қызметінің

есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс

орындарына квота белгілеу туралы»

 

 

          «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы                      2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының      5-5 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

            1. Жуалы ауданында барлық түрдегі меншіктердің ұйымдарына, мекемелер және кәсіпорындарына қылмыстық-атқару инспекциясы пробация  қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде квота  белгіленсін.  

            2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

            3. Квотаға сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жолдамамен қамтамасыз етуді «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырсын.

           4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің  орынбасары           Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.                

           

 

            Аудан әкімі                                                                          Б. Құлекеев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ЖОБА

 

 

 

 

Жамбыл облысының

Жамбыл және Жуалы аудандарының

әкімшілік шекараларын өзгерту туралы

облыстық мәслихаттың қосып, әкімшілік

шекаралары мен әкімшілік бағынысын

өзгерту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабына,

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 - бабына

сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Тоғызтарау ауылдық округін жалпы жер көлемі 7 584 гектар жер бөлігімен Жамбыл ауданының әкімшілік шекарасына қоса отырып,

Жамбыл облысы Жуалы, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекаралары өзгертілсін.

2. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Тоғызтарау ауылдық округіне қарасты Тоғызтарау, Құмсуат, Жаңаөткел ауылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің әкімшілік бағынысына берілсін.

3. Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшке енеді және алғаш ресми жариланғанан кейін қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                          Облыстық мәслихат

                                                                                                        сессиясының төрағасы

Қ. Бозымбаев                                                                                                      К. Шайхиев

 

 

Облыстық мәслихат хатшысы

Б. Қарашолақов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 жылғы 27 ақпан №58

 

Қаулы Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 наурызда нормативтік-құқықтық кесімдерді тіркеудің тізіліміне №1904 болып енгізілді.

 

«2013 жылға  қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен  бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне» сәйкес, жұмыссыздар үшін  қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерi және оларды қаржыландырудың көздерi бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс  айқындалсын.

2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. 

3.  Осы қаулы әділет органдарында  мемлекеттік тіркелген күннен бастап  күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.

Аудан әкімі       Б. Құлекеев.  

 

Жуалы ауданы әкімдігінің

           2013 жылғы «27» ақпандағы

№ 58 қаулысына қосымша.

 

Ұйымдардың тiзбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерi және оларды қаржыландырудың көздерi, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

 

 

Ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлерi

Көлемi мен нақты жағдайлары

Қатысушылард-ың еңбекақысының мөлшерi және оларды қаржыландыру-дың көздерi (теңге)

2013 жыл

Сұраныс

 Ұсыныс

1

Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жуалы-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Ауданның санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

5

5

2

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жасыл-Жуалы» шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Ауданның санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

30

30

3

«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті Жуалы ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

2

2

4

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жамбыл облысы Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

4

4

5

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

4

4

6

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы  Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

4

4

7

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

4

4

8

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

7

7

9

«Жамбыл облысы Жуалы  ауданы  Ақтөбе  ауылдық   округі   әкімінің   аппараты» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

4

4

10

 «Жамбыл облысы Жуалы  ауданы Билікөл  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

4

4

11

 «Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боралдай  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

4

4

12

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

4

4

13

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

10

10

14

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

6

6

15

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қарасаз  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

4

4

16

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

4

4

17

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990  жергілікті бюджет

4

4

18

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990  жергілікті бюджет

4

4

19

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990  жергілікті бюджет

4

4

20

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесі

Бекітілген учаскелерінде санитарлық тазалау

Толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша

27990 жергілікті бюджет

7

7

 

Барлығы:

 

 

 

119

119

 

 

 

 

 

Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'