http://zhualy.zhambyl.kz

Kaz     Rus   
Негізгі бетке  Кері байланыс  Сайт картасы  
Сайттың бөлімдері
Оқиғалар күнтізбесі

ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Сайттың беттері

Мемлекеттік рәміздер

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі

Банерлер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы

 

 

 

 Акционерлік қоғамы "ҚазКонтент"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Официальный сайт акимата Жуалынского района Жамбылской области с. Б. Момышулы, ул. Жамбыла 12. Телефон доверия аппарата акима Жуалынского района: +7(72635)2-15-00

Ақпарат

 

 

Ақпараттық хабарлама

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енуіне байланысты  3-бап. Мүлікті жария ету ерекшеліктері

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мынадай мүлік:
      1) ақша;

      2) бағалы қағаздар;

      3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);

      4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
      5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
      6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.
 

 Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысымен бекітілген

          Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу үшін жария ету субъектілері комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтініш;
2) өтініш берген кезде салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;   

 

Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ету үшін осы көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (нотариат куәландырған);

2) басқа тұлғаның мүлікті жария ететін жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың көшірмесі (нотариат куәландырған);

3) бағалы қағаздарды жария еткен жағдайда, бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;

4) заңды тұлғаларға қатысу үлесін жария еткен кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген мемлекеттік қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімін не шешімінен үзінді көшірме.

 

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері комиссияға осы айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттарды:

1) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын;

2) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.

 

Құжаттарды қабылдау орны Б.Момышұлы ауылы Жамбыл көшесі 12

Аудан әкімдігінің ғимараты 1 этаж 27 кабинет, анықтама телефоны 2 03 74

 

 

 

Ауданның 2013 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.

Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының негізгі бағыттарын орындау барысында жергілікті атқарушы органдарының күш-жігері аудан экономикасын нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр.

Осы орайда аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламалардың орындалуына және 2013 жылдың I- тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқтала кетсек.

Егін шаруашылығы.

2013 жылдың өнімі үшін 12,5 мың гектарға күздік бидай егілді. Индикативті жоспар бойынша 15.0  мың гектар жаздық арпа, 400 гектар жаздық бидай, 19,4 мың гектар майлы дақылдар, 1,8 мың гектар картоп, 600 гектар  көкөніс, 70 гектар бұршақ тұқымдас дақылдар егіледі деп жоспарлануда.

 Қолда бар 2,7 мың тонна арпа тұқымы зертханадан өтіп, көктемгі дала жұмыстарында егілуде. Есепті мерзімде 3,1 мың гектар жерге арпа, 200 гектарға көпжылдық шөп егілді.

2013 жылы лизинг жүйесімен 7 дана МТЗ-1221 және МТЗ-82 жаңа тракторлары алынып, көктемгі дала егіс жұмыстарына қатысуда.

 2013 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін наурыз айына 180 тонна дизельдік отын бөлініп, әрбір литрі-86 теңгеден ауыл шаруашылық құрылымдарына таратылды.

Мал шаруашылығы.

2013 жылдың 1 сәуіріне қой-ешкі 216,7 мың басқа (216,7 мың), мұйізді ірі қара 44,6 мың басқа (49,1 мың), оның ішінде аналығы 14,8 мың басқа (14,8 мың), жылқы 7,7 мың басқа (7,7 мың), шошқа 2,0 мың басқа (3,7 мың), құстар 72,7 мың басқа (75,2 мың) жетті. Сиыр, қой мен ешкі, жылқы малының саны өткен жылдың деңгейінде, яғни есепті мерзімге өсім жоқ, ал жалпы ірі қара малының басы 9,1 пайызға, құс 3,2 пайызға, шошқа басы 45,5 пайызға кеміп отыр

Мал өнімдері бойынша ет өндіру тірі салмақпен 2,4 мың тн (2,4 мың тн), сүт өндіру 6,2 мың тн, (7,4 мың тн) жұмыртқа  932,4 мың  данаға жетіп (1,3 млн.), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт 16 пайызға, жұмыртқа 30 пайызға кем алынды. Әр сауын сиырдан  474 кг(526) сүт сауылып, әр мекиеннен 29 данадан  жұмыртқа (21 дана) алынды.

Ауданда өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар ағымдағы жылдың І- тоқсанында 533,4 млн. (421,9) теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады.

 

  2013 жылдың 3 айында жеке кәсіпкерлік саласы бойынша 624,9 млн. теңгенің (619,9 млн.) өнімдері өндіріліп, қызметі көрсетіліп, сауда айналымы жасалып бюджетке 47,5 млн. теңге (46,8 млн.) салық төленді. Жалпы тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 73,2 пайыз жұмыс істейді.

      Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру.

     «КаzMicroFinance» ЖШС бөлімшесі 2013 жылдың І-тоқсанында 92,9 млн. теңге, «Жуалы Рантье» шағын несие ұйымы 30 кәсіпкерге 22 млн. теңге, Жуалы» кредиттік несие серіктестігі 3 шаруа қожалығына 4 млн. 990 мың теңге несие берді.

Бүгінгі күнде аудан көлемінде тіркелген 85 шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істейтіндер саны 40, оның ішінде белсенді жұмыс атқарып жатқандары 22, (2012 ж-27) жаңадан тіркелгендер саны 2, қалған әртүрлі себептермен уақытша тоқтап тұрған 14 шағын кәсіпорындарды сауықтыру және мүлде жұмыс істемейтін кәсіпорындарды жабуға жұмыстар жүргізілуде.

Ұн және нан өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында жасалған Меморандумға сәйкес ауылдық округтерге және наубайханаларға 34 млн. 545 мың теңгеге 735 тонна ұн таратылды.

Жер қатынастары.

        Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік жер қорынан конкурска 23 жер учаскесі қойылып, жеңімпаз болып анықталған 19 жер учаске иесіне ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы аудан әкімдігінің қаулылары дайындалды. Сонымен қатар иесіз мүлік ретінде тіркелген жер учаскелерін қайтару туралы қаулы қабылданып, 25 шаруа қожалығының 1016 гектар жер телімі мемлекет қорына қайтарылды.

Ветеринария.

Ауылдық округтер бойынша ірі қара малдарды алынған төлдерімен бірдейлендіруден өткізу,  жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу, диагностикалық тексеру және залалсыздандыру жұмыстары ауылдық округ ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесе отырып жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілуде. 2013 жылдың есепті мерзімінде 14,3 мың мүйізді ірі қараның 11,7 мың басы бірдейленіп, оның  8,9 мың басы дерек қорына енгізілді немесе 76% орындалды. Сонымен бірге, уақ малдың 46,8 мың басы жылқының 4,6 басы, 2017 басы бірдейленіп дерек қорға енгізілуде.

    Аусылға, сібір жарасына, туберкулез ауруларына қарсы тиісті вакциналар егілді.

           2013 жылы 3 айда 9465 бас мүйізді ірі қарадан сарыпқа қарсы қан алынып тексерілді 43 бас оң нәтиже көрсеткен ауру малдар толықтай сойылды.

Уақ малдардан алынған 16000 сынамадан 669 бас сарыпқа оң нәтиже көрсеткен ауру малдың 160 басы жойылды. Жойылған уақ малдарға өтем ақы Республикалық бюджет есебінен төленеді.

2013 жылы қаңғыбас иттерді жоюға 1 млн. теңге бөлініп, 1179 иесіз иттер жойылды. 

Құрылыс

Ақтөбе ауылындағы 150 орындық Ақтөбе орта мектебінің құрылысына 2012 жылға бөлінген 100 000,0 тенгенің құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен орындалды, 2013 жылға қарастырылған  297 360,9 мың теңгенің 99 804,8 мың теңгесі, Нұрлыкент ауылының ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысына бөлінген 159 645,1 мың теңгенің 53 640,7 мың теңгесі аударылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 Жаңаөткел ауылында 50 оқушыға арналған бастауыш мектеп құрылысына 211 162,8  мың тенгеге, Дарбаза-Жылыбұлақ ауылының ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысына 158 792,6 мың тенгеге,

Б.Момышұлы ауылындағы 300 оқушыға арналған орта мектеп құрылысына 502 554,6 мың тенгеге, Б.Момышұлы ауылындағы жаңа тұрғын құрылыс  алқабындағы  газбен жабдықтау  құрылысына 50 350,5 мың тенгеге жеңімпаздар анықталып, құрылыс жұмыстары басталды.

                2013 жылдың бірінші тоқсанында жалпы алаңы  2111,0 м2 –ді құрайтын 23 тұрғын үй аула құрылыстарымен бірге қабылданды. 2012 жылдың осы мезгілінде 1947,0 м2 тұрғын үй алаңы қабылданып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 105,8 пайызды құрады.

2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыстық жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі қосымша бағалаумен есептегенде 10,0 млн. теңге болып, 2012 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 3,7 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 118,4 млн. теңгені құрап, 2012 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 164,5 пайызға орындалды. Дегенмен, аудан әкімінің аппараты мен экономика бөлімінен басқа, ауыл округтері мен бөлімдер ай сайынғы 1- инвест есептерін статистика бөліміне тапсырмаған.

 Әлеуметтік сала.   Білім.

Ақпараттандыру 2012-2013 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін 42 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 854 дананы құрайды. Аудан бойынша 1 компьютерге 12 оқушыдан келеді,               42 мектепке (100%) телефон байланысы орнатылған. Мектептердің барлығы Интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең арналы интернет желісіне қосылғаны–40 мектеп (95%). 13 мектептің (30,9%) кітапханасы Интернет желісіне қосылған.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары.

2013 жылы 27 мектептің  көп балалы, жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 1100 (100%) оқушысы ыстық тамақпен тамақтандырылды. Қосымша тегін ыстық тамақпен қамтылған 1-2 сынып оқушыларынан 2300 (52,9%) (4346) бала. Жалпы аз қамтамасыз етілген балаларды ыстық тамақпен қамтуға бөлінген қаржы – 33143,0 мың  тенге 3 айда игерілуі 9537,0 мың теңге, 1-2 сынып оқушыларына 38243,0 мың тенге, игерілуі 12999,0 мың теңге.

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.

Ауданда 25 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды (24 балабақша, 1 шағын орталық), оларға 1695 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 49,5 %-ды құрап отыр (облыстық көрсеткіш-42,8 %).

Есепті мерзімде білім бөліміне қарасты 10 штаттық бірлігімен  «Аула клубы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды.

 Денсаулық сақтау

2013 жылдың 3-айына аудандық денсаулық сақтау саласына

РБ-тен  98543  мың теңге;

Республикалық трансферттен 17580,0  мың теңге

ЖБ-тен 129586,0 мың теңге, барлығы 245709,0 мың қаржы бөлінді.

Олардың ішінде  159710,8 мың теңге айлық жалақы қоры; 2300,0  мың теңге тамаққа;нақты шығыны – 2412,0 мың теңге 24512,0 мың теңге дәрі дәрмекке; 1 ауруға 550 теңге 4236,0 мың теңге коммуналдық қызметке  және 1197,0 мың теңге басқа да жұмыстар үшін жоспарланып, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Ауруханадағы 1-науқастың 1-күндік дәрі-дәрмегіне 635 теңге жоспарланып, нақты шығын 665 теңгені құрады. Ал 1-күндік тамағына 550 теңге жоспарланып, жұмсалынған қаржы көлемі 575 теңге болып отыр.

2013 жылдың 1-ші тоқсанында ана және сәби өлімі болған жоқ. Туберкулезбен науқастанғандар саны 7 адам, 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 13,5 пайыз.  (2012 жылы-7)

Спорт.

Ауданда № 12 және № 13 балалар жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді. Спорт мектептердің 92 секциясы аудан бойынша 1206 жастарды қамтып, қазақша күрес, бокс, дзюдо, таэквондо, еркін күрес, баскетбол, футбол, волейбол, гір көтеру, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, қол күресі ойындарының түрлерімен аудан жастарын дене шынықтыруға тартып отыр. 2013 жылдың І тоқсанында 62 іс-шара ұйымдастырылып  (2012 ж-55),  осы іс-шараларға барлығы 6924 адам қатыстырылды. 2013 жылдың І тоқсанында аудандық мәні бар жарыстар ұйымдастыру үшін 400,0 мың теңге, Облыстық және республикалық мәні бар жарыстарға қатысуы үшін 500,0 мың теңге аудандық бюджеттен қарастырылып, толығымен игерілді.

Ішкі  саясат

 «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатында ауданда  8 ақпараттық -насихаттық тобы құрылған.

І тоқсанда республикалық, облыстық  аудандық ақпараттық- насихаттық топтары жүйелік кестеге сәйкес Жолдау бойынша 69 жиын, 38 кездесу, 9 дөңгелек үстел өткізіліп, «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінде 18 материал жарияланды.

І тоқсанда аудан бойынша 720 мың теңгеге  38 баннер, 14 керме орналастырылды. Салық және бюджет. Мемлекеттік бюджеттің салықтары мен төлемдері жоспары 123,2 пайызға  орындалды, жоспар 240 млн. 732 мың теңгені құраса,  бюджетке нақты түскені 296 млн.  676,2 мың теңге: оның ішінде аудандық жергілікті салықтарының жоспары 153 млн. 643 мың теңге болса,  нақты түсіп отырғаны 169 млн. 938,9 мың теңге немесе орындалуы  110,6 пайыз.

Аудан бюджетінің кіріс жоспары есепті мерзімге  1 млрд. 451 млн. 991 мың теңге болса, нақты түсіп отырған соммасы 1 млрд. 459 млн 084,9 мың теңге немесе орындалуы  100,3 пайыз. Ресми трансферттер түсімінің есепті мерзімге қарастырылғаны 1 млрд. 298 млн 348  мың теңге болса, нақты түскені 1 млрд. 289 млн 146  мың теңге, немесе орындалуы              99,3 пайыз.

Аудан бюджетінің шығысы. Есепті кезеңге аудан бюджетінің шығындарына  1 млрд. 472 млн. 075 мың теңге қаржы қарастырылған, кассалық атқарылуы 1 млрд. 270 млн. 205,2 мың теңгені құрап, игерілмеген қаржы соммасы 201  млн. 869,8 мың теңге, немесе қаралған қаржының 86,3 пайызы игерілді. Трансферттер қаражаты есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 471 783,0 мың теңге, кассалық атқарылуы  289 590,4 мың теңгені құрады, игерілмеген қаржы көлемі 182 192,6 мың теңге немесе орындалуы 61,4 %-ды құрады. Оның ішінде: Республикалық трансферттер есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 226 698,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 133 841,8 мың теңгені құрады, игерілмеген қаржы көлемі 92 856,2 мың теңге немесе орындалуы 59,0 %.

Облыстық трансферттер есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 245 085,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 155 748,6  мың теңге, игерілмеген қаржы көлемі 89 336,4 мың теңге немесе орындалуы  63,5  %. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар  1 000 292,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 980 614,9 мың теңгені құрады, игерілмеген қаржы көлемі 19 677,1 мың теңге немесе орындалуы 98,0 % - ды құрады.

  Ең төмен қаржы игерілу көрсеткіші құрылыс бөлімінде -53,6 пайыз; Қарасаз а/о 66,4 пайыз Ақсай а/о 67,7 пайыз, Ақтөбе а/о 76,7 пайыз, Көкбастау а/о 78,8 пайыз.

 Бірінші тоқсанның қортындысы бойынша Күреңбел ауылдық округінде мүлік және жер салығының орындалуы 0 пайыз.

 

Әлеуметтік қамсыздандыру.

Ауданның 2013 жылы жұмыссыздық деңгейі 2,6 пайыз болып, жалпы жұмыссыз азаматтар саны - 761 құрады.

 2013 жылдың 3 айында жұмыссыз ретінде 320 азамат ресми тіркелді. Тіркелген азаматтар тұрақты және мезгілдік жұмыстармен қамтылып, о.і. уәкілетті орган арқылы бос жұмыс орындарына 135 адам орналастырылды.

Қоғамдық жұмыстағы 93 адамға 2978,0 мың теңге, 21 жастар практикасындағы жастарға 600,0 мың теңге еңбекақысы төленді.

1-сәуірге жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 185 адам.           Аз қамтылған отбасылардың жұмысқа жарамды азаматтарын жұмыспен қамту арқылы жанұяның табысын арттыра отырып кедейшілік деңгейін төмендету мақсатында, 2013 жылдың 3 айында 1,3 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға төмендеді. Бүгінгі күнге аз қамтылған отбасылар саны 710 адамы бар 130 жанұя.

 2013 жылдың 3 айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 497 адамға 2682,6  мың теңге, 18 жасқа дейінгі  балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы 4171 балаларға 21100,0 мың теңге төленді.      

   Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға жергілікті бюджеттен 2013 жылдың 3 айында     88 балаға 919 ,0 мың теңге жәрдемақы төленді.

Ішкі істер бөлімі

      Есепті мерзімде жалпы 53 қылмыс тіркеліп (2012 ж. 36), 47,2 пайызға өскен, олардан 14 қылмыстық іс өндірісімен аяқталып, ашылу деңгейі 26,4 пайызды құрады. (2012 жылы+14,8 пайыз), оның ішінде 6 ауыр қылмыс тіркеліп, 2 қылмыс ашылған, ашылу денгейі – 33,3 пайызды құрады (2012 жылы- 55,5 пайызды  құраған).

 Қолданған алдын алу шаралардың нәтижесінде зорлау, (2012 ж.-2 қылмыс), тонау  (2012 жылы – 2 қылмыс), алаяқтық (2012 жылы – 3 қылмыс), бұзақылық (2012жылы.-6 қылмыс), қылмыстары тіркелген жоқ. Наркомания бойынша 4 қылмыс тіркеліп, ашылуы 100,0 пайызды құрады. Есепті мерзімде бөлімнің жол полиция тобымен жол қозғалысының қауіпсізідігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылды. 2013 жылдың І-тоқсанында  8  (2012 ж.-4) жол-көлік оқиғасы тіркелді, 9 адам әр-түрлі дене жарақаттарын алған, 2 адам қайтыс болды. (2012ж.-0).

2013 жылдың І-тоқсанында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 139 оқиғасы анықталып, 2 209,3 мың теңге айып пұл салынды.

Аудан әкімінің орынбасары                                             А. Әділбақов

 

 

 

 

 

Аудан әкімдігінің бөлімдері мен Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округ әкімі аппараттары көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары

 
 
Мекеме атауы
 
Мемлекеттік қызметтің атауы
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген
Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
№51
31.01.2011 ж.
Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
1. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою
№394
07.04.2011 ж.
2. Семей ядролық сынақ плигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке қою
3. Мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу
4. Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар рәсімдеу
5. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау
7. Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру
8. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу
9. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу
10. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
11. Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруге және есту бойынша мүгедекетерге қолмен көрсететін тіл маманын беруге құжаттарды ресімдеу
12. Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін құжаттарды ресімдеу
 
13. Мүгедектерге санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу
14. Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу
15. Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау
Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алужәне кезекке қою
№76
08.02.2010
Жуалы ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі
1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу
 
 
 
 
№336
31.03.2011 ж.
2. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру
3. Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу
4. Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру
5. Зейнетақы қорларына, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру
6. Кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге рұқсаттар беру
7. Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру
8. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету
Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі
1. Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру
№545
19.05.2011 ж.
2. Жер учаскесіне жекеменшік құқығына арналған актілерді ресімдеу және беру
3. Жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру
4. Уақытша өтемін төлеп (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру
Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округ әкімі аппараттары
1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру
№464
29.04.2011 ж.
 
 
 
 
№283
29.03.2011 ж.
 
 
№336
31.03.2011 ж.
2. Жануарға ветеринариялық паспортты беру
3. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру
4. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу

 

 

 


 

 

Счетчик
Все вопросы, предложения и замечания Администратору проекта.
При использовании материалов сайта обратная ссылка обязательна.
© 2011 Акимат Жуалынского района
Разработано: Агентство '5-й Элемент'